Kitabı oku: «Бақбақтың балаларына. Өмір, оның құндылықтары туралы. Сондай-ақ әрине, Жел туралы!»
Перевод книги «Детям одуванчиков» (автор Дика Кара) с русского на казахский язык
Переводчик Ботагоз Смагулова
© Дика Кара, 2021
© Ботагоз Смагулова, перевод, 2021
ISBN 978-5-0055-8857-9
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Кеш түсе бастады.
Күндізгі жылу білдіртпей кешкі салқындыққа ауысты. Барлық тірі жандар әйтеуір жеңіл дем алды.
Өсімдіктер мен жануарлар ұйқыға дайындалды. Ұшпайтын жерлері жоқ шіркей кешкі серуенге шықты. Сол аралықта қарт бақбақ ұйқыға жатар алдында өзінің немерелері – кішкентай бақбақтармен әңгімелесуді жөн көрді.
– Ежелгі бақбақтар өмірдің ең маңызды құндылықтарының бірі – өзіңе таңдау жасау және Желдің сәтті бағытын таңдау деп айтатын. Мен сендерге бұлардың бәрі шартты деймін. Басты құндылық – жаныңда өсетін ата-анаңның жапырағы!
Кішкентай бақбақтар таңқалып бір-біріне қарады.
– Ата, ата-ана жапырағы – ол неге құндылық? – деп сұрады кішкентай бақбақ.
– Маңызды емес. Уақыты келгенде өздерің барлығын түсінесіңдер! – деп күңкілдеді ата. «Е-ее, әлі ертерек, өскен жоқсыңдар», – деп ойлады бақбақ, ал оларға дауыстап:
– Жатыңдар, ұйықтаңдар! Кеш болды. – деді.
Атасының сөзі кішкентай бақбақтың ойынан кетер емес, ол ұйықтай алмады:
– Ата, айтшы, айтшы енді, не туралы айттың? Ол нені білдереді? Оны айту саған неге тұрады? Даналықпен бөлісші!
– Даналықпен бе… әлде ақымақтықпен бе… – деп, жұмбақтап, көзін ашпастан жауап берді.
– Айтасың ба? – деп немересі қоймай сұрады.
– Жарайды, тыңда, – бақбақ есінеді де асықпай әңгімесін бастады.
Өте әдемі тау беткейінде бақбақтар өмір сүрді. Ізгі ниетті жандар таза ауамен және Күннің үздіксіз аналық қамқорымен ерке болып өскен еді.
Сәуір айында алғашқы қар түсе салысымен кішкентай бақбақтар бірігіп жарыққа ұмтылды, енді олар өздерінің ләззатына өмір сүрді. Оларға жануарлар, құстар және өтіп бара жатқан жолаушылар таң қала қарайтын.
Ücretsiz ön izlemeyi tamamladınız.