Kitabı oku: «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ», sayfa 3

Yazı tipi:
 
Жоқтан барды сөйлесіп, сауқым салып,
Алысты пияланы оңды-солды.
 
 
Жайма-шуақ сұм шалдың іші мықты,
Алғашқы ішкен Əзімге тез-ақ шықты.
Бір аяқ қолдан қолға дегенсініп,
Жəдігөй стаканға дəру тықты.
 
 
Онысы түн ортасы болған заман,
Сұм екен талай жанды əуре қылған.
Дəрі қосқан аяқты ішкеннен соң,
Əзім барып жығылды шалқасынан.
 
 
Сонда шал терезеден бір ысқырды,
Төрт жігіт табыт алған үйге кірді.
Əзімді сол табытқа салды дағы,
Төртеуі көтеріп ап тысқа жүрді.
 
 
Əзімді мас қып алып, шал кенелді,
Есікті жабамын деп аз бөгелді.
Артын жым-жырт қылды да, антұрған шал
Төртеуін ертіп алып, тез жөнелді.
 
 
Теңіздің жағасында қалың қамыс,
Ішінде бір кеме бар шалға таныс.
Əзімді сол кемеге салды дағы,
Тұмсығын бұрып алды шетке шалыс.
Қасында жиырма-отыз жолдасы бар,
Қаладан таң атқанша кетіп алыс.
 
 
Ел тұрды, ертең кемпір үйге кірді,
Бала жазым болғанын іші білді.
Зар ұрды, ойбай салды, не бітірсін,
Тұра тұр, өзге жайын сұрама енді.
 
 
Əзім есін жиыпты ертең түсте,
Өз басын көрді қауіп-қатер істе.
Қол-аяғы байлаулы жатыр жалғыз,
Темір шетік қапас боп тұрды үсте.
 
 
Ырғалып орнынан ол əрең тұрды.
Түрегеліп антұрған шалды көрді.
– Ақсақал адам мұндай қыла ма екен,
Анамнан мені айырып бұл нең? – деді.
 
 
– Көзіңді аш, есіңді жи, енді ойнама,
Мені сен өз діндесің деп ойлама!
Мен отқа шоқынамын, дініме көн,
Менде бардың бəрінен қауіп ойлама!
 
 
Егерде көнбей қалсаң, наданшылық,
Əр күні сізге дайын бір жүз шыбық.
Мың жаның болса дағы құтылмайсың,
Табылмас енді менен майда қылық.
 
 
Бала айтты: – Дінім үшін жаным құрбан,
Жаннан қорқып, отыңа мен бас ұрман.
Дінім хақ, ісім ақпын, өлсем шəйіт,
Қорқады деп үмітті үз сен антұрған.
 
 
Баланың бар киімін шешіп алды,
Жүз қамшы арқасына дүре салды.
Қыңқ етіп бір дыбысты шығармады,
Азырақ талмаусырап, нашарланды.
 
 
Мұнысын жаратпады қадір сұбхан8,
Көк бұзылып, жер жүзі болды топан.
Байлаулы бала жайға қала берді,
Кемемен əуре болды көп антұрған.
 
 
Түн бойы ұйықтамады бір де мызғып,
Су сарылдап құйылды кемені ырғап.
Отыз құлы таусылды табанынан,
Су төгіп таң атқанша ол сарпылдап.
 
 
Отыз құл ақылдасты басты қосып,
Өлеміз деп ойлады жаннан шошып.
Бір шеттен бір жағаға келе жатқан
Кəрі иттің ұстай алды алдын тосып.
 
 
– Ақсақал, іс қыласыз ойланбастан,
Жаннан қорқып қашпаушы ек қара тастан.
Құдай сүймей, бұл істі бізге салды,
Қолын шеш, ризалық ал мына жастан.
 
 
Қолын шеш, ризалық ал, кісенді бұз,
Шапсаң айт, көнесің бе, уақыт тығыз.
Бұл сөзге көнбей қалсаң, ақыр өлдік,
Сені суға тастаймыз отызымыз!
 
 
Сонда шал мына сөзге аң-таң қалды,
Не қыларын біле алмай, аз ойланды.
Пішінін отызының байқаған соң,
Баланың қол-аяғын шешіп алды.
 
 
Мойнынан шырағым деп құшақтады,
Көзінің ағып жасы, бұршақтайды.
– Шырағым, мастықпенен қылыппын, –  деп,
Əуелгі сөзден танып жəне алдайды.
 
 
Əзім жас, ақ бейілдеу адам еді,
 
8.Сұбхан (арабша) – Алланың есімдерінің бірі, бұл жерде күшті құдайым деген мағынада.
Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
26 şubat 2017
Hacim:
9 s. 1 illüstrasyon
Telif hakkı:
Public Domain
İndirme biçimi:
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Ses
Ortalama puan 5, 1 oylamaya göre
Ses
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Ses
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 3 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 1 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 2 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,6, 27 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,4, 51 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,7, 38 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,5, 89 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,8, 59 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,4, 27 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,6, 119 oylamaya göre