Kitabı oku: «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ», sayfa 2

Yazı tipi:

Үйректi Асан:

– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:

– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақ тiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.

– Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуi бiр өзен-судың бойына жеттi. Су iшiп сусындарын қандырған соң Үсен айтты:

– Ендi бiр тамақ пiсiрiп желiк. Асан:

– От жоқ, неғылып пiсiрiп желiк? – дедi.

Үсен үндемей су жағалап жүгiрiп кетiп, бiр шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiр кiшкентай жыртылған жерiнен аз ғана мақта суырып алып, оны тастың үстiне қойып, бәрiн бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып едi, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына аз ғана тезек үгiп салып, Үсен өзi отты үрiп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жiбердi. Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiң жүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiк iстеп, үйректi отқа қақтады. Пiскен соң екеуi де жесiп, тойып алысты.

Тамағы тойған соң көңiлiнен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгiрiп кеттi, бiр мезгiлде дауыстады:

– Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп.

Үсен оған қарамай баяғы жүрттан тапқан иненi отқа салды. Ине бiраздан соң оттың күшiмен ерiп, қызарды, сол уақытта пышақпен иненi алып, ептеп идi, қармақ iстедi.

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
26 şubat 2017
Hacim:
5 s. 1 illüstrasyon
Telif hakkı:
Public Domain
İndirme biçimi:
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 1 oylamaya göre
Ses
Ortalama puan 5, 1 oylamaya göre
Metin PDF
Ortalama puan 4,8, 14 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 0, 0 oylamaya göre
Ses
Ortalama puan 1, 1 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 3 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,4, 18 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 5, 4 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,8, 6 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 3,8, 8 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 3,7, 6 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,3, 6 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,8, 10 oylamaya göre
Metin
Ortalama puan 4,7, 3 oylamaya göre