Kitabı oku: «Барби Бану», sayfa 5
14 – бөлім
Соңғы күндері үйге келгіштеп кеткен балаға Айымкүл де зер салып қарай бастады. Өйткені қызының қыңыр мінезін біледі ғой ойда жоқта аяғын тағы да шалыс баса ма деп қорқады. Бірақ тап қазір Бану қыз ақыл тоқтатқан, бұрынғыдай еркек десе емешегі езіліп тұратын жаста емес. Әне міне дегенше отызға толады. Оның үстіне ақшадан проблемасы жоқ. Өз тапқаны өз өзінен асып жатыр. Дегенмен мына бала қызымен бас қосып жатса құба – құп екен. Себебі жас шамалары қарайлас, өзі де сыр сымбаты келіскен жігіт. Былайша айтқанда Банудың нағыз сыңары болатын жігіт. Сөзді нақтап сөйлейді, артық күлкі қиғаш оғашы жоқ. Тіпті анда – санда оң қабағын қаққаны әлдекімді еске түсіреді екен. Енді жұмыр жүрек секем алған соң қайтсін Айымкүл апай келесі келгенде осы баламен ашық сөйлесем деп шешкен. Өйткені қазақ бұрыннан да болашақ құдалары жайлы ұзынқұлақтан болса да біліп отырған. Ал мына жігіттің келгіштеуіне қарағанда қызының сенімді өкіліне айналған сияқты. Себебі соңғы күндері бұл жігітті дүкен тауарына да жұмсап алады. Тіпті телефонда ананы ала салшы, мынаны төлей салшы деп бұйрық беріп, Бану отырады. Мұның бәрін байқап жүрген анасы екеуінің арасында бір құпияның барын айтпасада түсінген еді. Міне сорлы ананың сол ойы шындыққа айналғалы қашан. Өйткені жігіт қызды, қыз жігітті ұнатып араларында ұшқын пайда болғанды. Әрине екеуінің де бастары бос адамдар. Қыз ғой біраз еркекке қылығын көрсетіп үлгірген. Ал жігіт әлі сүрбойдақ, үйленбеген. Өткенде ол бір сөзінде Бануға ақтарылғаны бар.
– Үйде әкем бар, сосын аурушаң анам бар. Өзімнен кейін бір қарындасым бар. Әкем анамнан алыстап шыға алмайды, сол үшінде жұмыста жоқ. Ал қарындасым студент оның оқу ақысы бар. Қысқасы осының бәрі менің мойнымда деп мұңын шаққан. Әне сол әңгімеден кейін екеуі сырлас боп аралары онан сайын жақындай түскен. Тек көпті көрген қу қыз құшағына құлай кетуден қорқып ойланып біраз жүрді. Бұл дегенің аузы күйген үрлеп ішедінің кебі. Қашан ақ некеден өтіп, ақ босағаны аттамағанша жігітке жоламаймын деп ант су ішкен. Оның сыры белгілі ғой тап осы жүрісте қарны қампайып шыға келсе анасы Айымкүл күйіктен өлер. Сол үшін де мына жігітті үгіттей бастаған.
– Егер де әке шешең қарсы болмаса, мен саған кет әрі емеспін. Қазақтың азаматы есебінде маған ұнайтының рас. Айттым ғой бұрын тұрмыста болғанмын, тұз несібеміз жараспаған соң қазір басым бос. Жалпы мен өткен өмірімді есіме алғым келмейді. Ол жайлы жақ ашпаймын десең мен ойланайын деп үміт берген. Бұл сөзге жігіт не десін, әрине деп қоштай кеткені бар. Себебі өзі жас, өзі сұлу әрі жеке бизнесі бар Банудай қызға қай еркек болмасын есі кетері анық. Ал қыздың ары қыз пәктігі деген ол бұрында болған. Қазір ол жайлы ойлайтын заман емес. Қазір досың да дұшпаның да қолыңмен қалтаңа қарайтын заман. Міне осыны білетін жігіт Бану қызға онан сайын ынталана түскен. Осылайша екеуінің арасында махабат пайда болған. Сонымен бәрін қойып сөз соңын үй құрылысы біткенде үйленетін боп шешкен. Бірақ мұны Айымкүл апай білмейді. Жүрегі ғана секем беріп жүр. Ал неден секем алады оны өзіде түсінбейді. Әйтеуір мына жігіт біреуге ұқсатты да тұрды. Қас қаққаны енді онан сайын үрейлендіре түсті. Сонымен міне, есіктен кірген жігітті шәйға шақырып үстелге отырғызды. Сонан соң жәй басып жүріп ананы, мынаны сұрай бастады.
– Балам сен өзің қай жақтың баласысың, елің не. Әке шешең барма, жасың қаншада шәй қайнағанша әңгіме болсыншы? Жалғыз өзіме шәй батпай отыр еді деп қасына келіп қисая кетті. Бала не десін, елімен жерін қоса айтып сал боп қалған шешесінде сөз қылды. Тіпті анасына қарап үйінде отырған әкесінің аты жөнін айтып телефондағы отбасылық суретін көрсетті. Мұны көргенде ана жүрегі тоқтап қала жаздады. Ал телефонына шұғыл қоңырау келген жігіт шәйға қарамады. Кешіріңіз, кетуім керек деп нан ауыз тидіде сыртқа жүгірді. Оған тоқта деп айтуға ана жүрегі дауаламады. Осылайша Айымкүл ана ширек ғасыр өткенде өз күйеуін көрді. Көргенде де бір ұл, бір қызы бар бақытты отбасын көрді. Жүрек құрғыр қан жылап тұрды. Өмірінде өшпестей із қалдырған еркекті әлі де ұмыта алмағанын түсінді. Сол сәтте көз алдынан студенттік жылдары жүгіріп өтті. Өз группаласы болған осы Мұхтарға өлердей ғашық болғанын есіне алды. Соңынан тұрмысқа шығып, екі жас маман қол ұстасып сол кездегі Жамбылға аттанды. Соңынан тұз несібесі жараспай жолдары қақ айырылды. Оған себеп сымбатты жігіт Мұхтарға ауданнан бір хатшы қыздың көңілдес болуы себепші еді. Қызғаныш деген қызыл ит жанын жеп тыным бермеді. Ақырында айқай – шу, ұрыс – керіс көбейді. Оның үстіне ішкілікке бір табан жақын еркектен ертерек құтылсам деп те ойлады. Тіпті бұл еркек үшін жастық дәуреннің бір елесі екенін де ескермеді. Қайран жиырма бестің жұмбағы боп қаларын білмеді. Сол үшін де сөмкесін арқалап көшеге шыққан еркекке қайт демеді. Мені шын сүйеді, қашан болмасын қайтып келеді, деп нық сеніммен жүрді. Бірақ қатыннан қатты көңілі қалған еркек қайтып есік ашпады. Тіпті хабарын алмады, іздемеді, қоңырау да соқпады. Ал сағыныштан сарғайған ана Мұхтарсыз өмір сүре берді. Қайта тұрмысқа шығуды ойламады. Осылайша жалғыз қызды құшақтап жүріп ширек ғасыр өткенін білмей қалды. Бұл енді Айымкүл үшін өмір бастамасы ғана еді. Өйткені бәрінен бұрын бұл жайлы Бануға айту мұң болды. Қалай айтсын не деп айтсын. Мына бала сенің бауырың десін бе? Араларында жақындық барын байқаған, құрсын құшағына құлап үлгірген болса ше. Бұл дегенің енді сұмдық қой, Құдай кешірмес күнә. Егер солай болған болса осының бәріне жүзіқара Айымкүл кінәлі. Қайран дүние, қай қайдағымен табыстырып сұм тағдырдың бұл не сыйы маған? Өкініштен өзегі өртенді. Е, Алла, абыройымнан айыра көрме, деп жалғыз қалып еңіреп жатты.
15 – бөлім
Мына сөзді естігелі Айымкүл апайдан күй кетті. Содан кешке дейін тағат таппай Бануды күтумен ғана болды. Ал Бану ғой келер бірақ Айымкүл оған не дейді, не айтады. Жалпы қалай айтады, қалай жеткізеді. Әрине бұл сырт көзбен қарағанда оп – оңай ғана оқиға. Ал шын мәнінде мұндай тағдырдың тәлкегіне түскенде кез – келгеннің еңсесін езіп жіберетін оқиға. Өйткені қарашы, арадан қаншама жыл өтті. Тіпті заманы өзгеріп алысты жақындатқан ұялы телефондар пайда болды. Әлеуметтік желілер пайда болды. Әртүрлі сайттар пайда болды. Демек бұл заманда іздегеніңді табу түкке де қиын емес. Тек тірі жүрсе болғаны ол адам табылады. Бірақ осы өткен жиырма үш жылда Айымкүл апай күйеуін бір ретте іздемепті. Қатыннан көңілі қалған еркек бас сауғалап кеткеннен хабарсыз кетіп, ол да іздемеді. Сонда да Бану үшін сұрқия тағдырдың сыйы бітпеді. Ол міне мына бүгінгі оқиға. Сезім құрғырды сезіне бастаған адамың өз бауырың боп шықса не болмақ. Мұнан өткен масқара бар ма?! Ал Айымкүл апайдың құдайдан тілеуі біреу ғана. Ол мына көгермегір қу жалғыздың мына баладан арының таза болуы. Айтып болама онсызда о бастан ылаңы көп қызынан қатты қауіптенгені рас. Қазіргі жастарға сенім жоқ, олар үшін о заманғыдай махаббат маңызды емес. Маңыздысы ақша ғана. Міне, осыны ойлаған ана байғұс есіктен кірген қызын құшақтап алып еңіреп берді. Ештеңе түсінбеген Бану болса сорлы ананы айналып толғанып не болғаные сұрап әлек. Осылайша екеуіне де сын сағаты туды. Ал асхананы меңзеген ана қызын сонда жетеледі. Көз жасын сүртіп үстелге отырды. Содан таңырқап тұрған қызына қарап ширек ғасырлық құпияны ақтарды.
– Қызым, мына жігіт кім айтшы деп сұрақ қойып сөзін бастады. Сорлы қыз не десін.
– Жұмысшы ғой, жәй құрылысшы, не болды мам деп шәңк ете қалды.
– Жәй құрылысшы болса болар. Бірақ қызым менің, қызғалдағым менің. Тек төсектес болдық деп айта көрмеші маған. Тіпті арамыз жақын деп те айта көрме. Егерде солай болса онда мен тап қазір өле салайын. Өлімнен ұят күшті деген осы екен. Әй, қу тағдыр сынағыңнан сүрінбесек екен, қызым сен сүрінбесең екен деп налып айқайлап жылап берді. Ал бұған сорлы қыз не десін, оның ойы бөлек. Оның ойында бұл үйге не дәуқара келіп кетті не дипломат ағасы келіп кетті. Сол екеуінің біреуі ғана. Басқа қорқатындай дәнеңе де жоқ. Ұрының арты қуыс деген осы болар. Қауіп сол екеуінен келуі мүмкін. Өйткені оның екеуіне де кезінде бала сенікі деп ауыздарын аңқайтты емес пе. Қысқасы, қыздың іші алай дүлей боп не болғанын түсіне алар емес. Ал өксігін баса алмаған ана жарытып ештеңе айталмай отыр. Бірақ бұл қашанғы жалғассын, ана байғұс тағы да сөзге көшті.
– Қызым, мына балаға жолама бұл сенің туған інің, бауырың. Бүгін түсте келгенде бәрін сұрап білгенмін. Әйтеуір көзқарасы, оң қабағын қағуы бәрі – бәрі әкеңе ұқсап жүрген. Кешір мені, ішіме сыймай сұрап алдым. Күдігім күмән келтірмепті жарықтық. Әкеңнің жас кезі, құйып қойғандай көшірмесі өзі. Міне, мұны білгенде төбемнен жай түскендей отырған жайым бар. Ал енді араларыңда не барын білмесем де Алладан сұрағаным сенің арыңның таза болғаны. Масқара қызым, масқарамыз шықпасын. Ия, қызым, ия, таң қалмағайсың бұл сенің туған інің. Бұл сенің әкеңнің баласы, екеуіңнің бойларыңдағы қандарың бір. Міне, барлық әңгіменің төркіні осы деп барып Айымкүл ана бір ақ тоқтады. Ал Бану болса бұл кезде басқа бір ғаламға еніп кеткендей күйде еді. Себебі, бұл балаға деген сезімі әлдеқашан оянып сүйіп қалғаны бар. Тіпті көлік ішінде отырып талай рет сүйісіп талай рет аймаласқан. Дегенмен құдайдың өзі сақтаған екен, қипақтаған балаға ақ босағаңды аттамағанша ол жайлы сөз айтпа деп бірнеше рет бетін қайтарған. Мұндайда жігіттен не кінә, құлындай қыз құлай кетсе тақымға салмақ ойы болған. Дегенмен еркекті кешіруге болады. Көрікті қыз көзін сүзсе кез келген еркек белдігін үзе салмай ма. Бірақ әбиүір болғанда белден төмені аман. Міне, бұл да бір періштенің қаққаны десек, Бану қыз қазір бұрынғы Бану емес. Қазір ес жиып ақыл тоқтатқан ақылды қыз. Қайран – ай жастық па әлде мастық па ол заманы өтті ғой. Тіпті қайнары да қаймағы да жоқ кәрі шалдың көлік үшінде құмарын басқаны есінде. Құдайдың өзі кешірсін осы күнге жетем дегенше қу басынан нелер өтпеген қыз бұл. Тіпті бір күнде үш еркектің ебін тауып өз орындарына қойып қойғаны бар. Соның бәрі тап қазір көз алдынан қаз қатар боп өтіп жатыр. Ал жүйрік қиялы құрғырың жүрегін езіп барады. Енді қайтпек, әрі қарай не істемек, ес жия алар емес. Өйткені шынымен де өз бауырына өлердей ғашық болғанын қарашы. Әттеген – ай анамның мына сөзі жалған болса екен дейді. Сосын мына солтүстігіңмен шығысыңның шорқақтығы тағы бар. Себебі Бану жігіт Асқардан ру сұрамады емес, сұрады. Ол бала болса міңгірлеп шыға келді. Сонда бұл сорлы өз руында нақты білмейтін болғаны ғой. Негізі Өскеменіңнің бәрі осы. Ауыл аймағын қайдам ал қаласы нағыз қараңқалғыр қала. Өйткені бұл қалада жастар жағы ру сұраспайды, сұрасса да бір атадан әрі аспайды. Міне, бұл соның себеп салдары. Соңы осындай опасыз тағдырдың құрбанына айналады. Ал негізі қазақ деген дана халық қой, жеті атаға дейін қыз алыспай, ұрпақ тазалығын сақтайды. Бірақ не десекте Бану үшін болары болды, бояуы сіңді. Демек өткенді ұмытып бәрін жаңадан бастамаса болмайды. Онсыз да бұл қыздың ұмытылмай жүрген құпиясы көп. Міне осыны ойлаған Бану орнынан тұрып үстелде жатқан телефонына жармасты. Содан дірілдеген саусақтарымен Асқардың номерін терді. Ал зуылдаған гудок көпке бармай арғы жақтан, жігіттің даусы шықты.
– Да жаным, айта бер. Сағынып қалдың ба не дейді. Мына сөзді естіп күрсінген қыз қалтырап кетті.
– Тез үйге келші, сенімен сөйлесетін шаруа болып тұр деп тұтқаны қоя салды. Әрине, жаным, әрине деген жігіт жауабын да күтпеді. Осылайша бір сұмдықты сезген жігіт көлігіне жүгірді. Осыдан соң қыз үйінде тыныштық орнады. Алла деп аңыраған ана өз бөлмесіне тартты. Басын ұстаған Бану мұңға батты. Алайда арадан жарты сағат өтпей есік қағылды. Сүйретіліп барып есік ашқан қыз бұрынғыдай ернін ұсынбады, құшағын да ашпады. Тек асханаға кіргізіп анасына шақырды. Бірақ бейбақ анадан хабар болмады. Өйткені ол сорлының баланың бетіне қарауға шамасы жетпеді. Сол үшін де барлық оқиғаны бастан аяқ Банудың өзі баяндап көз жасын көл қылды. Мұны естіген жігіттің тұла бойы мұздап сала берді. Жұмыр жүрегі мәңгіге тоқтап қалғандай болды. Бірақ тағдырына жазғаннан озған адам жоқ. Басқа салса бәрін көресің. Көресің де көнесің. Осылайша қызбен жігіттің жолы қақ айрылды. Екі жас бірі біріне қарайтын бет болмай бастарын төмен салды. Алайда үнсіздікті жігіт бұзды, есті де ақылды бала ғой.
– Енді бізге өкінгеннен пайда жоқ. Кешіріңіз мені, Алла сізді де кешірсін. Айтайын дегенім, әкемнің көңіл күйі болмаған күні анам маған айтушы еді. Әкеңнің ішінде мұң бар. Әкеңнің Тараз жақта әйелі болған, сонан бір қызы бар. Бүгін сол қызын сағынып отыр деп сыбырлаушы еді. Сол қыз сіз болдыңыз ғой. Сізді ғой білмеймін ал мына менде арман жоқ, өйткені мен сіздерді таптым. Шынымды айтсам қуанышым қойныма сыймай тұр. Енді бізге өткенімізді айтудың қажеті жоқ. Сізде өкінбеңіз әпке, арыңыз таза ғой. Тап қазір мен әкеме қоңырау соғайын, сөйтіп сүйіншісін алайын. Естісе анамның да қуанышында шек болмас. Әттең, анам менің сөйлей алмайды, төсек тартып жатқанына біраз болды деп сізге айтып едім ғой есіңізде ме деп сағатына үңілді. Бірақ сағат тілі кеш боп кеткенін ескеріп телефонын қайта салды. Ал мына жігіттен әпке деген сөзіне күтпеген жерден Банудың жүрегі елжіреп сала берді. Қысқасы әп – сәтте сезімдері сөніп, өзара бауырластық басталды. Ал ақылды жігітттің сөзін естіп Айымкүлдің де төбесі көкке жетті. Көз жасын көл ғып жатқан, енді оның жүзіне күлкі үйірілді. Осылайша болашаққа деген үміті қайта оянды. Бәрінен де бұрын жасында сүйіктісі болған Мұхтарды көргісі келді. Әу дегенше болмады арманмен қиял қосақтасып алысқа жетелей жөнелді. Соңында ширек ғасыр деп күбірлеп барып бір ақ тоқтады. Әрине Айымкүл апай Мұхтар жайлы ешқашан ағынан жарылған емес. Тап қазір соның сәті туды. Оның үстіне мама, мам келсеңізші. Енді сіз мағанда мама боласыз деген бала даусына атып шықты. Міне осыдан кейін екі баласына ақ жүрек ана ағынан жарылды…
16 – бөлім
Ұнжырғасы түскен үшеуі сол түні үш түрлі ойға батты. Бірақ бұған бәрінен бұрын Айымкүл апай қатты қуанды. Қуанбай қайтсін баланың айтуына қарағанда Мұхтары мұны әлі де іздейді, сағынады. Тіпті кейде қызым бар деп амандығын тілеп, сөз қылады дейді. Демек жиырма үш жыл өтсе де Мұхтар мұны ұмыта алмаған. Бұл соның қуанышы. Ал сен балам кетпейсің, осында қаласың, сен енді менің баламсың дегенді Айымкүлден естіген Асқардың қуанышында шек жоқ. Өйткені, ана аузынан мұндай жылы сөзді естімегелі қай заман. Құдайдың қалауымен өз анасы тілден қалып оң аяқ оң қолы істемейтін тірі өлікке айналған. Оған қарап бабын жасап отырған әкесі ғана. Әкесі демекші, әкесі қандай еді нағыз еркектің сұлтаны еді. Тек соңғы бес жылда қою қара шашын ақ қырау шала бастады. Оның себебі баршаға белгілі, ауру анамен арпалысқан өмірі. Сонда бұл баланың әпкесі алдында ұятқа қалып өкінгені болмаса мұныңда төрт құбыласы осымен түгенделді. Енді ол жайлы сөз қылу түгі ойлаудың өзі ұят. Ал өз бөлмесіне кіріп өксігін баса алмаған тек Бану ғана. Өкініштен өзегі өртеніп тұр. Өйткені ұнатып қалған жігіт өз бауыры екенін естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Әлі де сол күйден айыға алмай жатыр. Сай санасы жан жақта басы мең – зең. Дегенмен ақылды бала ертесіне ақ бәрін өз орнына қойып үлгірді. Еркек емес пе таңғы шәйға тұрғанда анасы Айымкүлмен алдағы жоспар жайлы ақылдаса бастады. Тіпті бұл бала өз әкесіне түнде ақ қоңырау шалғысы келген алайда мұндағылар естерін жисын деп кейінге қалдырған. Ақылды десе ақылды ғой өзі, бүгіннен бастап сіз де менің мамамсыз деп алып әңгімеге көшті.
– Өз анамның ауырғанына бес алты жыл болды. Әкем соған қарайлап үйден шыға алмайды. Мен бұл жайлы әпкеме айтқам. Сосын міне мына фотоларға қараңызшы. Бұл менің жан дегенде жалғыз ғана қарындасым, аты Айымгүл. Қазір студент, Өскеменде жоғарғы оқу орнында оқып жатыр деп барып бір ақ тоқтады. Қыздың атын естігенде өгей ана селк етіп ойға батты. Өйткені қыз аты өзімен аттас. Тек Айымкүл емес Айымгүл дейді, сонда адасқаны бір әріп қана. Демек мұнысы жәй ғана кездейсоқтық емес, мұның атын Мұхтардың өзі қойған болып тұр. Шіркін, мен ғана ұмытпадым ба десем олда ұмытпаған екен ғой. Қайран махаббат. Қайран босқа кеткен 23 жыл. Құрдымға кеткен жастығым деп өкінген ана телефонға үңіле түсті. Астапыралла, көргенімнен көрмегенім көп екен ау. Бануымнан аумайды ғой, аумайды. Құдды бір құйып қаптап қойғандай. Мұншама да ұқсастық болар ма. Е жаратқан Ием, құдіретің күшті құдайым. Тап қазір-ақ ұшып барғысы келіп тұр. Міне, ана жүрегі деген осы, бала дегенде бәрін ұмыта салып Бануды шақыра бастады.
– Әй қызым, қызымка. Мына сіңліңді қарашы. Аумайды ғой сенен аумайды, ешқандай айырмашылық жоқ. Тіпті бар ғой қызым, аты да менімен аттас екен, қарашы деп телефонды алып қызына жүгірді. Бұл біріншіден мына фотоны қызына көрсету болса екіншіден көңілін аулап сөзге тарту еді. Осылайша ақылды ана мен ақылды бала Бану қызды сөзге қосты. Бірақ мына кісінің аты Айымкүл екенін естігенде балада таң қалды. Осы үш айда бұл үйге қанша рет келсе де атын сұрамапты, бұл ешқандайда сәйкестік емес. Қарындасымның атын әкем қойған. Демек сізді әлі де сүйеді екен деп айтып салды. Міне осыдан соң үшеуінің де жыртығы жамалып, төбедегі келді. Бірін – бірі бұрынғыдай жатырқамай өзара ақылдаса бастады. Ең бастысы ұл мен қыз қосылып анаға қолқа салды.