Kitabı oku: «Жетісу суреттері», sayfa 6

Yazı tipi:

Жер түгі

 
Ағашта өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар;
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Биікте бітед шөптен сарыкүйік,
Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп,
Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп,
Албандар қоныстайды құстай биік.
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік,
Аңшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра қисық иық,
Балдырған, уқорғасын, атқұлақты
Елік жүр сонысында соны қиып,
Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр.
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.
Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ,
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ,
Ішінде сол қурайдың сұлу солар,
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінед жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Өріске біткен осы өңкей сүтгің
Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:
Қалақай қара тарғыл ол айтқаным,
Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.
Өзге жан өмірі оған жоламайды,
Төңбекшіп түйе жесе қалар құлап.
Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,
Атқұлақ Тасарықтың тарысындай
Үш қырлы, сұлу сырлы айылқияқ,
Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай.
Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,
Саржағал сәлемдесед танысындай.
Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,
Шалма орап мұсылманның абызындай.
Құс таңдай самал соқса сыбырласад,
Әзілді әйел, ажын-абысындай.
Солармен судырласып ойнайды жел,
Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.
Неше елді аттандырған құтгы қоныс
Әлі тұр әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай!
 
1925

Türler ve etiketler

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
22 ocak 2017
Yazıldığı tarih:
1925
Hacim:
7 s. 1 illüstrasyon
Telif hakkı:
Public Domain
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu