Kitabı oku: «Қызыл кітап», sayfa 2
Yazı tipi:
Ұяламын қарауға шағалаға.
Мылтық ұстап шалқарды жағалама.
Құстың зарын естісе
Не демекші
Саған ана мына жер –
Маған ана?!
Ұяламын аң аулап бел асқанға.
Түсінбеймін сол үшін таласқанға.
Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға!
III
Арқар атып,
Қалайша тойламақпын?!
Хабар оқып əртүрлі ойға баттым:
Тегі құрып,
Тігерге тұяқ қалмай,
Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!
Көрем десең көлге бар,
Далаға бар.
Жердің де бір уəжі бағаланар.
Аңшы көрсе
Жиналып,
Төбесіне
Шығарыпты саңғуды шағалалар.
Бітсе керек ойланыс,
Толғаныстар.
Қауіп қазір ормандар,
Ну қамыстар.
Қандары əбден қарайып,
Ашу қысып,
Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.
Əшкерелеп сұмдықты жарық түндер,
Жасырады қабағы жабық күндер.
Содан бүлік шығарып,
Кей қонысты
Тып-типыл ғып кетіп жүр алып пілдер.
Бауырлар-ау!
Кесесің неңді қырқып?
Кей орманның орнында қалды бір түп.
Қонатын жер,
Ұшатын аспан аздай,
Самолетке шабатын болды бүркіт.
Болса болар шаруасы бұрыс кейде,
Түзетуге оны адам кіріспей ме?!
Туысқанның қолынан өлгеніңше
Өзіңді-өзің өлтірген дұрыс дей ме?!
Амалсыздан…
Көрсетіп батыр қылық,
Киттерің де шығарды ақыр бүлік:
Өзін-өзі лақтырып ақ қайраңға,
Өз еркімен өздерін жатыр қырып.
Алсақ солай барлығын майып етіп,
Тағар бізге Болашақ айып етіп…
Оны ойлайтын ақымақ па?
Той-думанда
Былшылдатып жеп отыр аю етін!..
…Өлгеннен соң күн де жоқ
Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ,
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Бəрі-бəрі олардың қырылыпты,
Біздер мына – бүгінде тірі мықты.
Мамонттарды жоқтауға тиісті адам,
Жоқтар болса түбінде ірілікті.
Қаншама аңды өлтірдік қамап түзде?!
Сағынады оларды алап күзде.
Қай кезде де
Болуға тиіс енді
Мамонттардың апаты сабақ бізге!
Бар тағдырдың тағы да,
Тағы алары.
Өсті мамық,
Терінің бағалары.
Мамонттардан дегенмен сүйек қалды,
Басқалардан белгісіз не қалары?!
Бұдан былай адамдар болмақ па абай?!
Безген бақыт оралып қонбақ па оңай?!
Тола жатар орыны топастардың,
Мамонттардың орыны толмақ қалай?!
Осындайда ақында тіл қышыған.
Жатыр талай бүгінде жер құшып аң.
Ал ғаламшар жоқтайды мамонттарын
Айырылған анадай тұңғышынан.
Қырдан безбе, бауырым,
Нұрдан безбе!
Жылататын жайттар бар жырдан да өзге.
Türler ve etiketler
Yaş sınırı:
12+Litres'teki yayın tarihi:
23 ocak 2017Hacim:
7 s. 1 illüstrasyonTelif hakkı:
Public Domain