Kitabı oku: «Қызыл кітап», sayfa 3
Yazı tipi:
Жиһан қамын жамылып жоқтау керек
Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде!
Ойлаймыз деп бір кезде қамын бастың,
Ей, адамдар, достастың,
Қауымдастың.
Асын беру мамонттың керек енді
Жылын берген сияқты ауылдастың.
Жылататын жайттар бар жырдан да өзге
Қырдан безбе, бауырым,
Нұрдан безбе!
Мамонттарды ел болып жоқтау керек
Мамонттарша жоғалмай тұрған кезде.
V
Ойран салған сайғақтың өрісіне
Қауіптірек сібірдің бөрісінен
Кейбіреулер
Сыйлайды саудагерге
Папка жасап ақбөкен терісінен.
Ми дарымай, біреуге пұл дарыған,
Аямайды пұлын ол ұлдарынан.
Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардың
Қымбат емес кейбірі былғарыдан!
Қариды деп ұяттың өрті бізді,
Біз, əрине, бұзбаймыз сертімізді.
Аямайды
Аң түгіл өзіңізді
Алу үшін ондатр бөркіңізді!
Аңдар бастан кешкенді –
Дала кешпек.
Тарих мұңын
Ертеңге ала көшпек.
Еліне де,
Ерге де пайдасы жоқ
Ешкі қыздың үстінде лама бешпент.
Көкпеңбек боп көктемде қыр жайқалды
Бірақ анау мөлдірде кір шайқалды.
Крокодильдің терісі
Кейбір елде
Сөмке боп жүр қолында бір сайқалдың.
Жөні бөлек, əрине, жүйелі істің.
Кейбір завод бірақ та күйе құсты…
Желкілдеген үкі үшін
Қалды адамдар
Жете жаздап түбіне түйеқұстың.
Қиын болған тағдыры бұл құсыңның.
Қоя алады жасырып қылмысын кім?!
Аяғында жатады ақсүйектің
Терілері барыстың
Ілбісіннің.
Азаматтан,
Ақылды дос ағадан
Не тыңдайды құлағы тосаң адам.
Оған салсаң,
Кəдімгі аң патшасын
Бөстек күйде көресің босағадан.
Кейбіреулер сұмдықты кəсіп көріп.
Жүр бүгінде базарға тасып тері.
Біздер үшін бұғылар
Сырқыратып
Мүйіздерін келеді кесіп беріп.
Кінəліміз жасымыз,
Кəріміз де:
Зауал болар аңдардың зары бізге.
Əжеміз де кетеді əйел десек,
Адам десек кетеміз бəріміз де!
Əй, адамдар-ай!
VI
Ұстағандай тұтқасын əлдененің,
Кейбіреудің көрсеңіз дəндегенін?!
Құсты айтасыз,
Сөз боп па құс дегенің?!
Аңды айтасың,
Сөз боп па аң дегенің?!
Шүкір! Шүкір!
Сұмдықтан Далам аулақ.
Сол Далада өседі балам аунап.
Бірақ, бірақ,
Кəдімгі осы адамдар
Адам сатқан бір кезде,
Адам аулап!
Керек еді жазалау əңгілерді,
Кім тыңдаған ол кезде мəн білерді?!
Құл сатушы кəззəптар
АҚШ-ына
Торға қамап жеткізген зəңгілерді.
Айдаһарға дауа жоқ жеті басты!
Кейбіреудің одан да ақылы асты.
Адам емес,
Маймылдың бір түрі деп
Türler ve etiketler
Yaş sınırı:
12+Litres'teki yayın tarihi:
23 ocak 2017Hacim:
7 s. 1 illüstrasyonTelif hakkı:
Public Domain