Kitabı oku: «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер»

Yazı tipi:

Қанат Ильяұлы Нұров
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

© ҚАНАТ НҰРОВ

© Қазақ тіліне аударған Әуезхан Қодар

© Алматы: НОФ «Аспандау», 2014.

* * *

«Кейбір өркениеттерде кейде мынандай ақиқатты түсінуге сәті түседі: оларды билеген шабытты идеяға қарағанда, олардың иелігіндегі байлық пен билік түкке тұрмайды»

(Эмерсон Р.)

2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Автор ғылыми негізде жеке тұлғалық ашықтықтың ежелгі қазақ дәстүрлерін модернизациялаудың ұлттық идеясы жөнінде өзінің жеке пікірін әйгілейді. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Қазақтардың тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және жүздердің үлкендік бойынша бөлінуі жөнінде қызу пікірталастар өтіп жатыр. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Қазақ Идеясы Қазақстан ұлтын тек қана индустриалды емес, қауышу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Онда «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңеледі. Сонымен бірге, далалық еркіндіктің төлтума дәстүрлері және Қазақстанда болашақта дамитын ашық азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арасында ұқсастықтар тізбегі ұсынылады.

Жұмысты оның дау-дамай тудыратын өткір стилі де дараландырады (автордың өзінің ертедегі кейбір идеяларын қайта қарауы, 1995 жылға 30-шы жылдар стиліндегі зірк-зірк еткен тас-талқан рецензия, т.ғ.д. Абылхожина Ж.Б. және т.ғ.д. Толеубаева А.Т. сияқты қазіргі рецензенттердің салмақты ғылыми бағалаулары). Сондықтан бұл кітап бірінші басылымында болсын, екінші басылымында болсын, қоғамдық санада түрлі пікірлер тудырды, оны қостайтын да және оған қарсы шығатын адамдар да табылды:

«…Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек… Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған…» (2011 ж.) – Темірғалиев Р. Тарихшы-көсемсөзші

«…Іс жүзінде кітап «Қазақстанға тарихын қайтаруға» емес, әйтсе де, әбден нақты нәтижелер тудыру үшін жазылған —…ұлттық идеяның беделін түсіру, халыққа жат құндылықтарды күштеп тығу… барлық жерде сенімсіздік тудыру, алаңдаушылықты көбейту, міне, автордың талпынысы».(1995 ж.) – Қойгелдиев М. – тарих ғылымдарының докторы (ҚазҰУ), Нұртазина Н. – тарих ғылымдарының кандидаты (ҚазҰУ)

«Бұл кітап бойынша, этнос – қан туысқандығы емес, мәдени-тұрмыстық қауымдастық, өмір дағдысы жөнінде… XXI ғасырда титулды ұлт басшылығымен Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын құру тек қазақ дәстүрлерін олардың қауышуға және мәдениетте, саясатта, экономикада бәсекелесуге жеке тұлғалық ашықтық бөлігінде модернизациялау ұлттық идеясы аясында ғана мүмкін. Қазақтардың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтықты Қазақстанның барлық ұлттары мойындайды және қолдайды… Қандайда болсын либералды демократиялық құндылықтардың енгізілуі, егер ол біртұтас халық ретіндегі көпұлтты тұрғындардың өз-өзін өзінше тануының шын өлшемін бере алатын ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кітап осы жөнінде…» (2011 ж.) – Арманжан Байтасов, Раймбек Баталов, Ораз Жандосов, Айдан Кәрібжанов, Алидар Өтемұратов.

Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар. «Аспандау» ғылым және білім беру қоры автордың барлық тезистерімен келіспесе де, олар «2030 – Ақпараттық қоғам» ҚР Білімін Дамыту Саясаты» жобасының бөлігі ретіндегі Қор бекіткен тұтастай ұлттық идеяны және еркін құқық сезінуді ашуға бағытталған деп есептейді (www.aspandau.kz).

Қанат Ильяұлы Нұров

«Аспандау» ғылым және білім беру қорының және Plankion Group президенті.


Мамандануы және тәжірибе аумақтары

• Басқару жөніндегі аға консультант ретінде «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компанияның жергілікті офисін ұйымдастырудың бастапқы кезеңіндегі маркетинг пен PR жөнге келтіру.

• «Қазақтелеком» АҚ финанстық басқару саласында ғылыми тәсілдің енгізілуінің қалың жұртшылық мойындаған табысы:

– финанстық есеп, жоспарлау және негіздеудің халықаралық стандарттарын біртұтас бюджеттік саясатқа біріктіру;

– SAP жөніндегі Басқару комитетінің төрағасы ретінде ресурстарды басқаратын біріккен жүйені енгізу жөніндегі проблемаларды зерделеу (ERP), осы жобаны реабилитациялау және оның табысты жүзеге асуы.

• «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, Коммерциялық дирекция (Орталық офистің Кредиттік комитеті) мүшесі ретінде логистика мен әкімшілік шаруашылық мәселелерді бақылау.


Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Германия Мемлекеттік шенеуніктер Одағының неміс академиясы (Бонн, ГФР), Маастрихт менеджмент мектебі (Маастрихт, Нидерланды), ICMA (АҚШ); Йоркск университетінің Ph.D – historical sciences (АҚШ), DBA (Ресей, РАНХиГС)


Ғылыми жарияланымдары

Нұров Қ.И. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының құқықтық және экономикалық модернизациясы. Ғылым: Алматы, 1995. 201 б.


Жұмыс тәжірибесі

Алматы менеджмент мектебі, ҚР Экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ Вице-президенті – бас қаржы директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры.


Өзі жөнінде

«Қазақтелеком» АҚ жұмыс істеген кезінде «Құрметті байланысшы» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.


Қызығатын нәрселері

Құқық және экономика, тарих, білім беру салаларындағы ғылыми зерттеулер. Музыка, поэзия, футбол, теннис, бокс.

Қанат Нұровтың кітабына алғысөз

Әуезхан Қодар

Мен біздің отандық ғалымдарымыздың еңбектерін оқығанда бір нәрсеге тан қалатынмын. Маған олардың ғылымы өзгеше де, әлемдік ғылым мүлде бөлек көрінетін. Өйткені біздің ғылымның мақсаты: қазақта бар барлық нәрсені ғажап қып көрсету еді. Мұндай зерттеулерде бір мысқал сыни пікір болмайтын, тек атақты есімдерді тізе беріп, солардың көлеңкесінде бір нәрсе айтқан болу. Қ. Нұровтың еңбегімен танысқанда, маған қайта таң қалуға тура келді. Бұл жолы оның еңбегінің ғылыми еңбекке қоятын барлық әлемдік талаптарға сай екеніне. Бір қызығы, ол кітабына тіпті өзіне қарсы жазған рецензияларға дейін енгізіпті. Бұл да бір ғылымға деген ішкі адалдықтың жарқын көрінісі емес пе? Сонымен бірге, мұнда мынандай талап жатқандай – алғашқы жолы, кітаптың бірінші басылымы шыққанда, мені ешкім түсінуге тырыспады, бәріңіз маған дүрсе қоя бердіңіздер, тіпті, диссертациямды қорғатпадыңыздар, ал енді мен сол жұмыстың екінші басылымын шығарып отырмын. Докторлық диссертациямды Америкадан қорғап келдім, ал енді тағыда сөйлессек қайтеді? Егер мен осы тақырыпты осы уақытқа дейін тастамай келе жатсам, демек, оның маңызды болғаны ғой; мүмкін, енді еш дау-дамайсыз, бос айқай-шусыз, осы тақырыпты қайтадан талдап көрсек қайтеді, – дегендей бізге есейген, біраз нәрсенің парқын біліп үлгірген Нұров.

Байқасақ, оның бұл тақырыпты ұсынғанына 20 жыл болып қалыпты. Шынымен, егер ол үшін осынша уақытта бұл тақырып сонша қызық болса, ол қандай тақырып екен? Және біздің авторды қандай құдыретімен тартты екен? Меніңше, ол Қазақстанның ерекшелігі, өзгеше табиғи болмысы, ғасырдан ғасырға мұра боп келе жатқан қазақы мінезімен қазақы жолы туралы тақырып. Ау, мұндай жұмыстар бізде жүздеп, мыңдап жазылып жатқан жоқ па? – дейсіз ғой сіз. Иә, біздің ғалымдарымыздың тек осымен айналысып жатқаны рас, бірақ олар әр жазған сайын тақырыптан алыстайтын сияқты. Өйткені, Қазақстан тарихын ту Көне Мысыр, Шумер тарихынан бастайды. Олардың ойынша, тарихымызды неғұрлұм ескіртсек, адамзаттың ежелгі тарихтан бұрынғы кезеңіне жақындатсақ, онда қазақтың бәрінен ұлы болғаны, биік болғаны деп түсінеді. Сөйтіп, біз өзімізге жақындаудың орнына тек алыстай беретінбіз. Ал қазір нақты тарихта өзіміздің қандай болғанымызды тіпті мүлде ұмытып кеткендейміз. Міне, Нұровтың өзгешелігі, ол бізді өзіміздің нақты тарихымызға жолды ашып, тек «қазақ» сөзі пайда болған кезеңдерден бастайды. Соның өзіндеде біздің тарихымыз IX-шы ғасырдан басталып, XIII–XIV-ші ғасырларға дейін, Шыңғысхан империясы дәуірлеп тұрғанда, өзінің шырқау шегіне жетеді екен. Міне, бұл араға біз көбірек тоқталауымыз керек. Біз бұл арада автордың басты ойына жақындадық. Өйткені, Нұровтың ойынша, қазақтар қазақылық рәсімінен шыққан және кейін «қазақ» атауын өз этнониміне шейін көтерген. Қазақтар қайталанбас болмысы бар дегдар халық және оның дегдар болатыны, ол өз бастауында Шыңғысханның «қазақы» империясынан шыққан. Сондықтан, қазақтар – Алтын Орданың тікелей мұрагерлері.

Ал қазақылық дегеніміз не? Ол өз ру-тайпаларынан айдалаға безіп, бірнеше кездейсоқ жолдаспен далалық кезбе рыцарь өмірін кешу. Міне, XIII-ші ғасырда Шыңғысхан осындай мыңдаған батырларды қосып, алдымен әскер, кейін империя жасайды. Шыңғысханның бүкіл әлемдік және ұлттық мәнін Нұров оның дала тайпаларын рулық санадан бас тартқызып, империялық «бүкіл адамзаттық» санаға көшіруінен көреді. Және қазіргі қазақ тайпаларының көбісін автор Монголиядан Шыңғысханға еріп келген тайпалар деп санайды. Сондықтан Шыңғысхан түркі тайпаларының басқыншысы емес, ол оларды Хорезмшахтың ортаазиялық исламшыл билігінен азаттаушы, қазақ мемлекетшілігінің негізін қалаушы таудай тұлға. Нұров Шыңғысханның шығу тегі жағынан монгол екеніне еш шүбә келтірмейді, бірақ, оның ойынша, Шыңғысхан далалық империясының өмір дағдысын, жаугершілік даңқын тек қазақтар мұралаған деп есептейді. Қазіргі монголдар «халха» атауымен қалып, қытайланып, ламаизм аясынан шыға алмай қойған. Демек, Шыңғысхан мұрасына иелік ете алмай қалған. Ал қазақтар болса Шыңғысханнан келе жатқан дәстүрді әлі күнге дейін ұстанады.

Сонымен, Нұров бойынша Қазақстан мемлекет ретінде Урус хан кезінде пайда болған, сосын біраз уақыт Абулхаир империясының құрамында болып, ақыры XV-ші ғасырда Қазақ хандығына бөлініп шықты. Сөйтіп, автор қазақтарды біраз аңыздық «сақалынан» босатып, олардың мүлде берідегі тарихи болмысын ашып береді. Бұл тұрғыда Нұров марксистік «формациялық» теориясынан бас тартып, қазақстандық ғалым С.В. Грисюктың теориясына сүйініп, адамзат қоғамының дамуын төрт кезеңге бөледі: дәстүрлі, аграрлы, индустриалды және ақпараттық. Қазір олардың анықтамаларына тоқталуға уақыт тар, сондықтан, автордың бұл теориясын қазақтарға қалай қолданғанына келейік. Нұров бойынша, қазақтар бірнеше кезеңнен аттап, бірден ақпараттық сатыға өрлеген халық. Өйткені, олардың геоландшафтық жағдайы сондай болған. Дәстүр пайда болу үшін тұрақты жағдай керек, көшпенділерде бәрі тұрақсыз болған. Екіншіден, шөл далада аграрлық сатыға көтерілу өте қиын, тіпті, мүмкін емес. Үшіншіден, индустриалды сатыға жету үшін, өндіріс керек, ал сусыз, жолсыз далада қайдағы өндіріс? Сондықтан, көшпенділер өзіне керек нәрсені араласу, қауышу, саудаласу арқылы келтірген. Ал бұл болса, ақпараттық қоғамның нағыз төлтума қасиеттері. Бұл жобада, ең қызығы, автор тарихты Марксша, сатыдан сатыға көтерілетін вертикаль ретінде құрмайды, ол әр халықтың өзгешелегін оның орналасқан горизонталінен іздейді. Міне, сондықтан да, ол көшпелі қазақтарды Батысқа да, Шығысқа да жатқыза алмайды, автордың ойынша, олар – үшінші, «қазақы» жолдың иесі. Ал, ең қызығы, бұл қауышу жолы, өзара қатынасу жолы, сауда жолы, жеке-тұлғалық ілгерілеу жолы. Міне, осы тұрғыда Нұров қазақтар жөнінде үлкен жаңалық ашады, олар артта қалған, құдайсыз, надан халық болудың орнына, жеке тұлғалық санасы бар, қауышыға, саудаласуға бейім, кез келген нәрсеге қызығушы, елгезек, ақпараттық қоғамның сатысындағы халық боп шыға келеді. Және Нұров мұны жайдан-жай айта салмайды, мұнын бәрін өте байыпты дәлелдеп шығады. Бұл тұрғыда ол Левшин мен Радловты ылғида бір-бірімен жарыстырып отырады. Өйткені, біріншісі қазақтарды онша жақтырмаса да, кейде олардың кейбір жағымды ерекшеліктерін мойындауға мәжбүр болған, ал екіншісі қазақтарды қанша жақсы көрсе де, кейде салмақты сын айтатыны бар. Міне, осы арқылы Нұров қазақтардың ішкі әлемінің толық картинасын жасайды. Бұл тұрғыда оған «ауыр» артиллерия ретінде әйгілі монголтанушы Владимирцов көмекке келеді. Бұл автордан Нұров Шыңғысханды дәріптеуді және ауылдық көшіп-қону тәсілі көшпенділіктің ең биік сатысы болған деген идеясын алады. Сөйтіп, ол қазақ халқын, былайынша, далада әр ауылға шашырап, ыдырап жатқандай боп көрінсе де, керек кезде заматта сапқа тұра алатын «әскер-халық» ретінде суреттейді. Және мұның бәрі бізде Шыңғысханнан қалған қасиет дейді.

Әйтсе де, Нұровтың ең басты концепті Ч. Валиханов келтіретін «Алаш мыңы» жөніндегі аңыз. Өйткені, бұл аңызда ең жаман деп саналатын нәрсені жақсы деп, жақсы деп саналатын нәрсенің онша жақсы емес екенін көрсететін кері құрылым бар. Міне, осы құрылым арқылы Нұров қазақтың нағыз болмысын, рухани әлемінің ішкі менталдық байланыстарын көрсете алған. Мұндағы ең басты ұғым «ала». Әдетте, бұл жақсы ұғым емес, ол алалықты, алауыздықты, алапестікті, алаң тірлікті білдіретін ұғым. Ал әлгі аңызда «ала» бірлікті білдіретін ұғым. Неге десеңіз тек туыс емес, жат адамдар ғана біріге алады. Өйткені, туыс онсыз да туыс қой! Ал жат адамды бауырыңа басу, жат болмыспен туысу, сонымен бірге, ол өзіңнің өзгешелігіңді сақтау, өзіңнің ерекшелігіңді дәріптеу емес пе? Сөйтіп, бірліктің ең көкесі – жаттықтан нәр алатын бірлік. Бұл ойға ең алғаш терең бойлаған және кейін өзінің басты идеясы ретінде оны жүзеге асырған алғашқы адам – Шыңғысхан. Қарап отырсаңыз, аңызда Дүниені Тітіркендірушіні ханға және данагөй шалға бөліп, оның биліктегі ұлылығын да, қарапайым өмірдегі данышпандылығын да жаңағы «жат туыстық» ретінде көрсете алған.

Автордың басты ойы да осы… «Жат туыстық» арқылы ол «қалың елі, қазағын» трайболизмнен арылтқысы кеп отыр, жат туыстық арқылы ол Қазақстанды, ондағы барлық халықтарды «қазақы еркіндік» идеясымен біріктіріп, жаңа деңгейге көтергісі кеп отыр. Көп ойлары бізге жат көрінгенімен, ниеті адал. Ал бұл адалдықты ол өзінің халқынан сіңіріп отыр. Өйткені, оның ең басты ойынша, қазақтар тобырлық, немесе ру-тайпалық санадағы емес, жеке тұлғалық еркін санадағы құшағы да, ниеті де ашық, бүкіл әлеммен қауышуға дайын халық. Кітап жоғары ғылыми деңгейде жазылған, бірақ таза ғылыми еңбектен гөрі ол Батыста өте жақсы дамыған саяси антрополияға жақын. Кітапта «потестарлық-саяси» ұғымының жиі кездесетіні де содан болар. Осының негізінде автор саналы билікпен өңделген ұлт саясатына талпынғандай. Көріп тұрғаныңыздай, кітаптың мақсаты өте биік және меніңше, өте дер кезінде көтеріліп тұр. Бұл кітап тек қабылдауды, иә, қабылдамауды тілейді. Мен өз басым біраз идеяларына қызықтым, бірақ тұтастай қабылдадым деп айта алмаймын.

Егер менің аудармалық шешімдеріме келсек, мен гуманитарлық саладағы бүкіл әлемдік орныққан терминдерді қазақшалай беруге қарсымын. Ол деген қанша патриоттық сезімнен туса да, адамзат дамуын сыйламаумен бірдей. Сондықтан мен «трансформация», «деформация», «кеңестік» сияқты сөздерді сол күйінше қалдырдым. Сосын пайдаланылған әдебиетте көрсетілген есімдерді және олардың кітаптарының аттарын сол орысша күйінше келтірдім. Өйткені, Шоқанның фамилиясы әлемдік ғылыми қолданыста тек «Валиханов» нұсқасында белгілі. Және де келтірілген кітаптардың көбісі қазақ тіліне аударылмаған.

Кітап күрделі, көп айтқан идеялары тосын, бірақ біз мәдениетті, демократиялық елдің азаматтарымыз ғой, сондықтан бірден байбалам салудың орнына алдымен түсініп көрейік. Сөйтіп, кітап енді оқырмандарының ашық теңізіне кетпек… Ендігі мәселе оқырмандардың талғамында және ақ ниетінде.

Қорытындыласақ, осы кітап үшін басты лингвистикалық түсінбеушілік жөнінде бірер сөз. Қазір барлық жерде қазақ сөздіктерінде қазақ тіліндегі «казак» сөзі орыс әскерінің өкілдерін белгілейтін болды (Дон, Кубань, Запорожь және т.с. әскерлерінің), яғни отырықшы «шаруа-жауынгерді». Әйтсе де, бұдан сәл-ақ бұрынырақта, ұлы түркітанушы Радловтың айғақтауынша, бұл үшін одан гөрі дәлірек «орыс қазақ» сөзтіркесі қолданылған, өйткені, ішінде «қ» әрпі жоқ «казак» орыс сөзі қазақ тіліндегі «қазақ» сөзінің толық баламасы еді. Бұл мен үшін кітапты орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда, оның түпнұсқалық авторлық мағынасын сақтауды одан сайын қиындатқан еді. Сондықтан бұл аудармада мен «казак» сөзін сол күйінше қалдырдым, меніңше, ол Ресей және Украина халықтарының субэтносын емес, түркітілді және жеке басы еркін адамның әлеуметтік статусын белгілейтін ұғым. Одан әрісі, мен көнетүркі әлеуметтік ұғымның қазақтардың қазіргі өз-өзінің атауынан айырмашылығын сақтау үшін өзіме «Қазақстан» сөзін латын транслитерациясында келтіру батылдығын жүктедім. Бұл қазақ тілді оқырмандардың назарын кітап атауының түпнұсқалы авторлық мағынасына аударар деп үміттенемін, автор болса да, қазақтар атауының түпкі әріп нұсқасын емес, тек біздің еліміздің орысша және ағылшынша транслитерациясын ауыстыруды ұсынған болатын.

Сонымен қатар, «национальность», «народность» орыс сөздерінің баламасы ретінде біз, автор екеуміз, «елдер» сөзін ұсынып отырмыз.

Осының бәрі оқырманға осы кітаптың оқылуын жеңілдетуге тиіс.

Еркін тарихшы еркін емес тарих жөнінде

Радик Темиргалиев

Қазіргі кездің онша алыс емес өзге кездерден айырмашылығы: барлық кітап дүкенінде Қазақстан тарихы жөнінде кітаптары бар жеке сөре немесе тұтас шкаф табуға болады. Кітаптар көп, бірақ олардың көбісі, иә, іш пыстырар бір қызықсыз оқулықтар, иә, ресми ғылым өкілдерінің «кезекті жұмыстары». Кейбір сондай опустарды оқығанда, олардың авторлары таяқтан қорқып, көңілсіз жазғандай әсер қалдырады. Алайда, тәуелді магистранттар мен аспиранттардың еңбегін пайдалану қазір ешкім үшін құпия емес. Әрине «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бұрын шықпаған қайнаркөздердің көп мөлшері шықты, бірақ ол мамандар үшін әдебиет, ал тарихқа қызығатын кәдімгі зияткер адам монографиялар мен ғылыми-танымдық әдебиет оқып өзінің білімін толықтырады. Ал бұл тұрғыда аса алға басу байкалмайды. Елімізде көптеген кандидаттар мен тарих ғылымының докторлары еңбек етеді, бірақ еңбектері шынымен біздің өткенімізді білуге және түсінуге көп жаңалық әкелетін тек аздаған ғана есімдер бар.

Әсіресе, отандық ғылымымызда қазір тұтас бағыт боп қалыптаса бастаған шығармалар көңіл қыжылын тудырады. Мұндай жұмыстарда қазақтың тарихы ретінде, мысалы, Сыр бойы аймағының отырықшы тұрғындарының тарихы жөнінде егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл жерлер онда тұратын тұрғындарымен бірге шынымен де ғасырлар бойы Шығыс Дешті Қыпшақ көшпенділеріне бағынған, бірақ сол ислам ұстанған дихандарды, қолөнершілерді және саудагерлерді қазақтардың бабалары деп айту қиын шығар. Н. Масанов өте әділ айтқандай, бұл өз тарихы мен мәдениетіңді сыйламаумен бірдей.

Қанат Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының шүбәсіз қасиеті: оның көшпенділікке арналуында. Және тіпті жәй көшпенділікке емес, қазақ көшпенділігіне. Көптеген тарихшылар үшін егіздердей бірдей көрінетін номадтар іс жүзінде француздар мен қытайлардан бетер бір-бірінен өзге болған. Тіпті, көрші болған жоңғар, казак, қырғыз, «көшпелі өзбектер», түркмендер арасында қоғамдық және саяси кұрамы жағынан орта ғасырлар кезеңінде тұңғиық өзгешеліктер болған. Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек. Тек баяндаумен шектелмей, ол қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымы жөнінде көптеген түбегейлі идеялар мен ойлар айтады. Мен олардың көбісіне келісемін және олар қазіргі кезде қанша шектен шыққан және үйреншікті емес боп көрінсе де, ғылыми қауымдастық осы ойлардың ақиқаттылығын мойындайды ғой деп сенемін.

Автордың оқырманға өткен шақтың объективтік картинасын көрсетуге талпынысы да өте ұнамды әсер қалдырады. Теорияда бұл жөнінде тіпті айтудың да қажеті болмас, ғалымның объективті болу қажеттігі бесенеден белгілі, бірақ өкінішке орай тарих ғылымының ахуалы сондай көптеген ғалымсымақтар туған халқының тарихын тек жақсы жағынан көреді де, дәл сол күйінде қоғамға келтіреді. Бұл кітап осы жағынан да ережеден тыс үздік құбылыс. Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған.

Кітап коньюктуралық есеп қисабы жоқтығымен де өзіне тартады. Қазіргі кезде марксизм-ленинизм классиктерінің цитаталарына толы Cоветтiк кезеңінің тарихшылары кітаптарын оқу азаппен тең, бірақ ол кезде көптеген ғалымдар гылымға тіпті жақындай алмас еді. Қазір үлкен есеппен келгенде, ешкім билікті сүюге мәжбүрлеп жатқан жоқ, бірақ, соған қарамастан, тарихшылар өз еңбектерін тақырыпқа аз қатынасы бар Елбасының қанатты сөздерімен әшекелеуді жақсы көреді. Ал ең жаңа тарих мәселелерімен айналысатын ғалымдар тәуелсіз Қазақстанның тарихын Елбасының үздіксіз табысы мен жеңісі ретінде суреттейді.

Бұл тұрғыда да қарастырылып отырған жұмыс ешкімге ұқсамайды. Бұл өте байыпты зерттеу. Мұнда автор қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымы жөнінде де және оның қазіргі бұзылған, өзгерген, модернизацияланған нұсқасы жөнінде де күмілжімей, билік пікіріне қарамай, ашықтан ашық айта береді. Автордың қазіргі жағдай және қазақ ұлтының алдағы даму жөніндегі тезистері тіпті «баяғыда өткен күндер ісіне» қызықпайтын адамдарды да қызықтыра алатындай.

Егер кемшіліктеріне келсек, онда меніңше, кітаптың ең осал жері – «Қазақстанның шығу тегі қазақылықтан» деген концепциясы. Кезінде В. Вельяминов-Зернов құрастырған қазақ тарихының қазіргі концепциясының негізін жоққа шығара отырып, автор дұрыс жауапты іздегенде неге екені белгісіз А. Левшинге жүгінеді. Сөйтіп, ол оның оппоненттері жасаған қатені өзі жасайды. Ол сөзсіз көп ғасырлы тарихы бар «kaзak» терминіне ереді, қазақ этносының тарихын осы сөзбен сонша тығыз байланыстыруға еш негіз болмаса да. Мысалы, этнографиялық дәйектерде де (батырлық жырлар және жыраулар поэзиясы және жазба қайнаркөздерге де сәйкес, соның ішінде бірінші дәрежелі маңызы бар Қадырғали бектің шығармасына да) қазақтар өздерін XVII ғасырға дейін қазақ деп атамаған. Нағыз kaзakтар таза анархисттер болатын, ал қазақтарда, дегенмен, өзінің аса айқын және, сонымен бірге, өте икемді саяси мәдениеті болған. Қазақтардың арғы атасын қазақтар деп атап, жат жұрттық жылнамашылар олардың намысына тиюге тырысқан. Ал уақыт өте, тарихта жиі болатындай, дөрекі термин халықтың өз атауына айналды.

Менде тағы бір түсінбеушілік тудырған нәрсе: Шыңғысханның қазақ тарихындағы маңызы мен орнының бағалануы. «Тәңірі ұрпақтары әлемді билеу үшін жаралған» – бұл «әлемді тітіркендірушінің» және оның ұлыдержавалық философиясының басты негізі. Және мен автордың ұлы монгол «қазақ идеяларының» дамуына қатысы бар деген шешіміне мүлде келіспеймін. Біреудің еркіндігін тартып алғандар өздері де еркін бола алмайды. Тарихи деректердің куәландіруінше, монгол басқыншылығы мен Алтын Орданың жарыққа шығуы қыпшақ тайпаларының саяси ұйымдасуының демократиялық принциптерін жойған. Бірақ, далалықтар өз еркіндігі үшін үнемі күрескен және Гумилев айтқандай, Қазақ хандығының құрылуы қоғам құрылысының Шыңғысханнан бұрынғы әлеуметтік саяси формаларын қайта жандандырудың негізінде пайда болған. Меніңше, түрлі қайнаркөздер қосалқы болса да, көшпелі қоғамның далалық демократиясын және дәстүрлі либералды құндылықтарының салтанатын хан Қасым билігі кезеңімен байланыстырады.

Әрине, егер сондай мақсат қойсақ, әлдеде кейбір кемшіліктер мен сәйкессіздіктер табуға болар еді, бірақ олар кітаптан жалпы әсерді бұза алмайды. Өйткені, бұл кітап даталар мен есімдер жөнінде емес. Автор ең алдымен оқырманды тарих жөнінде өз бетінше ойлануға шақырады. Автор көтерген тақырыптар жөнінде ойлануды және солардан аттап, жаңа аумақтарға шығуға жетелейді. Өйткені, біздің өткен шағымызда қазіргінің өзекті мәселелеріне жауаптар жатыр. Және Қанат Нұровтың кітабы осыны түсінуге тамаша көмектеседі.

«Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының екінші басылымына автордың кіріспесі

Қ.И. Нұров

«Казак ордасы ешкімге бағынбайтын, көпхалықты және әскери»

(И.К. Кириллов, Орынбор экспедициясының бастығы, 1734)

Бұл кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымы шыққан бойы бірден тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиевтің, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Нуртазинамен бірлесіп жазған «Қолайлы әмбебаптық – бұл кімнің философиясы?» деген жанжалды мақаласы шықты. Оны мен қазір осы басылымның соңында келтіріп отырмын. Соған байланысты, менің тақырыбымның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Абылхожин менің диссетациямның қорғауын «келешек жақсы заманға» дейін ысырып қойды. Ол «пысықай» жылдары диссертацияларды кез келген тақырыпта және кез келген бағаға қорғай беретін, бірақ осы мақаланың ұрдажықтау қарқыны мені бір күмәнді тұлға ғып көрсетіп, қорғауыма зор бөгет болды. Менің этнография мамандығынан қорғауыма көмектесуге тырысқан тарих ғылымдарының докторы А.Т. Төлеубаевтың «Мынау жұмысты енді еш жерге жібермейді», – дегені рас боп шықты. Өздерінің бүгінгі позицияларын көрсеткен Абылхожин мен Төлеубаевтың пікірлері де осы кітаптың соңында келтірілген. Осыған байланысты Б.М. Ысқаковқа жақында АҚШ Калифорния штатындағы Йорк университетінде диссертациямды сәтті қорғауыма көмектескені үшін терең ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар, осы кітаптың екінші басылымының ұйымдастырушылары А. Құрмановаға, Р. Тленшиеваға және, әсіресе, мені осы кіріспені жазуыма қажетті арнайы әдебиетпен қамтамасыз еткен Тимур Сакеновке алғыс айтқым келеді.

Кеңестiк кезеңнен кейінгі уақытта қазақстандық тарих философиясы қазақтардың арғы аталары ретіндегі қыпшақтар Русь сияқты монгол-татар шапқыншылығының құрбаны болды деген баяғыда тозығы жеткен позицияны ұстанумен болды. Сондықтан менің Шыңғысхан монголдан шыққан казак ретінде қазақ мемлекеттілігінің атасы деген пікірім бәріне де сандырақ көрінді. Ал қазір, бар болғаны он бес жыл өтсе де, Шыңғысхан қазақ деген пікір бесенеден белгілі ақиқат сияқты. Бұл, әрине, ақиқаттан алыс нәрсе, ол, керісінше, Қазақстан тарихын қияли жорамалдар легінде адастыру. Н.Э. Масанов, Ж.Б.Абылхожин және И.В. Ерофеева өздерінің «Қазақстанның қазіргі тарихнамасындағы ғылыми көзқарас және мифтік ұстанымдар» (Алматы, 2007 ж.) кітабында бұл пікірді жан-жақты әшкерелеген.

Бүгінде дүкен сөрелерінде бірінші басылымның бірде бір данасы қалмай тұрғанда және қазақ этносының һәм мемлекеттілігінің шығу тегіне арналған жаңаша көзқарастағы көптеген кітаптар шығуына байланысты оның екінші басылымының шығуы өте орынды. Мен өзімнің сыншыларыма да, және маған байланысты ма, байланысты емес пе, менің көзқарасыма жақын келген кісілерге алғыс білдіремін. Маған осы кіріспе арқылы Қазақстан тарихнамасының қазіргі жетістіктеріне және менің сыншыларымның негізгі ұстанымдарына қатынасымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Өйткені, бұл кітап еш өзгеріссіз, қосып, алусыз, атауы сәл өзгерсе де, сол күйінше басылып отыр.

Сонымен қатар, өзім көп жылдар бойы ұлттық корпорациялар деңгейінде басшылық жұмыста жүргесін, көп нәрсенің жаңа қырлары ашылғандай. Әсіресе, бұл Қазақстан саяси жүйесін жаппай вестернизациялау керек деген ғылыми дүниеден гөрі қиял-ғажайып ертегісіне ұқсайтын соңғы бөліміне қатысты. Маған енді көп нәрсе 1995 жылдағы өзім ұсынған саяси рецепттер сияқты қарапайым және оңай көрінбейді.

* * *

Ең алдымен, қазақ ұлтының қазақлық шығу тегі концепциясының жаңаша резюмесін әйгілеп, қайта басылып жатқан кітаптың негізгі проблемалары жөніндегі Қазақстан историяграфиясының қазіргі жетістіктеріне сүйеніп және, осыған байланысты, өзімнің көшпелі қазақтар этносының, мемлекеттілігінің шығу тегі, оның неге үш жүзге бөлінетіні жөніндегі түсініктеріме қандай өзгерістер енгенін көрсеткім келеді.

Қазақтар этногенезіндегі қазақлық концепциясының резюмесі

Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жалпылама жобасы:

Орталық Азия – Орта Азия емес.

Азияның географиялық орталығы Батыс Түркістанда емес, Алтайда (Тыва, Қызыл).

Орталық Қазақстан мен Монголия Алтайдың Батыс және Шығыс жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Қыпшақ Даласы, ең алдымен, – Еділдің арғы жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Этнос – туысқандық емес, өмір дағдысы, мәдени тұрмыстық қоғамдастық.

Тіл – өз этносыңды танудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты.

Мемлекеттілік – этнос болудың жеткілікті, бірақ қажетті емес шарты.

Сактар және көне үйсіндер – қазақтың арғы атасы емес.

Кейінгі ғұндар және көне түркілер – қазақтың арғы атасы.

Отырар – қазақ қаласы емес, оған көшпелі қазақтардың нағыз аталары өрт қойған.

Көшпелі қазақтардың нағыз аталары – көне монголдар, оларды татар казактары деп те атаған.

Йемек, кимак, телеуіт, қыпшақ сияқты жергілікті тайпалар ежелгі монгол суперэтносының қазақы өмір дағдысын қабылдаған, немесе, оларда ол бұрыннан болған.

Орталық Азиядағы қазақылық – ежелгі монгол суперэтносының және оның субэтносы қазақтардың ежелгі түркі монголдық өмір дағдысы.

Kaзak деген еркін жаугерлер және өз ру тайпаларынан бөлініп, өз отбасыларымен жекеше көшіп-қонып жүрген байлар.

Тайпадан тыс казактар әскери мұқтажда әрқашанда жүздік пен мыңдыққа біріккен, өздеріне рубасылар арасынан таңдап атамандар сайлаған, сөйтіп, әскері бар қолбасшылар ретінде ру-тайпаларды билеп отырған.

«Казакия» және «казак хандары» жөніндегі мәліметтер бірінші рет Х-XI ғғ. аталады.

Хан және хандардың ханы – қағандар рубасылар арасынан тайпалар үстінен жоғарғы билікке сайланған әскери қолбасшылар.

Қыпшақтардың Ел бөрі және қияттардың Борджигин (Бөрі тегін) бөрітектес рулары Ашинаның ежелгі түркілер руымен және алашмыңы сияқты өзінің шығу тегін бөріге апаратын уйшин, аргын және алшиндардың kaзak одақтарымен байланыста.

Күшті, мықты деген мағынадағы түркі және монгол деп аталатын тайпалар дүниеде ешқашан болмаған.

Бұл Ашина және Шыңғысхан тұқымына бағынған тайпалардың жалпы саяси атауы ғана.

XIII ғасырда Шыңғысхан барлық далалықтарды казактарға айналдырды, ол тайпалық әскерлерді жойды, ру мен тайпаларды бір-бірімен араластырып жіберді, оларды тұтас және маманданған әскер-ұлттың, орданың жүздік пен мыңдықтарына бөлді.

Осы жүздіктер мен мыңдықтар арқылы өздерінің әскербасылары ру-тайпаларының ежелгі түркі-монголдық атауларын сақтаған мүлде жаңа, саяси тайпалар пайда болды.

Өзінің үлкен ұлы Жошыға Шыңғысхан Қазақстанда ұлыс бөлді.

Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.

Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.

Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.

Батухан Орду Еженге Қазақстанды өзі басқарып отырған Жошы ұлысының сол қанатын (Көк Орда) ретінде қалдырды.

XIII ғасырдың екінші жартысында Батухан Қазақстанды үш ұлысқа бөлді. Орду Ежен ұлысының ішін ол тағы екі ұлысқа бөлді: шығыс пен батысқа дейінгі бөлігін ол Жошының бесінші ұлы Шибанға және он үшінші ұлы Тука Тимурге беріп, оларды Орду Еженге бағындырды.

Енді осы үш ұлыс төрелердің өзара жас үлкендігіне байланысты ең ірі ұлыстар саналатын болды.

XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбекханның өлуіне байланысты Ұлы Бүлік басталды.

Орду Еженнің тұқымы Урусхан XIV ғасырдың екінші жартысында Көк Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз қылып, Жошы ұлысын біріктіру мақсатында Ақ Орданы басып алды.

Бірақ, Бату тұқымы құрыған соң, Алтын Орданы қалпына келтіру мүмкін емес еді.

Бату тұқымының оң қанаты жойылды, сондықтан Ақ Орда мен Көк орда Қазақстан төрелерінің иелігінде қалды.

XV ғ. басында шайбани Абулхайр Қазақстанның билігін тартып алып, халқын өзбек деп атады. Онысы Батудың өтірік ұрпағы Өзбек ханға тағзым еткені еді.

Сол ғасырдың екінші жартысында Урусханның немерелері Жәнібек пен Керей Орду Ежен династиясын қайта жандандырғасын, Орду, Шибан және Тука Тимурдың үш ірі ұлысы ОрдуУрус тұқымының бастауымен үш жүзге айналады.

Осы үш ұлыс жүздерге олардың жүзбасы мен мыңбасыларының Шыңғысханға жақындығына байланысты казак ру мен тайпалары қосылған.

Міне, осылай төрелердің жас үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды және ру-тайпалар да Шыңғысханға жақындығына байланысты түрлі статусқа ие болды.

Хорчи ата, өзге аты Усун Эбуген, бақсылардың басшысы, ежелгі монголдардың ең басшы тайпасы баариндерден шыққан және, мүмкін, уйшин одағын басқарған.

Қадан тайшы, өзге аты Арғын ата, ойраттардан шыққан және, мүмкін, арғын одағын басқарған.

Эдыге би, өзі маңғыт, ноғайлардың түп атасы болған және, мүмкін, алшин одағын басқарған.

Ұлы жүз (Үйсін ордасы), Орта жүз (Арғын ордасы) және Кіші жүз (Алшин ордасы) Жүз орданың (Батуханның Ақ Ордасы) тура kaзak мұрагерлері.

Барлық қалған ордалар мен ұлыстар жергілікті тұрғындармен араласып, өз тұрған жерінің атауымен аталған және бір өз билігі өзінде хан, немесе бекке бағынған.

Еке Монгол Ұлысы Шыңғысханның алтын руына бағынған әлемдік империяның казак метрополиясы.

Монголиядағы тайпалардың Қазақстандағыдан айырмашылығы, олар XV ғ. Казак дағдысынан айырылып, Шыңғысхан тұқымын биліктен айырып, қытайланып кеткен.

Шыңғысханның заңы тәңірлік Мәңгі Көкке (Құдай) және әруақтарға сену казактарға отырықшылануға тыйым салған.

XIX ғ. екінші жартысында Ресей Шыңғысхан тұқымы, қазақ төрелерін биліктен айырады.

Төрелер саяси сахнадан кеткесін, қазақтар саяси тайпаларының жүздік иерархиясы өз мәнін жойып, жоқ болады және ол ешқашанда туысқандық қатынастарға тән кландық трайбализмнің негізі болған емес.

Қазақ этносы және оның жүздік құрылымы тарихи түрінде қыпшақ-казак, монгол-казак, могол-казак, кырғыз-казак, өзбек-казак, ноғай-казак, орыс-казак және өзге де ұлты мен нәсілі қалай болса солай болған казактардан құрылған.

Шала казак деп тек көшпелі тұрмысы жоқ казакты атайды.

XX ғ. 30-шы жылдары көшпенді казакты күштеп отырықшы қылды, содан олар казак болудан қалды.

XXI ғ. Қазақстанда титулды этностың басшылығымен жалпыазаматтық ұлт құру үшін қазақтардың дәстүрлік құрылымын әлемге ашық жеке тұлғалық санаға және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекеге қарай модернизация жасай алатын ұлттық идея керек.

Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтыққа Қазақстанның бүкіл ұлттары қол қояды.

Бұл ұлттық қасиет бүкіл қазақстандықтарға ұлттық миссия береді: ақпараттық қоғамның этникалық үлгісі болуға.

Жеке тұлғалық ашықтықтың ұлттық идеясы білім беру саласында насихатталуға тиіс.

Ел атауының орыс және ағылшын траскрипциясын қазақ үлгісімен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).

Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жобасына байланысты қысқаша тезистер

Көшпелі түркітілді халық ретіндегі қазақтың этногенезі үндіеуропалық сақтарға да және, мүмкін, олардың ұрпақтары ирантілдес усуньдерге де қатысты емес, ежелгі түркімонгол тілдік бірлестігіндегі монголоидты алтай тайпаларына қатысты. Бұл алтын адам үшін қайғылы хабар болса да, қазақтың скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға енді ресми желеу жоқ. Сонымен қатар, ғұн, көне түркі және қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық ұқсастық енді ойдан шығарылғандай көрінбейді. Қазақтың этногенезі тоқтаусыз және тұтас қазақлықтың әлеуметтік негізінде болғаны жөнінде еш күмән қалмағандай. Ғалымсымақ әріптестердің миф тудырушы тезистері мазмұнынан гөрі оны дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиянды боп шықты.

Казак деген әлде де аударуға көнбейтін көне түркі сөзінің «бөлінген, қашқын», «өз билігі өз қолындағы еркін адам», «жаугер», «қауіпті сапарға шығушы» сияқты, көптеген жалпылама мағынасы бар. Казактар тек өздерінің ру-тайпа және мемлекетінен қашушы емес, олар белгілі қазақылық құбылысының өкілдері еді. Қазақылыққа арналған арба ретіндегі «хасах терген» көшпелі қазақ тұрмысын ежелгі монголдардан, немесе, тіпті, ежелгі түркілерден шығарады. Ресми ғылымда казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтілік саласынан: «тек өзінің қылышына ғана сенген, барлық жерден аласталған бейшара», «қауіпті сапарға еш серік, доссыз жалғыз шығушы, батыр барымташы». «Кейбір кездері белгілі қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен бе, kaзak өмір дағдысында жүрген адамдар әрқашанда аз болмаған… Сол кездердің ұғымдары бойынша, ол, тіпті, жақсы деп саналған». Сонымен бірге, қазақылық батырдың әскери мәдениеті болған. Казак болу дегеніміз соғыста жантүршігерлік ер бола білу, ал бейбіт кезде – кез келген билікке түкіру, оның кез келген түрінен безіну. Осы қазақы еркін топты пайдалануға ежелден бүкіл далалық хандар талпынған. Бірақ, одан тұтас мемлекет жасау тек Шыңғысханның қолынан келді. Оны соңғы пайдаланғандардың қатарында ұлы княздығына жарлықты Алтын Ордадан алған Мәскеу княздары болатын.

Экономикалық мағынада қазақылық көшпенділіктің ең жоғарғы стадиясына айналды, өйткені, жәй бақташылықтан да және көшіп қонуға негізделген номадизмнен де жоғары болды. Саяси мағынасында қазақылық әрқашанда әлеуметтік институт, яғни, қоғамдағы белгілі өмір сүру дағдысы болды. Тек қана атаман іздеген жәй жаугерлер емес, сол атамандар мен әскери көсемдердің өзі әлгі жаугерлермен дос болуға тырысты, өйткені, оларға жаугер нөкерлер керек еді. Егер казак ант-су ішіп, атаманға дос болса, соңғысы бірден әлгінің табиғи иесіне айналар еді, яғни, оның келесі таңдауына дейінгі заңды төресіне. Ал егер ол соғыс кезінде өз таңдауынан бас тартса, ол сатқындық деп саналған, яғни өзіне сенген адамды алдап күнәһарлы түрде оның сенімін пайдалану. Осы негізде бөрі руынан шыққан Ашина билігіндегі ежелгі түркілер империясы пайда болған.

Ашинаның қазақлық дружинасы Турфаннан Алтайға көшіп, сол жақтағы Алтай тайпаларын біріктіруші күш болды. Тайпалардың бұл одағын Ашина Түрк елі деп атады. Бұларға бағынышты тайпалар Түрк Бодун аталды. Ашинаның казактары Түрк еліне кірген ру-тайпаларды ыдыратпады. Керісінше, хандар ретінде оларға арқа сүйеді. Сондықтан негізгі түркі тайпасы жоқ түрк елі жоқ болды. Атап айтқанда, түркілерді оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар және өзге де ежелгі түркі тайпалар ауыстырды. Бірақ, Ашина руының тайпалардан тыс казактары одан сайын көбейді және кейде өте қатты қақтығыстарда жеңіп, кейбір ежелгі билік етіп жүрген түркі тайпаларының ханы, қағаны болып жатты. Сол кезде олар өздерінің әскери нөкерлері ретінде казактарды шақырған.

Қазақ елінде негізгі этносжасаушы арғындардың Ашина руымен байланысы өз-өзінен түсінікті. Түркіттердің тайпалық одағы, немесе, 546 жылы Алтайда Ашина руы айналасында топтасқан нағыз түркілер арғындардың казак арғы атасы телеуіттер, гаогюй динлиндері, басмылдар сияқты, теле тайпаларынан тұрған. Шәкәрім де өзінің шежіресінде арғындарды хой-ху, немесе хо-хо ежелгі түркілерінің ұрпақтары деп санайды, яғни арбалы, көшпелі ұйғурлардың. Бұл пікірді ол Улуг Еркін, қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) Орхон-Енисей жазбаларына сүйеніп айтады. Сонымен қатар, Шәкәрім Жошы мен Шағатай ұлыстарының бірдей кұрамында болған Арғынот/Ариканут руы жөнінде білген. Қағанатта бұрын «түрк» сөзі «ондық одағы» мағына берген. Егер Арғын/Аргун сөзінің монгол тілінде де дәл сол мағына беретініне назар аударсақ, және оны монгол өзені Арғынмен байланыстырсақ (аңызға айналған Эргене Кун), онда Арғын Одағы (Орта жүз) Ашинаның бөрі руымен қайта түленеді. Уйсун Ордасы (Ұлы жүздің) және Алшын Ордасы (Кіші жүздің) бұл румен байланысы белгілі. Нәтижесінде, тек қана монгол руы баарин уйшиндері (уйсун) және мангут алшиндері (алшун) емес, сонымен бірге, телес арғындары да Ашинаның ежелгі түркі руымен байланыста екені белгілі болды. Ашина Абылғазы мен Рашид-ад-дин «татарлар мен монголдардың арғы атасы» деп атаған аңыздық Алаша ханның прототипы болуы мүмкін.

Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

VI–VII ғғ. рубасылардың басшылығынан биік тайпалардан тыс жоғарғы билік институты ретіндегі барынша дамыған мемлекеттілігі бар ежелгі түрік дәуірі басталды. Бұл тұрғыда 1951 жылдың өзінде Казакстан VII ғасырда пайда болып Х ғасырда тұрақты қауымдастыққа айналды деген Аманжолов және Альдигереевтің пікіріне келісетін заман келді. Сөйтіп, кез келген сұранған тайпаға әскери көсем сайлаған атамандары басшылық еткен ортаазиялық жаугерлер ретінде түркі казактары Х-ХІ ғасырлардан бұрын пайда болған. Оларды Х ғасырда Константин Порфирородный «Казакия» деп атаса, ХІ ғасырда Фирдоуси «Казацкие ханы» деп атаған.1

Әлгі казак хандарымен Казакия тарих қойнауында жоғалған, өйткені, Ел Бөрі руына бағынған қыпшақ тарихына сіңіп кеткен болу керек.

Әйтсе де, казактардың өзі қалған. Олар әрқашанда ауылымен, яғни жеке отбасылық көл-көсір байлық дағдысымен көшіп-қонған көшпенділер болды. Олар номадтардан қорғаныс іздеген. Ал соңғылар көшпелі өркениеттің төмендеу деңгейінде болған, өйткені табор құру арқылы ұжымдық тәсілмен көшіп қонған. Казак ауылдары өздерінің ең жақсы кездерінде әскери мақсатта жүздіктер арқылы ұйымдасқан, бірақ олар тайпалардан көбінесе ұтыла беретін, өйткені оларда мемлекет жоқ еді. Сондықтан казактар бүкіл далаға таралған еді және ежелгі монгол тілінде қашқын орданы белгілейтін (хасах терген)деген сөз тіркесі болған.

XIII ғ. kазаk Тэмуджин немесе Теміршін (мұндағы шін-шино-бөрі) тайджиут тайпасындағы қият-бөрі руынан шыққан қазақлық ежелгі монголдар империясын құрайды, онда ол барлық дала халықтарын құрама халық әскерін (ополчение) казактардың маманданған әскеріне айналдырады және оларды ру мен тайпаларға емес, жүздік пен мыңдықтарға бөледі. Ол өзінің төл тайпасына емес, өзінің казактарына арқа сүйейді және чжурчжэн династиясына қарсы күрестің саяси бағдарламасын әйгілеу үшін барлық далалық тайпаларды монголдар (мангу-л) деп атайды. Ол енді Шыңғысхан (Теңіз Каған) титулын қабылдайды. Онысы өзін киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтар Мұхитының Билеушісімін дегені еді, соның ішінде «хасах тергендердің». Енді оның қазақлық империясы Ұлы монголдардың ұлысы деп аталады, яғни оның қият-борджигин алтын руынан шыққан «мемлекет-иелігі». Онда бүкіл ру мен тайпалар жойылып, араласып, «жүздіктерге» таратылып, өзінің рулық табиғатын жоғалтқан. Бірақ олардың аттарымен енді Шыңғысханның жүздік пен мыңдықтарын атайтын болған. Кім қолбасшы болса, соның руының атымен мыңдығы аталған.

Монголияның татар, найман, керей, жалайыр, қырғыз төл түркі тілді болған турлигиндердің арасында түркімонгол тілдес нирундар болған (баарин, дуклат, ойрат, маңғұт, барлас, чонос – немесе жаныс (?), тағы сол сияқтылар). Нирундардың арасында ішінде әскери көсемдерден тұратын қият руы бар тайджиуттер тайпасы көзге түсетін. Яғни тайджуиттер қият руының ұлысы болған. Ал қияттар тағы джуркиндерге, чаншуиттерге және бірінші монгол ханы Кабул басқарған-мыс ясарға бөлінген. Осыған қарағанда көккөзді борджигиндер (бөрі тегін) Шыңғысханның казактары тайджиуттерді өздеріне бағындырғаннан кейін көтерілген, содан кейін ғана олар Алтын ру, билеуші ру атанған.

Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.

Қазақ шежірелерінің біресе былай, біресе былай келетіні осыдан. Шыңғысхан империясының бұрынғы рулық және тайпалық атаулардың орнына көбінесе бұрынғы рулық атаулармен, немесе мыңбасының атымен аталатын мыңдықтардың атаулары пайда болады. Хорчи ата, немесе Усун Эбуген, яғни бақсылардың атасы (Бэхи Ноян) ежелгі монгол тайпаларының ең үлкен баарин руынан болатын және, мүмкін, Уйшун одағын басқарды. Қадан тайши, немесе Арғын ата, ойраттан шыққан және, мүмкін, Арғын одағын басқарды. Эдыге би маңғұттан шыққан беклер бек ретінде ноғайларды жарыққа шығарды және, мүмкін, оның тұқымдары Алшин одағын басқарды. Ал йемек, қимақ, телеуіт, қыпшақ, қырғыз, қарлық, қаңлы сияқты жергілікті тайпалар, арасында таулықтар және жартылай отырықшылар бар, ежелгі монгол одағына бағынған және бұрыннан қазақлық өмір дағдысында болған, немесе осы дағдыны кейін қабылдаған.

Сол XIII ғ. Шыңғысханның өсиетімен Еділдің сыртындағы батыстық жорыққа Жошының екінші баласы Бату және Жошының өзге балалары да жіберіледі. Солардың қатарында – ең үлкен ұлы Орду. Орду Жошы ұлысының Еділдің сол жағындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын жерлеріне иелік етті. Осы жорықтан кейін Жошы ұлысы Еділден Еуропаға дейін кеңіді және Бату өзінің ордасын Еділдің бойындағы Сарайға (Ақ Орда) орналастырды. Сол Ақ Орданы, Жошы ұлысының астанасын орыстар Алтын Орда деп атады. Сонымен қатар, ол Жүз Орда деп те аталды. Өйткені, Бату әскерді жергілікті казактардан құрады. Бұл жорықтан кейін Батухан Орду Еженнің сол қанатынан тағы ұлыстар бөледі. Жошының бесінші баласы Шейбанға Орду ұлысының батысынан және он жетінші баласы Тука Тимурге Шейбан ұлысының батысынан. Ең мүмкіні, төрелер тармақтарының үлкендігіне байланысты қазақтың үш жүзіне негіз болған, өйткені, заң бойынша, бұл ұлыстардың бәрі Ордуға бағынған. Бұл ұлыстардың ру-тайпалық құрамымен қазақ жүздерінің құрамы негізінен бір және өз кезегінде Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасылары шыққан ежелгі монгол тайпаларымен байланыста.

Төрелердің туыстық үлкендігіне байланысты осы үш дербестенген ұлыстың шартты түрде оларға бағынған өзге ұлыстардың арасындағы шартты үлкендігі шыққан. Кейін осы Орду, Шейбан, Тука Тимурдың үш дербестенген ұлыстары Орду мен Урус тұқымдары басқарған жүздерге айналған. Оларға түрлі жылдамдықпен қазақ рулары мен тайпалары қосылған. Олардың осы ұлыстардағы үлкендігі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығымен, ал кейде, өте сирек, төрелердің қай кезде осы ұлыстарға қосылғандығына байланысты есептелген. Осылайша төрелердің туысқандық үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды, ал олардың ру-тайпалық құрамы қазақ рулары мен тайпаларының төрелерге жақындығына байланысты болды.

Тайпадан тыс ноғайлар, тайпадан тыс моголдар сияқты, шыныменде тайпалардан тыс қазақтармен туыс еді және олардың төрелерге саяси жақындығы һәм олардың шежірелерінің төрелер шежірелеріне жақындығы қазақтар қосылған сәтте мәлім болған. Бірақ моголдар, ноғайлар сияқты, Ұлы және Кіші Жүздің құрамына кіргені болмаса, оларды құрамаған. Тек осы мағынада ғана барлық жүз арқылы өтетін барлық ру мен тайпаларының үлкендігі қазақтарға және өз төрелері династиясы жоқ ноғайлар мен моголдарға ұнамды болар еді.

XIV ғ. ортасында Жошы ұлысының оң қанаты ру-тайпалық ақсүйектерінің билігі асқасын және Тоқты мен Бердібек хандар барлық Бату тұқымын өлтіргеннен кейін, Орду тұқымының үлкендігі Алтын Орданың бас тағынан үміт етуге мүмкіндік берді. Және XIV ғ. екінші жартысында Урус хан (билік еткен жылдары 1368–1377), Шыңғысханның үлкен немересі, Орду Еженнің тұқымы, солай жасады. Алаш ханның прототипінде, ол Алтын Ордада Ұлы Бүлік басталғанда, Жошы ұлысын қайта құру мақсатында, Ақ Орданы басып алып, Көк Орда (Қазақстанның) тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Бату тұқымдары өлгеннен соң, Алтын Орданың бірлігін қайта жандандыру мүмкін емес еді. Ақ Орда және Көк Орда қазақ төрелеріне қалды. Осыған байланысты Қазақстан өзінің төл астанасы Сығнақтан айырылып қалды. Оны Тамерланның көмегімен Тоқа Темірдің тұқымы Тоқтамыс тартып алды. Және содан кейін Тоқтамыс Сарайды да басып алып, Урусты қуды, бірақ Ақсақ Темірмен жауласа бастады. Амал жоқ, Темір Алтын Орданың Еділ бойындағы бүкіл сауда қалаларын қиратып, Сығнақ тағын Урустың баласы Құйыршыққа алып беруге мәжбүр болды. Содан бері Жошы ұлысы Сарай астанасы бар Алтын Орда ретінде жойылады да, ал Ақ Орда мен Көк Орда саяси құқықтық мағынада араласып және кірігіп, қазақ хандарының төрелік династиясы ретіндегі урусидтердің иелігіне айналады.

Кейін, XV ғ. басында шейбанид Абулхаир хан урусид Барак ханның өлімін ұйымдастырып, Қазақстандағы билікке қол жеткізеді және оны бұрын Алтын Орданың билігін тартып алған, өзін өтірік батуид деп сендірген Өзбек ханды есіне алып, Өзбек ұлысы деп атаған. Сол ғасырдың ортасында Абулхаирдың өлімінен кейін урусидтер Керей мен Жәнібек Қазақстандағы Урус ханның династиясын қайта таққа отырғызады. Бірақ өзбек урусидтер арасында тұтас хандыққа иелік ететін хан болмағасын, олар урус деп аталмай, «казак» деп аталды, ал Орта Азияға көшкен шейбанидтердің тұқымы өздеріне өзбек атауын қалдырған. Сөйтіп, қазақтар ақыры өздерін өздерінің әлеуметтік өмір дағдысымен атаған.

Осы сәттен бастап ежелгі монгол суперэтносының казактары Қазақстанды мекен еткен, ал олардың жүздік пен мыңдықтары потестарлық-саяси негізінде тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі —олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.

Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.

Сөйтіп, XVI ғ. казактар нағыз қазақтарға айналып, өздерін жартылай отырықшы украин және орыс казактарынан тарихи жолы мен өмір салтында ұқсастық болса да, бөлек санады. Нағыз орыс казактары «ордалықтар» («ордынские») Русьтың тек оңтүстік шетінде емес, барлық жерде Алтын Орданың ежелгі монголдарынан, «татар» казактарынан шыққан. Және Мәскеу Русін қорғау қызметіне олар татар-монгол езгісінен азатталғаннан кейін тұрған.

Қазақтар құрамында қазаққа өз атын беретін рубасы, немесе тайпалар болған емес. Бұл қазақ этносының жастығы жөнінде емес, оның таза әлеуметтік арқылы құрылғанын айтады. Қазақ хандарының Могулистанға көшіп кетуі көшпелі өзбектердің казак деп қайта аталғанына мегзейді. Еркін болмыстың әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толығынан этникалық ерекшелікке айналған. Бұл әбден-ақ заңды, егер этнос негізінде туысқандық, нәсілдік, антропологиялық ерекшеліктерін емес, әлеуметтік қоғамдастықтың өмір дағдысын, мінез-құлқын және өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттерін алсақ. Өйткені әлеуметтіліктің этнос болмысына қазір кіргені сонша, өзге теориялар сын көтермейді. Сөйтіп, бізде қазір мода боп кеткен казак, киргиз-казак, немесе кайсак сөздерін қазіргі орыс сөзі казахқа ауыстыру дағдысын мүлде қабылдауға болмайды, өйткені ол қазақ этнонимінің тарихына, этимологиясына, семантикасына қайшы.

Қазақтың шаруасы, ежелгі монголдың карачуі, сияқты қатардағы көшпенді, барлық жеке және дүниелік жекеменшігіне құқықтары бар заңды ерікті тұлға, бірақ нағыз казак ретінде ол, әлдеде қолданылып келе жатқан Шыңғысханның заңы бойынша, әскерге шақырылатын және қару ұстауға міндетті еді. Өйткені қаруы болмаса ол халық жиындарында дауыс бере алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, хан өз міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау және территорияны қорғауды алған һәм өзге елдер және халықтармен келіссөз жүргізу хұқығына ие жоғарғы сот және бас қолбасшы болатын. Қазақ төрелерінің қазақлық тағдыры қиын: «бүгін қашқын, ертең хан» дегендей және керісінше. Аса қартайған хандардың өздері «билігінен айырылған және мұрагерлік хұқығы жоқ» ретінде, кәдімгі батырлар сияқты, соғыс алдында жекпе-жекке шығып, өзінен әлде қайда жас қарсыласынан қаза тапқан.

Шыңғысханға табыну дағдысының өте маңыздылығы – ол дін деңгейіне дейін көтерілген. Бақсылар рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

Ханның мұрагерлік иелігі ретіндегі мемлекет бұрындағыдай орда мен елден тұратын. Орда дегеніміз хан шатырынан және оның казак нөкерлерінен тұратын қарулы әскер. Ел мемлекетті құрайтын халық, көшпенді тайпа мен рулардың және көшіп кетуі ұлысты күйретер қарапайым казактардың одақтастығы. Ұлыс өзіне бағынышты жұртты басқарған. Еркін казак елі ретіндегі Қазақстанда мұндай ұлыстар көп болған, XVII ғ. өзінде олар жиырмадан көп болған, әйтсе де, олар үлкендігіне байланысты үш дербестенген ұлыстың айналасында біріккен. Кейін Ресей, Орта Азия және Қытай шекараларын қазақ даласы айналасында тас қып жапқанда, қазақ елі жүздермен бірігіп кеткен.

Тұтас қазақ хандығы ешқашанда болған емес және XVI ғ. кейінгі қазақ хандықтары Монгол империясының бату, жоққа айналу тарихының бір бөлігі. Егер бәрі де Урус хан, Қасымхан сияқты, қуатты патшалардан басталса, бар егеменді тарихымыз мемлекет басшыларынан гөрі қарақшылар атамандарына ұқсас Абылай хан және Әбілқайыр ханмен бітеді. Ал егемендіктен айырылғаннан кейінгі XIX ғ. тарихымыз ол да белгілі: әлгі хандардың соңынан келген Ресей шенеуніктері қазақ даласындағы барымта мен бұзақылықты тия алмай, жынданып кете жаздаған. Қазақтардың бірінің үстінен бірі жазған арыздарына әлі де Ресей архивтері толы. Жырлары адуынды және асқақ жыраулардың орнына не болса соны сөз қылатын өлеңшілер келді. Қазақтар көбінесе соңғы пассионарларын өздері өлтіреді. Ал ұлттың нағыз мәйегі – Алаш Орда қайраткерлері халық ішінде өте аз қолдау табады. Мұның бәрі, әрине, трагедиямен бітеді.

1.Белгілі зерттеушілер айтуынша «Шах-Намеде» «казак» этникалық термині әлі табылған жоқ (Валиханов Ч. Собр. соч. Т.1. С.370), бірақ бәрібір Левшин қателеспеген болу керек, мүмкін, ол эпостың өзге варианттарын білген шығар. Порфирородныйдың мәліметтері осы аттас, тұстас елді көрсетіп тұр және уақыты бойынша сәл ертелеу

Ücretsiz ön izlemeyi tamamladınız.

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
23 ocak 2019
Yazıldığı tarih:
2014
Hacim:
585 s. 42 illüstrasyon
ISBN:
978-601-80330-0-1
Telif hakkı:
Фонд "Аспандау"
İndirme biçimi:

Benzer kitaplar