Kitabı oku: «Конни мен марғау»
Аударған – Ақжан Аманжол
Редакциялаған және корректурасын жасаған – «Қазақстан аударма академиясы»
Все права защищены. Данная электронная книга предназначена исключительно для частного использования в личных (некоммерческих) целях. Электронная книга, ее части, фрагменты и элементы, включая текст, изображения и иное, не подлежат копированию и любому другому использованию без разрешения правообладателя. В частности, запрещено такое использование, в результате которого электронная книга, ее часть, фрагмент или элемент станут доступными ограниченному или неопределенному кругу лиц, в том числе посредством сети интернет, независимо от того, будет предоставляться доступ за плату или безвозмездно.
Копирование, воспроизведение и иное использование электронной книги, ее частей, фрагментов и элементов, выходящее за пределы частного использования в личных (некоммерческих) целях, без согласия правообладателя является незаконным и влечет уголовную, административную и гражданскую ответственность.
© Carlsen Verlag GmbH, Hamburg, Germany, 2006
First published in Germany under the title Conni bekommt eine Katze. All rights reserved
© Басылым қазақ тілінде, аударма, безендіру. Zerde Publishing, 2024
* * *


Сәлем!
Мен Коннимін.
Дос болайық!
Мен ата-анаммен бірге тұрамын.
Маған қызыл түс,
жолақты жеңіл жейделер және
ашық түсті шұлықтар қатты ұнайды.
Мен ойнағанды, сурет салғанды
және жаңа нәрселерді
үйренгенді ұнатамын.
Күн сайын неше түрлі
қызықты оқиғаларға
тап боламын!
Дәл сен секілді.
Екеуіміз бірге ержетейік!
Мен саған бә-ә-ә-рін айтып беремін!
Біз уақытымызды көңілді өткіземіз!

Барлық балалар жануарларды жақсы көреді. Әрбір бала өмірінде тым болмаса бір рет ата-анасынан оған марғау, күшік, тотықұс, теңіз шошқасын немесе қандай да бір жануарды сатып алуын өтінген шығар!
Бірақ көптеген ересектер үшін үйде төрт аяқты досының болуы – үлкен мәселе.
Ұлым екеуіміздің қуанышымызға орай, біз өмір бойы иттермен және мысықтармен бірге өмір сүрдік. Біздің отбасымызда екі мысық және бір кішкентай ит бар. Үй жануары жылу мен мейірім сыйлайтынына және бүлдіршіннің дамуына зор ықпалы барына сенімдімін.
Ұлым екеуіміздің тәжірибеміз үй жануарының балаға басқалар үшін жауапкершілік ала білуді, жинақы әрі тәртіпті болуды үйрететінін растайды.
Коннимен бірге балдырғаныңыз жануардың ойыншық емес екенін, оған күнделікті күтім жасап, тамақтандырып, серуендету қажет екенін түсінеді. Балаңыз өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Ал оның үй жануарымен қарым-қатынас жасау дағдылары оған есейген шағында да көмектеседі.

Конни бөлмесінде мысықтың суретін салып отыр. Ол көптен бері марғауды қалап жүр, бірақ ата-анасы әлі келіскен жоқ. Бүгін Конни әкесіне сыйлық ретінде сурет салып жатыр, сондықтан ол ерекше тырысуда. Суретті әкесі қайтып келгенше аяқтауы керек. Коннидің сурет салуға беріліп кеткені сонша, ол тіпті үйдің алдына кенет көліктің келіп тоқтағанын естімейді.
Ücretsiz ön izlemeyi tamamladınız.