Kitabı oku: «Аққулар ұйықтағанда», sayfa 6
Yazı tipi:
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Күледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман-əні.
Алдымен жұрт үн-түнсіз таңданады,
Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады…
Бірде ана көкке жайып алақанын:
«Қазір, ботам… Мінеки, таң атады…
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын…
Жазыласың құлыным…балапаным!
Қасиет!.. О, қасірет! Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!.. Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!..Қасымдағы досымдай ма ең!..
Қасиет… Қасірет…
Қасірет… қасиет…»
Эпилог
…Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,
Жерді аңсаймын…
Жалғыз-ақ сол – арманым.
Қиын екен, қимасың екі бірдей,
Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны…
Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,
Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін?
Балам-ай, мынау өмір-дарияның,
Білмейсің қайда екенін өткелінің.
Аққулар…
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды…
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Türler ve etiketler
Yaş sınırı:
12+Litres'teki yayın tarihi:
22 ocak 2017Hacim:
7 s. 1 illüstrasyonTelif hakkı:
Public Domain