«Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім» kitabından alıntılar
Біз қателесеміз және қатені мойындаудың орнына өмір бойы өзімізді ақтаймыз. Біз басқаларды (ортаны), жағдайды кінәлаймыз, оның орнына біз неге былай айтпаймыз: «Мен өз өмірімді өзім басқарып келдім. Менің миымдағы ойларды басқаратын жалғыз менмін және дәл қазір менің кім екенім, қандай екенім – менің өзіме өзім жасағаным».
Тағдыр сіздің миыңызда. Миыңызды қағаз деп елестетіп өз тағдырыңызды өзіңіз жазуға құқыңыз бар. Осыны мақсат қылып алыңыз. Бұл сіздің өмір кітабыңыз.
бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілікті алудан басталады.
Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрінеді. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек.
қағаз бен баспа белгілері – бұл кітаптың нақты мазмұнының кішкентай көлеңкесі ғана. Ал нақты мазмұны оны қаншалықты түсінуге байланысты. Кітаптың сырты емес іші маңызды, себебі кітаптың іші толған идеялар әлемі.
Мүмкін, кез-келген нәрсені қалай берудің орнына, біз одан да көп даналық іздеуіміз керек шығар. Даналықты іздеу әлдеқайда қауіпсіз
Сіз өз мақсатыңызды жүзеге асыруды үйрену үшін осы дүниеге келдіңіз. Әр адам бұл өмірге босқа келмейді, жоғарыдан миссия жүктеледі, бірақ өкінішке орай көп адам сол миссиясын орындай алмай, жүзеге асыра алмай, өліп кетіп жатады.
Өз қалауларыңызға абай болыңыздар, өйткені сіз оларды толықтай жүзеге асыра алатын барлық еркіндік бар!
Біз өмірдің қағазы мен сиясына қараймыз: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ұйқы. Біз өмірдің әдеттегі көріністеріне қарап, «бұл өмір» дейміз. Бұл қағаз бен баспа белгілеріне қарап, «бұл кітап» деп айту сияқты. Бірақ біздің өміріміз, кітап сияқты, мағынасы бар және, әрине, өмірдің мақсаты – қағаз бен сияда емес, оның мағынасында екенін бәріміз білеміз.
Сіздің ақылыңызды үнемі иеленетін ақпарат – ойға (ішкі сөз + қиялдағы бейне) айналады, сосын әрі қарай сіздің бейсанаңызға еніп, біртіндеп сіздің тәжірибеңізге айналады