«Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім» kitabından alıntılar, sayfa 2

Өзіңізді бір нәрсеге байланған сияқты сезінбеңіз және өзіңізді шектемеңіз

Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымызға бағытталуы керек.

ақиқатты түсінген сәтте біз осы өмірдің галерадағы құлдығынан арыламыз және өз өмірімізді өз еркімізге қайтарып, басқаша, ақиқатқа сай, лайықты өмір сүре аламыз.

Бәрі бақытты болу туралы айтады бірақ оның мәнісін азы ғана түсінеді, себебі ол абстрактілі ұғым. Осы идея көмегімен ғана сіз өмірдің бүкіл кітабын түсінуге ұмтыласыз. Сіз жалпы өмір кітабына араласа алмайсыз, бірақ өз өміріңіздің кітабы, өзіңіздің миыңызда екенін ұмытпаңыз. Сіз өмірден кішкене ғана мағына тапсаңыз, ол сізді терең мағынаны іздеуге итермелейді. Бұл іздеу ешқашан нәтижесіз болмайды: ол сізді мазалайтын сұрақтарға толығырақ жауап беруге, тереңірек және мағыналы өмірге жетелейді

Өз кінәсін, қателігін мойындаған, келіскен адам бостандыққа шығарылды және кешірілді, ал ақталатын дәлел іздеп, айыпсызбын деп өзін ақтағандар мен сылтауды таңдағандар галерада қалды.

Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оны жүзеге асыруға жақындатады.

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар не үшін болды? Өйткені біз оларды сұрадық. Кейде мұны түсіну өте қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл рас.

Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз

Өзімізді бір орында ұстап тұрған жалғыз адам – өзіміз ғана. Өз арман-мақсаттарымыздың бетін қайтарып жатқан өзіміз ғана. Өз бағымызды байлап жатқан, сананы шектеп жатқан, жасанды мүгедек жасап жатқан өзіміз ғана. Екі өмірде де бақытты болуға кедергі – өзіміз ғана.

алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар.

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
13 eylül 2021
Yazıldığı tarih:
2021
Hacim:
100 s. 1 illüstrasyon
ISBN:
978-5-532-93740-6
Telif hakkı:
Автор
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu

Bu yazarın diğer kitapları