Kitabı oku: «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ», sayfa 5

Yazı tipi:
 
Ер Əзім шыға келді ішін жарып.
Адамзатты көрген соң бұдан шошып,
Отырды самұрық құс аулақ барып.
 
 
Жалтаңдап Əзім шықты тау басына,
Тапты топырақ, толтырды дорбасына.
Қап толған соң, арқанға мықтап байлап,
Тау басынан жіберді атасына.
 
 
Жіберді əлгі қапты жерге атып,
Антұрған шал дəулетке қалды батып.
Қап жерге түскеннен соң, дінсіз кəпір
Арқанды алып кетті жұла тартып.
 
 
Айырылып арқанынан Əзім қалды,
– Арқанды неге алдың! – деп, айғай салды.
– Талайды осы тауға тастағанмын,
Соның бірі болдың – деп, кете барды.
 
 
Сұм шалдың дінсіздігін сонда білді,
Қарамай, бір қайырылмай, жүре берді.
Кəпірдің қайрылмасын білгеннен соң,
Жүгіріп жалтыр тастан жол іздеді.
 
 
Көрді, білді ол таста жолдың жоғын,
Сонан соң қамдап бақты қарны тоғын.
Азырақ жеміс тауып жеді дағы,
Көрмекке жата кетті Хақ бұйрығын.
 
 
Күн де батты, бір жерге Əзім жатты,
Күн батқан соң жан-жағы салдыр қақты.
Қараса қаптап жүрген бəрі айдаһар,
Сонда да біраз жатып ұйықтап қапты.
 
 
Ұйықтап кетіп, шошынып тез оянды,
Жұтқалы көрді келген айдаһарды.
Не де болса тəуекел қылды дағы,
Қанжармен қақ басынан шауып қалды.
 
 
Өзі де бір тарапқа ыршып кетті,
Бір биік ағаш көрген, соған жетті.
Биік жерде болайын деді дағы,
Сол түні ағаш басын мекен етті.
 
 
Əр-бері жатты-дағы, ұйықтап қалды,
Шаршаған ғой, күн шыға зорға оянды.
Қараса басқа айдаһар жоғалыпты,
Өзі шапқан таныды айдаһарды.
 
 
Ойлады тірі болса кетпес пе еді?
Өлген ғой мына айдаһар деп ойлады.
Ағаштан түсе қалып айдаһарға,
Қолына қанжар алып жетіп барды.
 
 
Көрді, білді айдаһар тірі емесін,
Тəңірі ұзын жаратқан сом денесін.
Қанжармен таспадай қып тіліп алып,
Аз уқалап кептірді жон терісін.
 
 
Жалғап-жалғап, бір ұзын арқан етті,
Ер Əзім осылайша талап етті.
Бір ұшын тасқа байлап жібергенде,
Түсетұғын орнына əбден жетті.
 
 
Ер Əзім тəуекел қып жаннан күсіп,
Арқаннан ұстады да, кетті түсіп.
Қарақат жеп, мойыл жеп, судан ішіп,
Өзенді құлдады да жүгірді ұшып.
 
 
Үш қонып, төртінші күн белден асты,
Ол күні алтынды үйге душарласты.
Тау басынан түсірген тəуекелмен
Сол үйге кірмек болып қадам басты.
 
 
Қақпадан кірді ішкері қадам басып,
Бір үйінен өрледі бір үйге асып.
Тілдесерге еш адам жолықпады,
Төрдегі үйге кірді есік ашып.
 
 
Екі сұлу қыз отыр төрдегі үйде,
Ондай сұлу көрген жоқ бүтін елде.
Екі қыз шатраш ойнап, білмей қалды,
Кірді де тұра қалды орта жерде.
 
 
Екі қыз мұны көрді бас көтеріп,
Адамзатқа таңырқап, тұрды елеріп.
– Ей, жігіт, түсің жақсы жан екенсің
Жүр едің жəдігөйге не қып еріп?
 
 
Сөйледі Əзім дағы аянбай-ақ:
– Мен ғаріп бишарамын жүрген саяқ.
Əуелде өзі көрген бар қысаны
Сөйледі бірін қоймай бастан аяқ.
 
 
Екі қыз естіп білді Əзім жайын,
Есіркеп, мүсіркейді айтқан сайын:
– Сен бізге бауыр болып, тұр осында,
Не керектің қылалық бəрін дайын.
 
 
Құп болсын, олай болса, апаларым!
Дүниенің тартып жүрмін жапаларын.
 
Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
26 şubat 2017
Hacim:
9 s. 1 illüstrasyon
Telif hakkı:
Public Domain
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu