Kitabı oku: «ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ», sayfa 4

Yazı tipi:
 
Ойлады: өтірік болса, неге именді?
Мастықпен қылса, қылған шығар-ау деп,
Іс көрмеген жастықпен жəне сенді.
 
 
– Мастықпен қылған болсаң, кештім саған,
Кəрі ит те: – шырағым – деп арсаңдаған.
Жел тынып, күн айығып баяғыдай,
Хикметімен тоқтатты бір жасаған.
 
 
Баланы сыйлап жатыр тамақ қамдап,
Су төккісіз жорға боп шал жылмаңдап.
Отыз құл мынау тек жан емес қой деп,
Əлінше қызметінде жүр тырбаңдап.
 
 
Бір мезгілде шал айтты: – Балам, тоқта,
Мысты алтын қылатын дəрі осы жақта.
Алыс емес, аз күндік жақын жерде,
Болмай ма молықтырып ап қайтсақ та?
 
 
Бала айтты: – Өзің біл! – деп бұл сөзіне,
Шал қуанды тиген соң ерік өзіне.
Төбесінен тік тұрып қылды қызмет,
Титтей шəргез келмейді мінезіне.
 
 
Сып етіп бір жағаға келді жетіп,
Шал жөнелді, баланы қасына ертіп.
Бір барабан тұр екен, қағып еді,
Қамады желмаялар дүбірлетіп.
 
 
Үш желмая ұстады жорығына,
Бірінің азық артты қомдығына.
Екеуіне ер ерттеп мініп алып,
Барабанды қалдырды орынына.
 
 
Желмаялар келеді желдей есіп,
Сұм шалдың бір тарапты көзі тесіп.
Шал айтады балаға: – Көрдің бе? – деп –
Бұлт тұр бұлдыраған елеңдесіп?
 
 
Ол өзі – бұлт емес, Қаптың тауы,
Бір бөлек үлкен таудың бергі бауры.
Бергі таудың басында сол дəрі бар,
Қырандай ап қайтармыз жібек баулы.
 
 
Түні бойы жүріпті, болды сəске,
Көрінді жарқыраған үйдей нəсте.
– Бұл не? –  деп сұрап еді, тұра қашты,
Биттей аял қылмады кəпір əсте.
 
 
– Бұл не? –  деп тағы да айтты Əзім сорлы,
Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы?
– Шырағым, мұның өзі қатерлі жер,
Бұл бір қаскөй жəдігөй дəудің орны.
 
 
Соны айтты да, шал сабап жүре берді,
Бір өзен жатыр екен, соны өрледі.
Өзенді өрлегеннен бір айырылмай,
Дəл бесінде ұшыртып тауға келді.
 
 
Келді де бір жартасқа түсе қалды,
Азық артқан маяны жарып салды.
Ішін жарып, іштегі ішек-қарнын,
Өкпе-баурын тазалап, бəрін алды.
 
 
Сонда шал Əзімге арқан, қанжар берді,
– Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді, —
Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам,
Тау басында самұрық бізді көрді.
 
 
Бұл жерге мен кеткен соң самұрық келер,
Маяны іліп алып, биікке өрлер.
Бір жерге қонғаннан соң жар-дағы шық,
Именіп адамзаттан ұшып кетер.
 
 
Тау басында бар қара ұсақ топырақ,
Қапқа толтыр кешікпей жылдамырақ.
Қап толған соң арқанға байлап жібер,
Саспай шешіп алғанша тоқта бірақ.
 
 
Сонан соң арқаныңды тасқа байла,
Түсетұғын ыңғайлы жерді сайла.
Арқаннан ұста дағы түс сырғанап,
Жарамайды, қылмасаң сүйтіп айла.
 
 
Қап алды, қанжар алды сонда Əзім,
Сөзінің ұқты бəрін қылмай жазым.
– Шырағым, айтқанымды жаңылма, –  деп,
Барынша қылып жатыр шал да тағзым.
 
 
Əзім де бөгелмеді бойын тежеп,
Талабы, тəуекелі сондай-ақ көп.
Тəңірінің бір жазғаны екі болмас,
Маяның ішіне енді тəуекел деп.
 
 
Маяның кетіп қалды ішін тігіп,
Шалекең жасырынды талға кіріп.
Аспаннан самұрық келіп, іліп алып,
Қайқайып қайта шықты бір-ақ ырғып.
 
 
Маяны самұрық қонды тасқа апарып,
 
Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
26 şubat 2017
Hacim:
9 s. 1 illüstrasyon
Telif hakkı:
Public Domain
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu