Kitabı oku: «Еспембет», sayfa 4
Yazı tipi:
Екі елдің жүйрік даңғылы
Қозы орнына тай сойып,
Асықтай атты жамбыны.
Қара қазық басына
Қарақшы туын байлады,
Кіреші шығып əр таптан
Шығарып атты айдады.
Бас бəйгесі жүз тайлақ
Солқылдаған өркеші,
Маңдай алды келеді
Еспембеттің Бөртесі.
Шақырып алып Еспембет
Ақтамберді қолбасын,
Бес Сыбанның ұлына
Ортаға салды олжасын.
Жүз тайлақтан есептеп
Біреуін де алмады.
«Ердің сыйы» деседі
Ортаға олжа салғаны,
Бір шағым от барлығын
Елі сонда аңдады,
Еспембеттен Бөртенің
Бұрын шықты атағы.
Ақбөртеге қызығып,
Біреу қойын қосақтап,
Біреу қысырақ матады.
Жан серігі Бөртені
Дүниеге неге сатады?
Тірі болса Еспембет
Алыстан тілеп тоятты,
Түзден дəмді татады.
Ерге күрең ел қайда,
Наймандай жайған қанатын,
Тарбағатай, Алатау,
Екі тауды бөктеріп,
Қанатын жəйіп алатын.
Ауызбен айтып жеткізбес
Сəні менен санатын.
Тұнық көлдей толқыған
Тоқсан мың жүзіп қанатын.
Ол шеті мен бұл шетіне
Тұяғы тозып, ат жүрсе.
Құс қанаты талатын.
Найманның ту басшысы
Байжігіт, ер Қабанбай
Беті қайтпай жасынан
Талай бұзған қамалды.
Қабанбайдың тұсында:
Жүгендеусіз жылқысы,
Қосақтап қойы саналмай,
Қарт батыры Сыбанның
Ақтамберді, Саббастай,
Айласы мен əдісін
Адам ойлап таппастай.
Алты малта ас қылып
Белін шешіп жатпастай.
Айбарын оның сұрасаң,
Сырт дұшпаны батпастай,
Беріктігін сұрасаң,
Елін жауға сатпастай.
Қабанбай елге жар салды.
Аттанбаққа қалмаққа;
Өксікті кеткен қалмақтан
Елдің кегін алмаққа.
Қаракерей, Матайдан
Өңшең саңлақ жиылды,
Қашырдай қатып тұлпарлар
Ерлер тастай түйінді.
Ер жүректі Еспембет
Ақбөртені баптады.
Сары ырғай садаққа
Терісінен бұғының
Адырнаны таққаны,
Алмас қылыш асынып,
Еменге найза саптады.
Басталар қашан соғыс деп,
Асығып тыным таппады,
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік қақпады,
Ерлік қысқан кеудеге
Ішкен асы батпады.
Қамын жеген қазақтың
Батырдың сарқыт ақыры,
Туын тікті сыбанның
Ақтамберді батыры
Ауылдан шығып ат қойып,
Аруақтап ұран шақырды.
Жөңкерілген қалың қол
Жүйткіген желге ұқсады,
Көрінісі кей кезде
Толқыған гүлге ұқсады,
Мұнар түнеп бұлт көшкен
Асқар белге ұқсайды.
Кенетінен ду етсе,
Тас қопарып, тау бұзған
Аққан селге ұқсайды.
Ақтамберді, Қабанбай
Алдындағы көсемі,
Келелі сөзге Сасан бар
Жібермейтін есені.
Еспембеттей ержүрек
Türler ve etiketler
Yaş sınırı:
12+Litres'teki yayın tarihi:
23 ocak 2017Hacim:
7 s. 1 illüstrasyonTelif hakkı:
Public Domain