Kitabı oku: «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім», sayfa 4

Yazı tipi:

Жағымпаздық немесе шын мақтау

Сіз жағымпазданасыз ба? Біздің көпшілігіміз достарымызды мақтау сөздерімен марапаттағанды ұнатамыз, бірақ жағымпаздану мен шын мақтау арасында чёткий шекара бар. Басқа адамдар туралы шын жүректен жағымды сөздер айту – бұл біздің өмірімізді толығымен құлпыртатын жақсы әдет. Бірақ әдеттегідей, мысалы, ақша жағдайында, шындық және адалдықпен қатар, өтірік және арамдық та пайда болады және де біздің тақырыбымыздағы жағымпаздық – мақтаудың, комплимент айтудың өтірік, жалған түрі.

Жағымпазданудың көптеген дәрежелері бар, сондай-ақ жағымпаздыққа итермелейтін мотивтерде (себеп) көп. Кейде бұл өзін-өзі алдаудан басқа ештеңе емес, мысалы бір студент сияқты, мұғалімге бірнеше мақтау, комплимент айтып қажырлы еңбек пен адал оқуды алмастырады деп үміттенеді, бұл жерде мәселе ақша тығу немесе диплом сатып алу жайлы емес. Ең оңай және жеңіл жолы – жағымпаздану. Кейде біз жалғандық атты жағымпаздық атмосферасына тап боламыз, мұнда бәрі бір-бірін өтірік мақтаумен жарысады, шынайылық та, сын да жоқ, тек жағымпаздану. Мейірімділікке үміттеніп біреуге жағымпаздану, болашақта пайдасы тиеді немесе көмектеседі деп біреуге жағымпаздану – өте ауыр және лайықсыз жұмыс, шынайы, шын жүректен мақтауға, шын комплимент айтуға қарағанда әлдеқайда қиын жұмыс.

Көріп жүрсіздер ғой, мақтау естігісі келетіндер танылу үшін жұмыс істейді және жағымпаздарды күтіп отырады, ал жағымпаздар жұмыс істемейді, олар тек жағымпаздықпен айналысады, бірақ бұл жұмыстың ең қиыны… және арамы.

Негізінде, мақтану немесе мақтау сөз естігісі келу есірткіге өте ұқсас: біреулерден мақтау сөздерді күтуді бастайсыз, олардың көбісі өтірік мақтайтындар және жағымпаздар, сізге мақтану процессі кайф алып келеді, ақыры тоқтату қиынға соғатынын түсінесіз. Әрине шынайы, шын жүректен мақтайтындар, комплимент айтатындар бар, бірақ бұл сіздің миыңыз үшін жай ішкі, көңіл бостығының орнын толтыру ғана. Мақтанудың дозасын жоғарылату – жағымды әсердің азаюына алып келеді және бұндай өмірдің жалпы нәтижесі толығымен теріс болып шығады.

Жағымпаздануға оралсақ, олар өзінің еңбегімен емес, жағымпаздықпен өмір сүретін адамдар, олар қауіпті жағдайда. Мұндай адамдар түсінуі керек, әлі уақыт барында, соған жұмсалған уақыт пен күш-қуатты, лайықты, асыл мақсатқа жетуге бағыттау керек және адал жолды таңдау керек, сонда ондай адамдар қалағанына тезірек және қауіпсіз жеткізеді. Ең қауіпті жағымпаздық – біреудің басын айналдыру, шатастыру мақсатымен қолданылатын жағымпаздық.

Мақтану адамның батылдығын, шешім қабылдай алу қабілетін әлсіретеді, ол өзін абыройлы қыламын деп абыройсыз етеді. Ол мұны ақылға қонымды және өзіне лайықты жұмыс деп санайды. Ол мұны жасай берген сайын ләззат алады және соның салдарынан, ол өзін ақиқат принциптерін бұзуға мәжбүрлейді.

Бұл Забурда да айтылған, онда былай делінген: «Олардың тілдері мақтаншақ, жүректері екіжүзді». Мұндай мақтаншақтықпен, екіжүзділікпен біз конструктивті өмір сүру (шығармашылық өмір салтын қалыптастыру) мен дұрыс ойлауға қол жеткізе алмаймыз. Мақтаншақтарға ешқашан сенуге болмайды. Мақтаншақтықпен достық болмайды, себебі бұл өзін-өзі тым қатты жақсы көру, бұл адам үшін рухани қарым-қатынас проблемаларын туғызады.

Өзгелерге шынайы ризашылық білдіру тұңғиықта жатыр. Өмірде жүріп бара жатып тек жақсылық іздеңіз. Нағыз жақсылықтың не екенін ажырата біліңіз және мақтауға лайықты адамдарды ғана мадақтаңыз, бірақ жан тыныштығын, әлеуметтік жағдайды немесе қаржылық әл-ауқатты жағымпаздық арқылы сатып алуға тырыспаңыз. Бұл жалған ақша немесе атақ және уақыт өте келе ол сіздің өміріңізді өз қолына алады.

Көмектесуге әрдайым дайын болыңыз

Сіз «Титаниктің» қайғылы оқиғасын есте сақтағаныңызға сенімдімін, бірақ сіз «Калифорния» оқиғасының алғашқы оқиғамен тығыз байланысты екенін білесіз бе?

1912 жылы Ұлыбритания жағалауынан «Титаник» кемесі (лайнер) Атлант мұхиты арқылы круизге кетті. Титаник сол кезде салынған ең үлкен кеме болатын. Сол кезде оның мүлде батпайтынына бәрі сенімді болатын, алайда Атлант мұхитының ортасында кеме су астындағы айсбергке тап болды және тез арада батып кетті. 2000 жолаушының 1517-сі қайтыс болды. Әрине, бұл қайғылы оқиға үлкен наразылық тудырды. Егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізілді және оқиғаның себептері анықталды: кеменің жылдамдығы тым жоғары болған, құтқару катерлерінің саны жеткіліксіз болған және олар нашар жабдықталған, бірақ ең бастысы – айсбергтер туралы ақпарат болмаған. Осы оқиғадан кейін Халықаралық айсберг патрульі құрылды және де қатаң ережелер енгізілді. Бұл зерттеу кезінде тағы бір факті анықталды, бұл туралы көп адам біле бермейді.

«Титаник» суға батып бара жатқанда, небәрі отыз км қашықтықта басқа кеме болды, «Калифорния»! Ол туралы әрине кино түсірілген жоқ, бірақ мәселе онда емес. Ол кезде радиобайланыс соншалықты тиімді емес еді және радио операторлары аз болды. Сол кеште «Калифорнияның» жалғыз радио операторы сағат он жарымда рациясын өшіріп тастады және ұйықтауға кетті. Бір сағаттан кейін «Титаниктен» көмекке үмітсіз өтініш келді, бірақ «Калифорния» радиосы өшірулі болды. Негізінде «Титаник» – тің суға кету себебі, басқа кеме жанында бола тұра, одан бір сағаттық қашықтықта, не болып жатқанын білмей, «Калифорния» кемесінің көмекке келмеуі. Мен үшін «Титаниктің» басты трагедиясы: көмек мүмкін болатын, бірақ көмектесе алатын кеме бұл туралы білмеді!

Бұл бәріміз үшін үлкен сабақ. Сіз өмір теңізінде кемемен жүзгенде, басқа біреудің кемесі, қандай да бір айсбергке соқтығысуы мүмкін шығар және көмекке шақырып жатқан шығар. Бірақ ең өкінішті жағдай, адамдар «SOS» немесе «Маған көмек керек» деп айқайламайды, мен қайыр сұрау жайлы айтып отырған жоқпын, мен ақылдың көмегі жайлы айтып отырмын. Мысалы бір адамның тозаққа түсіп кетуінен бәлкім сіз құтқаратын шығарсыз, яғни мен рухани көмек пен бірлік жайлы айтып отырмын. Көп адамға көмек керек, көп адамға кеңес керек, көп адамға қолдау керек, шын мәнінде көп адамға ең бірінші кезекте материалдық емес моральдық көмек керек, себебі біріншісі ол жай салдары ғана. Көп адамға бағыт керек, көп адамға жол көрсету керек, ал бірақ көп адамға ақшадан басқа ешнәрсе керек емес, ал тура жол көрсету ше, ол да көмек емес пе? Бірақ кей адамдар «Мен итак та тура жолдамын, мен бес уақыт намаз оқимын, ораза ұстаймын… мен көмекке мұқтаж емеспін» дейді. Көмек біздің барлығымызға да қажет дүниедегі ең тақуа немесе ең білімді адам болсақ та. Көмек алу, көмек беру, бұл адамзаттың бірігуінің жалғыз жолы.

Көп адам рухани көмекке ашуланумен, алшақтықпен, сарказммен немесе басқаша реакция жасайды. Басқа адамдардың «SOS» – ын тыңдауға уақыт бөліңіз. Бұл ағылшын тілінде «жанымды сақта» дегенді білдіреді. «Мен саған көмектесе алмаймын» деп айтпауға тырысыңыз. Үмітсіз өтініштерді тыңдаңыз: «Өтінемін, мені жақсы көріңіз. Мен қиналып жүрмін және жалғызбын». «Менің уақытым жоқ, жұмыстарым бар» деп айтпаңыз, жұмыс ешқайда қашпайды, ал көмектің сауабы қашып кетуі мүмкін. Алайда бұндай көмекке шақырулар кез келген күні естілуі мүмкін, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. «Калифорния» кемесі болмаңыз, ұйықтап қалмаңыз дегенім ғой. Қаншама титаниктар айналаңызда батып бара жатқанын біліңіз және сіз «SOS» – ты естіп, көмекке келе аласыз. Бұндай керемет қасиет сіздің тағдырыңызға жазылуы керек.

Бос қиял жүзеге аспайды

Сіз ойланып көрдіңіз бе, қаншама адамдар санасында бос қиялдар бейнелейді, содан кейін үнемі қорқынышпен өмір сүреді. Олардың санасында керемет қиялдар бейнеленген: «көңілді сәт» қиялы, «жеке бақыт» деп аталатын қиял. Бұл қиял әлемінде олар өз өмірлерін жүргізеді, оларды қиял әлемі ешқашан тойдырмайды. Бақытты өмірдің қиялдары бар, онда адамдар таңғажайып нәрселер жасайды, тамаша жұмыс жасайды, ақылсыз қателіктерден аулақ болады және өздерін шын мәнінде құнды нәрсеге қол жеткіздім деп санайды. Біреулермен танысудың да қиялдары бар, олар өздерін көптеген достармен қоршалған, сүйкімді адам ретінде өзін көреді, қоғамға өзін керекпін деп санайды.

Бұл қиялдарда олар өздерін өздерінше көреді, қалағанша елестетіп, шын мәнінде өздерін еркін сезінеді. Кез келген мақсатқа жетуге мүмкіндігі бар қиял әлемі бұл. Бірақ олар қиял әлемін тастап кеткенде… күнделікті шынайы өмір әлеміне көшеді, содан кейін олар көңілсіз болады және олар нағыз бақытты құру «мүмкін емес» дейді. Ал басқалары, өмір – бұл керемет сый және ол «мүмкіндіктерге толы» дейді. Түсіну және сүю қабілеті берілген өмірде қалайша көңілсіз болуға болады. Бұл адамдарда мәрмәр, гранит және жылтыр емен ағаштары бар, бұдан керемет өмір әлемін жасауға болады, ал кейбір адамдарда тек щепкалар мен балшық бар, одан тек лашық тұрғызуға болады.

Бірақ бұл дұрыс емес. Бізді өмір ешқашан ұсақ-түйекке итермелемейді. Бізді өмір ұсақ-түйектен үнемі керемет перспективаларға ұмтылуға итермелейді, және егер біз көзімізді ашсақ, біз нені көреміз: бақытты өмірді құруға деген шешімнен басқаның бәрі бар екенін көреміз. Біздің қиялдағы бейнелерді шын мәнінде өмірде құруға болатынын, біздің күнделікті өмірімізге айналдыруға болатынын мойындау керек, бірақ бос қиялға әсіресе жағымсыз, теріс, негативті уақыт құртудың қажеті жоқ.

Ең жақсысы әлі алда

Қалай ойлайсыз, біз қаншалықты қартайдық? Мен бүкіл адамзатты айтып отырмын. Сіз қалай ойлайсыз, адамзат өзінің дамуының бастапқы сатысында тұр ма әлде соңына жетті ма? Сіз адамзат өзінің қартаю кезеңіне келді деп ойлайсыз ба? Бәлкім біздің бірінші өмір ақырзаманға дайындалып жатқан шығар?

Менің болжамым (Нострадамус пен Вангадан қай жеріміз кем) … мені көріпкел деп ойлап қалмаңыздар, бірақ шын болып жатса, болашақта тексере жатарсыздар. Қияметке дейін максимум 7 ғасыр, бұл тым көп менің ойымша, 2—3 ғасыр қалды деп ойлаймын. Мен бұл болжамды 2021 ж. жасап отырмын. Яғни максимальды жер ғаламшары, табиғат, адамзат 28 ғ. дейін ғана өмір сүре алады, бұл экстрасенсорлық болжам емес ақылдың болжамы.

Ал қазір адамзат балалық шақтан ересек өмірге, жеке басым, енді ғана өтіп жатқанына сенімдімін. Бүгінгі адамзат, Исламның хронологиясы бойынша он үш-он төрт жастағы бала. Адамзат қазір цифравизация, автоматизация кезеңін аяқтап, роботизация және модификация кезеңіне өтуге дайындық үстінде, әрине бұны адамдар қабылдай алса, оған бейімделе алса.

Ғалымдар адамның Жер бетінде кем дегенде миллион жыл өмір сүріп жатқанын анықтаған екен. Бірақ, менің ойымша, адамдар әлдеқайда ертерек пайда болған. Ол ондаған мың жылдар бойы өркениеттер құрды. Бұл өркениеттердің көпшілігі қазір ұмытылған, олардың қалдықтары мұхиттардың түбінде, шөлдердің құмдарында, тау жоталарының астында немесе үлкен қорғандарда жерленген. Дегенмен, бізден бұрынғы өткен өркениеттердің бәріне қарамастан, адамзат қазір, өзінің өтпелі кезеңін (переходной возраст) ғана бастан кешуде.

Адамзаттың ғылым мен технологияда үлкен жетістіктері әлі алда екеніне сенімдімін. Себебі біз әлі, өзін-өзі басқара алатын, ұшатын машиналарды ойлап тапқан жоқпыз, біздің үйлеріміз жер бетінен әуеге көшкен жоқ. Әрине мен тым алысқа кетіп қалдым, дегенмен адамзаттың ең үлкен күндері әлі алда.

Адамзаттың шын мәнінде барлық ұлы жетістіктері әлі әлемде пайда болған жоқ. Болашақтың музыкасы, бүгінгі немесе өткен ұлы композиторлардың туындыларынан асып түседі. Моцарт, Бах және Бетховеннен асып түседі, себебі олар да бір кездері өздерінен бұрынғылардан асып түскен.

Болашақ әдебиет сондай шедеврлер тудырады, онымен салыстырғанда Шекспирдің, Мильтонның және басқа да ұлы шырақшылардың туындылары балаларға арналған ертегі болып қалады.

Ежелгі Греция мәдениеті бүгінгі күнге дейін теңдесі жоқ, рухани талпыныстың жаңа толқындары бұл мәдениетті тұғырдан құлатады, ол болашақта міндетті түрде орын алады.

Қазіргі инженерияның ең үлкен жетістіктері: көпірлер, бөгеттер, ұшақтар, электроника және атом энергетикасы – болашақ техникамен салыстырғанда балаларға арналған ойыншықтар сияқты болады.

Бірақ ең бастысы: адамның өзінің рухани мәнін түсінуі және оның рухани әлемі фантастикалық пропорцияларға дейін өседі. Бұрынғы діни данышпандар пигмей (бейшара) болып шығады, болашақтың рухани көшбасшыларымен салыстырғанда. Шамиль Мырзаға Алланың сәлемін жолдаймын.

Мүмкін, адамзаттың ең үлкен жетістігі – бұл үлкен қуат көздерін ашу, әлі ешкім қозғамаған, батылдық пен даналық көздерін ашу. Аспанды, планеталарды, галактикаларды бағындыру.

Сондықтан адамзаттың болашағы үшін алаңдамаңыз. Оданша өз болашағыңызға бұрылып қараңыз, себебі ең жақсысы әлі алда.

Реакция немесе ықылас?

Сіз жағдайға негативті реакциямен жауап бересіз бе немесе ықыласпен жауап бересіз бе? Менің нені меңзеп тұрғанымды түсіндіруге рұқсат етіңіз. Мен ойланып, терең ойланып, осы кітапты жазып жатқанмын, смартфон кенеттен шырылдайды. Бірінші реакция келесідей болды: «Ой, мен жанағы келген ойымды есімнен шығарып алдым ғой». «Адамдар мені жұмыс кезінде мазаламау керектігін түсінбей ме?». Мен ашуланбасам, телефонды алып, тым болмаса жауап берер едім. Бұл жағдайда реакция – ашулану. Мен телефон қоңырауына реакция жасадым, бірақ жауап бермедім. Бірақ ашуым тарқағаннан кейін, маған ол қайтадан звандап, маған көмектесе алатын, өте мейірімді және сыпайы адамның қоңырау шалып жатқанын бірден байқадым. Ол менің ең жақын досым екен! Маған сол кезде әңгімеміз қатты ұнады. Әңгіме менің жанымды жылытты, сосын мен жұмысқа үлкен шабытпен оралдым.

Неліктен мен телефон қоңырауына осылай реакция жасадым? Қоңырау шалушы менің ашуланған сәлеміме жылы сөзбен жауап берді және бұл мені ықылас көрсетуге шақырды, негативті реакция тудыруға емес. Сіз айырмашылықты сезінесіз бе, жағымсыз реакция мен ықылас көрсетудің біздің өмірімізге жұқпалы әсерін түсінесіз бе?

Жаңа күнге қадам басып, сіз басқа адамдармен кездесесіз, телефон қоңырауларына немесе есік қоңырауына жауап бересіз. Сіз асығып үйден шығып бара жатқанда есіктің алдында товарын ұсынып сатушы тұрады, егер сіз жұмысқа басыңызбен кіріп кетсеңіз, сіздің кеңсеге біреу кіріп келеді, сіз үй шаруасымен айналысып жатқанда, сізді біреу шай ішуге шақырады. Бір нәрсені есте сақтаңыз: сіздің өміріңізге ешкім мақсатсыз кірмейді! Әр адам сізге бір нәрсені беру үшін келеді! Егер сіз бұл жағдайларда негативті реакциямен шектелсеңіз, сізде сауапты амалдан айырылу қаупі бар. Бұдан сіз жалғыз өзіңіз ғана ұтыласыз. Егер сізге келген әрбір адамның сөзіне сүйіспеншілікпен және жылулықпен жауап берсеңіз, содан кейін олардың сізге ықыласпен жауап беруін күте аласыз және махаббат пен жылулықтан өз үлесіңізді аласыз – бұл сауап, әрбір адамға арналған үлкен мүмкіндік.

Сауапты амалдарға есікті тарс жаппаңыз, сіздің күнделікті өміріңізге келетін. Әр адамның қоңырауына жауап беріңіз, себебі оның жолы сіздің жолыңызбен қиылысады, сізге сауап әкелетінін біліңіз. Махаббатпен жауап беріңіз, бұл ықылас деп аталады, ал сауап сауаппен көбейеді. Бұл күн сіз үшін қуанышты болады, ауыр емес, егер сіз реакция мен ықылас арасындағы айырмашылықты түсінуді үйренсеңіз.

Әділетсіздіктен жоғары көтеріліңіз

Егер сізге әділетсіздік көрсетілсе не істейсіз? Алдап кетсе? Біреу сізге әділетсіз әрекет етті ме? Осыған байланысты сіз адамдармен достықты сақтауға тырысасыз ба? Сіз кешіруге және ұмытуға күш таба аласыз ба? Сіз ащы реніштен арыла аласыз ба? Өзіңізге айтыңыз: «Жарайды, маған достық қарым-қатынас ұнайды, қандай жағдай болмасын, мен әділетсіздік үшін біреуді жек көргім келмейді және өз ренішім, ашуым үшін асқазан жарасына (язваға) шалдыққым келмейді.» «Бірақ егер мен бәрін кешірсем және ұмытып кетсем, онда бұл нені білдіреді? Мен әділетті бола аламын!»

Сіз бұл сезімді сезінесіз бе? Сіздің өміріңізге ұқсайды ма? Сіз әділетсіздік проблемасын қалай шешуді білесіз бе? Бұл проблеманы шешудің жалғыз жолы – ол үшін ренішіңізді ұстап алу және оны жібермеу, бұл әділетсіздіктен қорғай ма? Егер сіз бұл туралы ойлансаңыз, әрине жоқ. Мұндай «кек алу комплексі», әділетсіздік танытқан адамнан гөрі сізге көбірек зиян. Және бұндай комплекс шын мәнінде ештеңе шешпейді.

Егер сіз әділдік туралы біраз ойлансаңыз, онда сіз түсінесіз деп ойлаймын, нағыз әділдік «Махаббат Заңына» негізделген. Біз махаббат заңына қаншалықты бейімделсек, біздің әділ өмір сүруіміз неғұрлым ықтимал болады. Біз жүрегімізді өкпе-реніштен тазарта алатынымызды білсек, біз өзімізге неғұрлым шынайы болып көрінетін боламыз, біз жақсылықпен жақындықты сезінеміз. Біз махаббатқа көбірек көңіл бөле алсақ, көбірек кешіре аламыз, біздің ішкі бостандық пен ерік-жігер сезіміміз неғұрлым күшті болады.

Жек көрушілік, өшпенділік, наразылық пен өкпе-ренішті сақтап қалу, кешіруден бас тарту арқылы, біз ішкі күшіміз бен сыртқы уақытты дұрыс емес жолға бағыттаймыз, біз жұмыс өнімділігіміз бен жан тыныштығымыздан көп нәрсені жоғалтамыз, себеп – бізге жасалған әділетсіздіктің кесірінен. Сіз оны ақшалай түрде өлшеп, айтасыз делік: «Міне әділетсіздік, бұл бір миллион тұрады, бірақ менің жеккөрушілік пен ренішімнің кесірінен менде асқазан жарасы пайда болады, бұл ауруды емдеуге мен он миллион жұмсадым». Қай жағдайда сіз көп ақшаға желіндіңіз және нәтижесімен келісесіз бе?

Қаржылық жағынан тиімсіз, солай емес пе? Егер сіз әділетсіздікке қарсы тұра алсаңыз, онда сіз байқар едіңіз, табысыңыз шығыныныңыздан көп болатынын. Ойланыңыз! Егер сіз шынымен әділетсіздіктен шыға алсаңыз және сіз былай деп айтуға ерік-жігер табсаңыз: «Мен бәрін кешірдім және ұмыттым, бұл жай көпір астындағы су ғой» – сіз әділетсіздік салдарынан жоғалтқан шығыннан гөрі көп пайда аласыз және жаңа өмірлік кітапты өкпе-ренішсіз тек махаббатпен жазыңыз.

Көлеңкеден секіру

Бала кезімізде достарымызбен «Көлеңкеден секіру» атты ойынды ойнайтынбыз – әрқайсысы келесі адамның көлеңкесінен секіруге тырысу керек ойын болатын. Біз ол кездері көлеңкемізді жақсы байқайтынбыз. Ал сіз өз көлеңкеңізге соңғы рет қашан қарадыңыз?

Сіз оқуға не жазуға отырғанда, оны бейсаналық (еріксіз) түрде байқай аласыз: сіз дұрыс емес позицияда екеніңізді көресіз, себебі сіздің басыңыздың әсерінен көлеңке пайда болып, түсіп тұрған жарықты жабады. Сіз не орындықты жылжытасыз немесе үстел шамын жылжытып көлеңке кітапқа түспеуі үшін өзіңізге қолайлы жағдай жасайсыз. Көбінесе біз өз көлеңкемізді мүлде елемейміз. Алайда, біз өмірде оның көлеңкелі жағын жиі байқаймыз, бірақ оның үстінен жарқырап тұрған жарықты байқамаймыз.

Егер сіз дәл қазір өз көлеңкеңізге қарасаңыз, содан кейін көзіңіз жетеді, оны көрудің жалғыз жолы – арқаңызды жарыққа бұру. Көлеңкеге дәл қазір қараңыз, сонда сіз көресіз, сіз жарық көзіне арқаңызды бұрасыз.

Дәл осылай сіз өмір сүресіз. Сіз өміріңіздің көлеңкелі жақтарын байқайсыз немесе сіз өзіңіз көлеңкелі деп санайтын жағдайларды іздеп табасыз: бұл денсаулыққа байланысты проблемалар, қаржылық қиындықтар, отбасылық ажырасулар болуы мүмкін. Сіз оларды өміріңіздегі жарық көзіне бұрылғанда ғана байқайсыз. «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) жарығы айналаңызда қозғалады және сіздің жүрегіңізге дейін жетеді. Сіздің денеңіз арқылы, сіздің өміріңіз бен күнделікті істеріңіз арқылы – сізді денсаулыққа, бақытқа және ойларыңыздың тазалығына жетелейтін жарық. Егер сіз бұл жарыққа арқаңызды бұрсаңыз, сіз өзіңіздің өміріңіздің көлеңкесін ғана байқайсыз.

Сіз бұл туралы ойланыңыз. Өміріңіздің көлеңкелі жақтарына назар аударыңыз және өзіңізден сұраңыз: «Мұның бәрі менің өмірімдегі жақсылықты көре алмауымнан ба?» деп. Өмірдің қиыншылықтарын анықтау оңай, бірақ біз өміріміздің әсемдігіне қанша ой мен уақыт бөлеміз? Бірақ көлеңкелер тек жарықта көрінеді. Егер сіз барлық жағынан жарықтандырылсаңыз, сіз ешқандай көлеңкені байқамас едіңіз.

Тек біздің жарыққа бұрылудан бас тартуымыз, көлеңке туралы ойлануға уақыт жоғалтуға мәжбүр етеді. Құрметпен және ризашылықпен өміріңіздегі жақсылыққа (жарыққа) бет бұрыңыз, сонда көлеңке сізге билік пен үстемдік етпейді.

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
13 eylül 2021
Yazıldığı tarih:
2021
Hacim:
100 s. 1 illüstrasyon
ISBN:
978-5-532-93740-6
Telif hakkı:
Автор
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu

Bu yazarın diğer kitapları