Kitabı oku: «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім», sayfa 8
Шынайы сезіне білу
Сіз соғыс тудырған бір адамның құлағы туралы білесіз бе?
Біртүрлі, бірақ шындық. Адамның бір құлағы ұлттар арасында үлкен соғыс тудыруы мүмкін уақыт болған. Құлақ, ағылшын теңіз капитаны Дженкинске тиесілі болды. Испандар Дженкинс адал емес деп шешті. Шындығында, олар оны пират деп санады, ал ол, олардың қолына түскенде, олар жай ғана құлағын кесіп алды. Әділетсіздікке ашуланған Дженкинс Англияға қайтып келіп, монархқа шағымданады. Ол кезде британдықтар испандықтармен соғысу үшін сылтауды күтіп отырған еді, сондықтан бұл оқиғаны «Война из-за уха Дженкинса» деп аталатын үлкен соғыс жариялау үшін қолданды. Егер сенбесеңіз, интернеттен оқып, өзіңіз қараңыз. Бір кездері шынымен де Англия мен Испания арасында «Война из-за уха Дженкинса» деп аталатын соғыс болған.
Менің сұрағым келгені: бүгін сіздің құлағыңыз үшін соғыс басталмай ма? Сізді құлағыңыз соғысқа қаншалықты жиі тартты? Көрдіңіз бе, сезгіш құлақ – сезімтал мүше. Ол тек біреудің дауыс тербелісін қабылдап қана қоймайды, сонымен қатар сезім реңктерін қабылдайды: күйзеліс, ашу, күмән, қуаныш, махаббат және сөз артында жатқанның бәрін. Сезгіш құлақ көптеген соғыстарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгін далаға шыққанда өзіңізден: «Менің құлағым қаншалықты сезгіш?» деп сұраңыз. Егер біреу сізді кездестірсе және сөйлесуді үзсе: «Менің өз шаруаларым толып жатқанда, сен де миымды ашытып жібердің ғой, кетші бар!» десе. Сіз ашуды, ренішті, өшпенділікті, шағымды естисіз бе? Немесе басқа бір адам сізге нормально сөйлеп тұрады, бірақ оның ішкі жан дүниесі: «Менің жанымда шөгір бар. Оны қалай шығаруды білмеймін. Мен бұл туралы айтқым келмейді, себебі мен ұяламын. Менің іштей қиналғанымды жеңуге көмектесіңізші.» Сіз мұны естисіз бе, адамның жан дүниесін, әлде сіздің құлағыңыздың ондай қабілеті жоқ па, мүмкін сізге сөзбен атысқан ұнайтын шығар. Сізге соғыс жариялап жатса? Ал сіз үндемей кете бересіз бе? Жарияланбаған соғыс өте сирек кездесетін құбылыс, ал үнсіздік бұл өнер, әсіресе сізге жаман сөздер айтылып жатса. Немесе айталық, көшеде біреу сізге: «Неге жолдан былай тұрмайсың, жай жүрмейсің ба, дәусің ба не?» десе. Сіз оның ашуланып тұрғанын сезінесіз. Осы сәтте сізде өшпенділік өршіп тұра ма? Немесе сіз бұл сөздердің артында терең жасырынған депрессияны немесе жалғыздықты сезе аласыз ба? Сіз бұл сөздердің артында жараланған, қорланған жанды көресіз бе? Осы сөздерді естігеннен кейін сіздің құлағыңыз соғыс жарияламауға дайын ба?
Егер сіз (бұл сөздің жоғарғы мағынасында) Жаратушыға және басқа адамдарға қызмет етпек болсаңыз, онда сіз басқа адамдардың сөздерін мұқият тыңдап, олардың ішін шынайы сезіне білуіңіз керек, олардың жан дүниесін түсінуіңіз керек. Осылайша сіз айналаңыздағы әлемге бейбітшілік пен келісім орнатасыз және «Дженкинстің құлағы үшін соғысқа» себеп болмайсыз.
Өте тар көрініс пен көзқарас
Сіз кейде ойлайсыз ба, сіздің өміріңіз үмітсіз оралған, оның жіптері тығыз түйіндерге байланған, сіз шығудың жолын көрмейсіз және сіздің жағдайыңыз соншалықты қиын болып кетті, сұрақ қоюдың уақыты келді: «оны жалғастырудың қажеті бар ма?» Бұл өте тар көрініс, үмітсіздік. Сіз адамдардан: «Менің одан да өлгенім жақсы шығар, сонда менің қадірімді білетін шығарсыңдар» деген сияқты сөздерді естисіз бе? Бұл да өте тар көрініс, қорқыту.
Өмірдің қиыншылықтары мен көрінетін қарама-қайшылықтары бізді шатастырып жібергенде, біз кез келген сәтте бізде тек тар көзқарас бар екенін (өзіміз жайлы, өзге жайлы), ешқашан шындықты, ақиқатты тұтастай көрсетпейтінін есте ұстауымыз керек.
Біз үлкен затты тұтастай көре алмаймыз, біз оны шектеулі түрде көреміз. Біз заттарға алдынан ғана қарай аламыз. Біз шектеулі тар көзқараспен артымызда не болып жатқанын біле алмаймыз.
Түйенің дене мүшелерінің суреттерін Эскимостарға көрсету керек болды делік. Эскимостар түйені ешқашан көрген емес; сіз оған басын, өркешін, артқы аяқтарын көрсете аласыз, бірақ ол түйенің іс жүзінде қалай көрінетінін толық түсінбейді, себебі олар оны шын өмірде көрмейінше оларда әзірше өте тар көрініс болады.
Өмірлік жағдайлардың күрделілігін көрсететін тағы бір мысал – кілем. Егер сіз кілемінің артқы жағына ғана қарасаңыз, бұл сызықтар мен түстердің араласуы сияқты көрінеді: симметрия мен логика жоқ. Бірақ, толық кілемді көре алмағандықтан сізде дұрыс түсінік болмайды. Егер сіз кілемді төңкеріп, оған дұрыстап қарасаңыз, сіз әдемі және толық тұтастықты құрайтын кілем екенін түсінесіз, себебі сіз тек кілемнің артқы жағына ғана қарадыңыз.
Біздің өмірімізде де дәл солай. Бір күні, біз рухани тұрғыда өскен кезде, балабақшадан кету үшін біз адам өмірін құрайтын көптеген жіптердің болатынын көреміз: басында байланысы жоқ болып көрінетін көріністер, оқиғалар мен оқиғалардың жиынтығы – шынымен де керемет кілемнің әдемі және дәл үлгісінің бөлігі екенін байқаймыз, біз оны үнемі Жаратушымызбен бірге және Ол үшін тоқимыз.
Егер өмір сізге оқиғалардың мағынасыз жиынтығы сияқты болып көрінсе, бұл сіздің көзқарасыңыз тұтас бір бөлшекті көруге ғана мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Егер біз сәл артқа шегіне алсақ, біз оның көп бөлігін көреміз, бірақ бұл жағдайда, біз бұл оқиғалардың қателігі қажет екенін түсінеміз – Кемелдік үлгісіне тоқылған кілем екенін түсіну үшін, рухани өсу үшін қажет екенін білетін боламыз. Жаратушы еш уақытта қателеспейді. Сіздің өміріңізде не болып жатса да, жаратылыс деңгейінде Кемелділікке қарай ұмтылып бара жатқаныңызды біліңіз.
Кілтті сындырып алмаңыз
Сіз кілтті құлыпта бұрап жатқан кезде сындырған кезіңіз болды ма? Бірде мен спортсмен досыма тиесілі кілттерге қарап, бір кілттен тек өзегі ғана қалғанын білдім. Кілт жаман сынған. Мен «Бұл қалай болды?» деп досымнан сұрадым. «Кілт құлыптың ішінде қалып қойды, мен оны бұрауға тырыстым, сосын сындырдым» деп жауап берді ол. Біздің көпшілігіміз кейде осылай жасаймыз деп ойлаймын. Біз дұрыс емес кілтті құлыпқа салсақ та, бәрі біз қалағандай болғанын қалаймыз. Біз кілт бұрылғанын қалаймыз. Біз өз қалауымызды түсінбей жатып әрекет етеміз және ақырында біз кілтті бұзамыз. Менің досымның оқиғасында, менің досым ашпақшы болған құлыптың дұрыс кілті болды, егер ол осы кілтті таңдаса, есік еш қиындықсыз ашылар еді. Бізде де солай болады. Біз адамдармен қарым-қатынас кезінді де кілттерді өзімізге қарай бұрғымыз келеді, бірақ есіктер ашылмайды. Ал дұрыс кілт таңдалса ашылады. Сіз бұл өмірде адамдардың санасын есік деп елестетіңіз, ал олардың мінезін құлып деп елестетіңіз.
Біреу біздікінен өзгеше бірдеңе жасаған кезде немесе біздің жағдайымыздан өзгеше шешімдер қабылдаған кезде, бір сөзбен айтқанда озып кеткен кезде, біз қаншалықты жүйкені іске қосатынымызды байқадыңыз ба?
Егер біреудің уақыты болмаса, мүмкіндікті жіберіп алсақ, егер біз үнемі жанталасып жүрсек, өзіміз түсіну керек нәрсені түсіне алмайтын болсақ, біз ашуланамыз. Біз бәріміз кілттерімізді басқа адамдардың өмірінің құлыптарына енгізуді үйренеміз. Мойындау керек, біреудің қасында отыру және сіз ойлағаннан да тиімді жұмыс жасап жатқанын көру оңай емес. Бұл әсіресе балалармен қарым-қатынас кезінде білінеді. Балалар біз сияқты бәрін қалай жасау керектігін білмейді. Олардың саусақтары біздікіндей икемді және епті емес, сондықтан біз олардың қолынан келетін нәрсені жұлып алып, өз қолымызбен жасауға деген үлкен жаман әдет бар. Біз түсінігіміздің кілтін олардың ақыл-ойының құлыпына енгізуге тырысамыз, және бұл олардың болашақта адам болуына көмектеспейді.
Әр адам өмірді бақытты сүруді өзі үйренуі керек, ал басқа кілттерден абай болыңыз, оларға санаңыздың құлыпын сақтықпен беріңіз. Егер тек қана ең қабілеттілер мен біліктілерге ғана сөйлеуге рұқсат етілген болса, онда қалған адамдардың дағдылары мен қабілеттерін дамыту мүмкін болмас еді. Барлығы дерлік өз бетінше үйрене алады, ал табысты көшбасшылардың бәрі – басқа адамдардың құлыпына кілт тығудың немесе қате кілтті тығып оны сындырып алудың мағынасы жоқ екенін ерте түсінген адамдар. Біз адамдарды қалай болса, солай қабылдауымыз керек, оларға өзімізбен емес, жолымызбен көмектесуіміз керек. Біз ешқашан дәл біз сияқты жасайтын басқа адамды таба алмаймыз. Біз мұны түсінгенде, біз ұсақ-түйекке ашулануды тоқтатамыз, өз өміріміздің кілтін басқа біреудің құлыпына тығу әрекетін тоқтатамыз және басқалардың өз жолымен дамуына мүмкіндік береміз. Адамға бақыт есігін ашу үшін дайын кілт емес, оны іздеу мен үйрену жолы керек.
Өзіңізді бағалай отырып, сіз өз жұмысыңызды керемет деп санаңыз. Құдай сізге жомарттық сыйлады, сондықтан жағдайы төмен адамдарға жомарт болыңыз. Бұл мысалдар және т.б. ізгі амалдар адамдар ұстануға тиіс жарық сәулесі, сондықтан бүгін өзіңізді жетілдіріңіз, ал басқаларға ертең өздерін жақсартуға көмектесіңіз.
Мұны жасаңыз, сонда сіз жақсы адам боласыз, және сізде жақсы достар немесе жақсы балаларыңыз болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің өнері
Египеттің шөлінде, оның орталығында, судан және кез келген тіршілік иесінен бірнеше шақырым жерде бадам (миндаль) ағашы өседі. Иә, бадам ағашы сіз елестете алатын ең қатал және қаңыраған шөлдің ортасында. Бұл ағаш өзін-өзі тәрбиелеудің жемісі.
346 жылы ескі монах шәкірттерінің бірімен шөл далада дұға етті. Ол өзін-өзі тәрбиелеудің жемісі не екенін түсінуге үйретуге тырысты, бірақ оқушы оның нұсқауларын түсіне алмады. Содан кейін монах бадам ағашының бұтағынан ойылған таяғын алып, және оны құмға отырғызды, содан кейін ол ең кіші шәкіртіне бұрылды да: «Бұл таяқты суар, – деді ол, – су жеміс бергенше, сонда сен менің не айтқым келгенін түсінетін боласың».
Бұл жер жақын құдықтан бірнеше шақырым жерде болды, бірақ түнде, салқын болған кезде, шәкірті құдыққа барып, құмыраға су толтырып, қайта оралып, таяғына су құйды. Ол мұны үш жыл бойы әр түн сайын қайталап отырды және осы кезеңнен кейін өсіп шыққан таяқша жеміс бере бастады. Содан кейін шәкірті миндаль тұқымын жақын маңдағы монастырьге әкеліп, монахтарға: «Қараңдар, өзін-өзі тәрбиелеудің жемісін!» деді.
Сіз қазір шөл далада тұрасыз ба? Сіз ауру, жалғыздық, отбасылық және іскерлік проблемалармен, қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз бе, сіз өзіңізді шөл даланың ортасында тұрғандай сезінесіз бе? Содан кейін сізге айтайын, бұл шөл дала бадам ағашындай гүлдейді және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы кез келген жеміс береді. Өзін-өзі тәрбиелеу деп мен сіздің ақыл-ойыңыздың тәртібін, әдебін айтамын.
Ұстаздың шәкірті сияқты жасаңыз. Өз ойларыңызды үнемі бақылап отырыңыз және оларды тек жақсылық туралы ойлауға үйретіңіз. Жеңіліс туралы ойлар мен кез келген теріс ойлардан бас тартыңыз. Санаңызды махаббат, денсаулық, қуаныш, бейбітшілік пен келісім туралы ойлармен суарыңыз, сонда сіз өзін-өзі тәрбиелеу гүлдерінің жемісін аласыз және сіздің бұрынғы өміріңіздің шөлі ғажайып баққа айналады.
Адам өмірі эскалатор сияқты
Егер сіз көптеген американдықтар сияқты болсаңыз, онда сіз күні бойы асығып, үнемі өзіңізге ұрысатын боласыз. Шапшаңдық пен әбігерлік ең пайдалы іс үшін қажет екеніне күмәнім бар.
Есімде, бала кезімде ата-анам мені үлкен әмбебап дүкенге (ТРЦ) апаратын. Ол жерде эскалатор болды. Мен әрқашан онымен ойнайтынмын, мен алға жүгіремін ал баспалдақ төмен қарай қозғалатын. Сіздердің көпшілігіңіз мұны бала кезіңізде сынап көргеніңізге сенімдімін. Бұл қызықты процедура. Мен жылдам жылдамдықпен жүгіремін, ал басқа адамдар ешқайда жүгірмейді, олар жай тұрады, бірақ соңында мен де, адамдар да, бір жерге келеміз. Адам өмірі де осындай. Сіз өмірдің жылдамдығынан қалып та қоймауыңыз керек, одан озып та кетпеуіңіз керек. Сізді бәрібір эскалатор атты өмір өз жылдамдығына бейімдеп алады. Өмір үшін «ерте», «кеш» дейтін ұғымдар жоқ, өмір үшін сіз барсыз немесе жоқсыз.
Бір сәтке тоқтаңыз, қарбалас күйден бас тартып, өзіңізден: «Мен төмен түсіп бара жатқан эскалатормен жоғары жүгіріп бара жатқан жоқпын ба?». Көбінесе, біз өз еркімізбен өмір темпімен қозғалудың орнына, біреу қуып бара жатқандай жүгіреміз. Егер сіз төмен түсіп бара жатқан эскалатормен жүгіріп бара жатқаныңызды байқасаңыз, тез түсіп, көтерілетін эскалаторға нормальный адам құсап өтіңіз.
Биікке тез жеткіңіз келсе мынаны есте ұстаңыз. Бізді шынымен биікке көтеретін нәрсе – біздің сабырлылығымыз бен өзімізге деген сенімділік.
Эскалатормен негізі ойнауға болмайды, қанша қызық болса да, бәлкім бір жеріңізді жарақаттап аларсыз, өмірмен де дәл солай, қанша қызық болса да, себебі бізге ескертілген еді.
Ұмытшақтық күнә емес
Міне, Маргарет Сангстердің әдемі өлеңі. Ол «ұмытшақтық күнәсі» деп аталады.
Біз жасамаған нәрсе бізді қинайды, біз себебі бәрін ұмытып кеттік. Біздің күндердің соңында, жүрек неге ауырады? Ұмытылған нәзік сөз, жазылмаған хат пен кітап. Біз үнсіз әлі ашылмаған, гүлдерді неге аңсаймыз? Біз жеңілдете алатын, біреудің ауыр жүгі бар ма екен? Сізге айтылған кеңестер есіңізде бар ма екен? Тек қолмен ұстап, жігерлендіретін кеңес. Бірақ бәрі өмірде асығуда, қарайсыз ба уақыт бос өтті. Бұл қамқорлық пен мейірімділіктің кішкентай қимылдары. Бұл мәңгілік қарбаластан тыс өлместік мүмкіндіктер. Олардың бәрі түнде үмітсіз, ашкөз болған кезде жаман, қайғылы тізбектен өтеді, желдің қатты дауысындай, Өйткені өмір өте өткінші, ал қайғы соншалықты үлкен. Соңғы қоңырауға дейін, жанашырлық танытпау күнә болар. Жасалмаған нәрсе бізді қинайды, ұмытшақтық дерті бізді көбірек ауыртар. Біздің күндердің соңында, жүрек сондықтан ауырады ма?
Неліктен сіз бүгін біреудің өмірін қуанта алмайсыз, егер көп ұзамай мүмкіндік жоғалса, оны ауыр жүкпен еске алу сіздің жүрегіңізге түседі? Мүмкін бұл дерттің емі (ұмытшақтық) – сіз ата-анаңызбен, балаңызбен немесе жақын адамыңызбен бөліскіңіз келетін махаббат немесе өте алысқа кеткен жанжалды тоқтату.
Өмір тым қысқа. Бұл күнді – мүмкіндіктерді жіберіп алмау үшін өткізіңіз. Ертең жасаймын дейтін нәрсені бүгін жасаңыз.
Попугайлар көбейіп барады
Сіз дауыссыз ба, әлде жаңғырықсыз ба?
Меніңше, адам танымының өсуімен және үлкен өнертабыстардың пайда болуымен, интернет арқылы (смартфон, планшет, ноутбук, компьютер) бұл білім таратылады, сол себепті бәрімізге попугай болу қаупі төніп тұр, сіз жай ғана басқа біреудің пікірінің жаңғырығы боласыз.
Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интернеттен, әлеуметтік желілерден біз басқа адамдардың дауыстарын естиміз, олар бізге не ойлау керектігін айтады, бізге қалай өмір сүру керектігін және неге сену керектігін түсіндіреді. Мен – сол екіжүзділердің бірімін. Мен сізбен осы кітап бойы өз идеяларымды бөлісуге тырыстым. Менің ойымша: «Менің ойлау тәсілім сіздің ойлау тәсіліңізге айналып кетеді деген үлкен қауіп бар». Мен сізді попугайға айналдырғым келмейді. Сондықтан мен өзім не ойлайтынымды сізге ойлатуға тырыспайтынымды түсіндім, себебі мен ақиқат емеспін. Ақиқаттың (мен үшінші кітап жазып отырмын) не екенін мен үш кітап бойы қақсадым.
Менің мақсатым, сізді өзіңізді ойлануға шақырамын. Ал сізде өмірден түсінген, ұққан қандай астарлы идеялар бар? Бар болса бөлісе отырыңыз. Мен берген идеяларды алыңыз және олардың пайдасын өз тәжірибеңізде сынап көріңіз. Идеяларды аямай сынаңыз.
Сонымен сіз жаңғырық болып қала бересіз бе, сіздің даусыңыз адамзат үшін болмаса да өзіңіз үшін маңызды болуы керек, таңдау сізде – көптің бірі болу, не тұлға болу, (ең дұрысы адам болу,) бірақ ең дұрысы бәріне разы болу!
Сіз осы идеялар арқылы жеткілікті мотивация алып, миыңызға біраз түзетулер енгіздіңіз деп үміттенемін. Бірақ сіз оқылғанның бәрін біраз күндерден кейін ұмытатыныңызды естен шығармаңыз, сондықтан осы идеяларға қайтып оралып тұрыңыз! Мен сізге барлық өмірлік бастамаларыңызда сәттілік тілеймін! Келесі кітапта кездескенше!