Kitabı oku: «Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім», sayfa 6

Yazı tipi:

Проблемалар сіз білетін жолмен шешілмеуі мүмкін

Сізге көліктегі оталдыру білтесін ауыстыруға тура келіп пе еді? Бұл өте оңай. Сіз гаражға келесіз, механик көлігіңіздің капотын ашады, еңкейеді, электр сымын ажыратады, оталдыру білтесін кілтпен бұрап алады, жаңасын қосады, электр сымын қосады – және бес минут ішінде сіз көлік жүргізе аласыз. Оталдыру білтесін ауыстыру өте оңай, солай емес пе? Сіз гаражға кірдіңіз делік, механиктен оталдыру білтесін ауыстыруды сұрадыңыз, ол бірден сіздің көлігіңізден оң жақ алдыңғы дөңгелекті ала бастады. Сіз оның сәл басы істемей қалды деп ойлайтын шығарсыз. Сіз ашуланып, наразылық білдіріп, дөңгелекті емес, тек оталдыру білтесін ауыстыру керектігін айтасыз.

Бір күні досым мені көруге келді. Оның жаңа спорттық машинасы бар, ол маған оталдыру білтесін ауыстыру үшін оң жақ алдыңғы дөңгелекті алып тастау керектігін түсіндірді! Және бұл шынымен рас болып шықты. Сіз мұндай автокөлік иесінің механикке алғаш рет келіп, оталдыру білтесін ауыстыруды сұрауын, ал механик тыныш қана алдыңғы оң дөңгелекті шеше бастауын және оның реакциясын елестете аласыз ба? Мен айтқанымдай, автокөліктің иесі ашуланып наразылық білдіруі мүмкін. Алайда, менің досым дөңгелекті алып тастау процедурасы (демонтаж) екі минуттан аспайтынына сендірді, ал оны алып тастағанда, оталдыру білтесін алу және ауыстыру өте оңай екені белгілі болды.

Бұл бәрімізге сабақ. Біз алдыңғы дөңгелекті алып тастау (демонтаж) сияқты әрекеттерді көреміз және біздің өміріміз неге осылай болғанына таң қаламыз. Біз проблеманы шешеміз, бірақ шешім біз үшін мүлдем түсініксіз түрде қалыптаса бастайды. Бізге шешім біздің өмірімізге ең айқын түрде енеді деп күтеміз, мысалы, біреу капотты көтеріп, оталдыру білтесін алып тастағандай, бірақ кейде шешім мүлде басқаша болады.

Біз отбасылық қиыншылықтардан шығудың жолын іздейміз, алайда оның жолы, мысалы, жұмыс орнын ауыстыру. Біз денсаулығымызға қамқорлық жасай бастаймыз, бірақ негізінде бізге жай ғана іс-әрекет пен ойлау жүйесін өзгерту қажет. Оталдыру білтесі мен алдыңғы дөңгелек туралы әңгіменің мәні мынада: біз өз мәселелеріміздің шешілуін немесе біздің өмірімізге жақсылықтың қалай келетініне баға бермеуіміз керек, себебі біз қарапайым жолды білмейміз, ал бізге оны үйрену керек. Ғалам – бұл үлкен және күрделі жүйе. Біз өзіміздің ғаламдағы әмбебап себептердің жолдарының күрделілігін ешқашан түсіне алмаймыз, біздің өміріміз де солай. Біз айта аламыз: «Тамаша, мен өмірдің мені қолдайтынын қабылдаймын. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарды қабылдаймын, олар қайдан шықса да, мен соңғы нәтижені асыға күтемін». Міне, менің бауырларым, қысқаша түрде көрсетілген ұлы және өмірлік Ақиқат: ПРОБЛЕМАЛАРЫҢЫЗ СІЗ БІЛЕТІН ЖОЛМЕН ШЕШІЛЕДІ деп күтпеңіз. Егер сіз алдын-ала ойластырылған ойларыңызды тастап, «Әмбебап Ақылдың» шабытын ашсаңыз жақсы. Бұл сіздің өміріңіздің алдыңғы дөңгелегіңіздің демонтажын білдіруі мүмкін, бұзылған оталдыру білтесін алу үшін, бірақ нәтиже сіз ойлағаннан да жақсы болады. Ішкі нұсқаулыққа сеніңіз, шешім кез келген түрде келсін – және сіздің мәселелеріңіз қарапайым және қиындықсыз шешіледі.

Бақытсыз болған бақыттылар

Сіз бақыттысыз ба, әлде өзіңізді бақытсыз адам ретінде санайсыз ба? Менің ойымша, әрқайсымыз басқалардың пікіріне назар аудармай, қай санатқа жататынымызды өзіміз шеше аламыз.

Тарих сырттай керемет жетістікке жеткен, бірақ толық ішкі жеңіліске ұшыраған адамдардың көптеген мысалдарын біледі. Мысалы Александр Македонский, сол кезде белгілі бүкіл әлемді жаулап алған, бірақ ол өзінің қатал мінезіне төтеп бере алмаған және ол мұны қатты қалағандықтан, өзін бақытсыз адам ретінде санаған.

Наполеон миллиондаған бағынушылардың шексіз махаббатына бөленді, бірақ махаббаттан шынымен жеңгісі келген жалғыз адам – оның әйелі Жозефина оған бұл сезімді жоққа шығарды. Наполеон Джозефинаны қатты жақсы көрсе де, әйелі оны ешқашан шын сүймеген. Наполеон сол себепті өзін бақытсыз санады.

Гётені елестетіп көріңізші: ол ұлы ақындар мен жазушылардың бірі болды, бірақ оның суретші болуға деген құштарлығы бәрінен де артық болды. Өмірінің басында ол ұзақ жылдар бойы сурет салумен айналысты, бірақ ешқашан өзінің қалаған нәтижеге қол жеткізе алмады. Ақырында ол өзін бақытсыз адаммын деп санады. Елестетіп көріңізші: Гёте өзін бақытсызбын деп санады!

Өз кезегінде, ұлы суретші Уистлер ақын болғысы келді, бірақ бағына орай, ол ақындық таланттың жоқтығын түсініп, сурет салуға қайта оралды. Бірақ поэзия саласында, оның көзқарасы бойынша, ол бақытсыз болып қала берді.

Ақырында, Ханс Кристиан Андерсен туралы ойланыңыз. Оның ертегілері балалар әдебиеті әлемінде құрметті орын алды, бірақ ол балалармен тек кітаптары арқылы ғана сөйлесе алатын. Жеке кездесулерде балалар оны ұнатпайтын және осы мағынада Андерсен өзін бақытсыз адаммын деп санады.

Мен сізге бақытсыз адамдардың мысалы келтірдім, енді өзіңізге тағы бір рет қарап, сұраңыз: сіз бақытты адамсыз ба, әлде бақытсыз адамсыз ба? Егер сіз өзіңізге адал болсаңыз, сіз өзіңізді тек Құдай берген таланттарыңызды көрсететін салаларда ғана бақытқа жетемін деп ойлайсыз. Алайда талант басқа, қабілет басқа. Талант ол жай адамның сенімі, ал қабілет ол үйрену. Сіз өзіңіздің қабілетіңізге әдейі қарсы тұруға тырысқанда, сіз бақытсыздыққа ұшырайсыз (немесе өзіңізді солай сезінесіз). Бұл әлемде өзімізді көрсетудің көптеген мүмкіндіктері бар, сол үшін қаншама адам күресіп жатыр. Жеке сізге ешкімде жоқ талантты беріп қоймайды, адамның барлығына бірдей қабілеттер берілген, сондықтан сіз талант іздемей өз қабілеттеріңізді аша біліңіз. Неліктен өз өміріңізді өзін-өзі көрсету үшін күреске айналдырасыз? Сізді бәрі көреді, бірақ бұл мақсатты қумаңыз, одан да биік мақсаттар бар екенін ұмытпаңыз. Сіз үйренсеңіз ғана қабілет ашылады, сондықтан сізге күресу емес үйрену қажет. Көп адам «талант» деп атайтын жалған сөздің әр жағында қаншама қажырлы еңбек пен жұмсалған уақыттың жатқанын білмейді. Олар тек нәтижесін көріп таңқалады.

«Мен Құдай берген таланттарды қолдансам, әрқашан бақытты боламын» дегенді ойдан шығарып тастаңыз. Бұның барлығы сіздің өзіңіздің ойлап тапқан не сырттан жұққан жалған сенім, және де бұл сіздің қабілеттеріңіздің ашылуына кедергі болады. Сіз тек қабілеттеріңізді ашқан кезде ғана өмірде үлкен жетістікке жете аласыз. Сізге тек қабілеттеріңізді тану және олар сізді қайда алып барса, соларды ұстану мүмкіндігі қажет болады. Бірақ басындағы сәтсіздіктер сізді артқа тартуға жол бермесін. Айтыңыз: «Бұл мен үшін емес. Мен одан құтылып, әрі қарай жүре беремін». Өзіңізді босатыңыз, алға ұмтылыңыз, сонда сіз барлық қабілеттеріңізді ашасыз.

Лашық па әлде сарай ма?

Сіз бүгінгі күнді қандай ортада, қандай жағдайда өткізесіз? Бұл орта жарқын және пайдалы бола ма, әлде пайдасыз және қызықсыз бола ма?

Бірде Чарльз Кингслиге Гималай тауларында тұратын досы қонаққа келді. Кішкентай ауылда орналасқан, Кингслидің лашығына кіргенде, досы, жұпыны үйде тұратын Чарльз Кингслиді аяды және оған: «Бұл кішкентай үйде, оңаша жерде тұру қандай өкінішті, бізді қоршаған әлемде көптеген қызықтар болып жатқанда, мысалы аң аулау» және т. б. Кингсли оған жайбарақат күлімсіреп қарап: «Білесің бе досым, мен ұзақ уақыт бойы менің үйім не зынданға, не менің сарайыма айнала алатынын түсіндім. Құдайға шүкір, мен дұрыс шешімді таңдадым, және ол менің үйімді сарайға айналдырды».

Бүгінгі күнге дайындалып жатқанда осы туралы ойланып көріңізші. Сіз күнделікті жұмыс жасайтын жұмыс орнында жұмыс жасағыңыз келе ме? Сіз сол баяғы кеңсеге немесе күнделікті баратын дүкенге барасыз ба? Тағы бір өміріңізге қараңызшы. Көзіңді ашыңыз. Олар өздігінен жоқ екенін түсініңіз. Оларды сол күйге келтіретін күш сізде және тек сізде ғана.

Сіз өзіңіздің үйіңізді үйреншікті және қарапайым нәрсе деп ойлап жүрсіз бе? Бүгін басқаша ойлайтын кез келді. Ойыңыздың күшімен оны сарайға айналдырыңыз. Оны жуыңыз, сүртіңіз және жылтыратыңыз және оған сарай сияқты қараңыз. Сіздің кеңсеңіз? Сіз үшін бұл көңілсіз және қызықсыз жерге айналды ма? Тағы бір қараңызшы. Сіз кеңсеңізді өміріңіздің бір бөлігін өткізетін жер ғана емес, одан да артық көзқараспен, қымбат өмірге лайықты сарай ретінде көріңіз. Сіз өзіңіздің өміріңіз бен ортаны өзіңіз жасайсыз. Қоршаған орта қандай болатынын өзіңіз шешесіз. Мен үшін бұл, екі жол өлеңде өте қарапайым:

Екі адам зынданнан түн қараған кезде

Бірі балшық көрді, бірі жұлдыз көрді.

Бүгін сіз үйде, кеңседе, сыныпта, дүкенде не көргіңіз келеді? Сіз оларды сарайға айналдыра аласыз, өйткені оларды тек лашық немесе сарайға айналдыру сізге ғана байланысты. Шығармашылық қиялдың күшін қолданыңыз. Ақылдың шексіз күшін конструктивті түрде қолданыңыз, сонда сіз бұл күні патшаға немесе патшайымға арналған сарайда өмір сүресіз.

Шыдамдылық пен төзімділік

Мен жаман ауруға шалдыққан кезімде маған ең бірінші шыдамдылық қажет деп үйретті, шынымды айтсам, бұл ой мені сол кезде ашуландырды. Маған бұл шын мәнінде мынаны білдіретін сияқты көрінді: сіз қалаған нәрсені (емделу) күтуіңіз керек, Тағдыр (Жаратушы) жазылуға рұқсат бермейінше. Бірақ мен ауруға төселе бастаған кезден бастап шыдамдылықтың құндылығын түсіне бастадым, әсіресе оған қарама-қарсы шыдамсыздықтың не екенін. Мен шыдамдылық маңызды деп ойлаймын, себебі шыдамсыздық қымбатқа түседі. Сізге жаңа көлік сатып алдым деп келген адамды елестетіп көріңізші. Ол жалған айтып тұрғанын жақсы білесіз. Себебі ол несиеге алған автокөлік үшін басында аз ғана ақша төлейді, кейін ұзақ уақыт бойы төлеуі керек болады. Ол, көлікті тозғанша немесе одан ләззат алуды тоқтатқанша тебе тұрады немесе оның жаңасы шығады, ол бұрынғы көлігін ұмытып соған қызығады және тағы да несиеге алады. Бұл сіздің шыдамсыздығыңыз үшін өте жоғары баға. Бәлкім көлікті наличкамен алатындай дәрежеге жетіп алу керек шығар, біз өмізді осылай байымауға жаман үйретеміз.

Бір күні мен бай емес бір адаммен сөйлестім. Ол ұлына электро гитара сатып алып, кредит документтеріне қол қойды және ол кредитке одобрение бермей қоя ма деп қатты уайымдады. «Неге қатты уайымдап жүрсіз?» деп сұрадым. «Менің ұлым күте алмайды!» деп жауап берді. Қандай баға: жас жігіт электр гитарасын шертіп жатқанда, оның шыдамсыздығынан анасы мың рет қорқып өліп жатыр! Мен тапқан, короновируске дейін, ең қайғылы мысал жергілікті газеттегі мақалада болды. Онда ұрлық жасағаны үшін түзеу мекемесіне жіберілген бала туралы айтылды. Судья одан «шешең ақша береді ма, жоқ па?» деп сұрады. Бала «иә» деп жауап берді. Содан кейін судья «шешең ақшаны беретін болса неге ұрлық жасадың?» деп сұрайды. «Анам үйге тек алты жарымда келеді, ал кинотеатрда фильм дәл алтыда басталады, ал мен бұл фильмнің премьерасын жіберіп алсам өліп қалатындай өзімді сезінемін» деп жауап берді бала. Отыз минуттың ішінде бұл бала өз өмірін құртты. Шыдамсыздық көбінесе өте қымбатқа түседі.

Бізге басқа адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде ең үлкен шыдамдылық қажет. Бұл әрқашан оңай емес. Адамдарда бірдеңе дұрыс болмай қалса, олар ұрсқақ және ашушаң болады, содан кейін олардың жақындары барлық шыдамдылығын шақыруы керек. Ауыр сөздер айтылады, бірақ біз мойындауымыз керек, бұл қазір біз білетін бұрынғы керемет адам емес, бізбен сөйлесетін, іштей ауру адам. Көріп отырғаныңыздай, шыдамсыздық қымбатқа түседі, ал шыдамдылық бізді босатады.

Иса пайғамбар ең үлкен төзімділікке ие болды. Тіпті сотта да ол әділетсіз сотталғанымен, көтеріліс жасаған жоқ. Оны кіреске керіп шегелеп тастаған кезде: «Құдайым, оларды кешір, өйткені олар не істеп жатқандарын білмейді» деді. Бұл сіз және мен қол жеткізе алмайтын төзімділік. Бірақ, кем дегенде, біз осындай төзімділік пен шыдамдылыққа қол жеткізуге тырысамыз.

Жастарға, балаларға бір ауыз сөз. Сіз ата-анаңызға төзбейтін, шыдамайтын болсаңыз, олар сізге қайда болғаныңызды және не істеп жатқаныңызды сұрап, бақылап, сізге сенімсіздік танытып маза бермесе, өзіңізді ұстау қиын болған кезде, есте сақтаңыз: бұл олардың сіз туралы бәрін білгісі келетіндіктен емес, олар сізге қамқорлықпен қарайтындықтан. Есіңізде болсын, шыдамсыздықтың құны өте үлкен, бірақ егер сіз тоқтап, басқа жолмен ойласаңыз, оны төлеудің қажеті болмайды және сіз ешкімге қарыз болмайсыз.

«Құтылу» үшін өмір сүрмеңіз

Сіз өзіңізге қажет жұмысты жақсартуға және алда тұрған міндеттерді табысты шешуге тырысасыз ба? Немесе сіз тек істі аяқтау үшін қолыңыздан келгенше жұмыс істейсіз бе?

Менің әкем бұл туралы баяғыда бір күні көшеде келе жатқанда ойлаған болатын. Ол баспалдақта қабырғаны бояп жатқан адамды көрді. Ол щеткасын алға-артқа жылжытып: оңды-солды, оңды-солды қозғалта берді. Ол өз жұмысына жөнді қарамады және басқа нәрсе туралы ойлап тұрғаны анық болды. Әкем ойлады: «Ужас, бұл қандай азапты және қызықсыз жұмыс» деді.

Бірнеше минуттан кейін ол кеңсеге кіріп, онда бір әйел отырды және ескі адрестік машинаны қағып жатыр, ондағы пернелерді басып, тұтқаны жоғары және төмен айналдыру керек екен. Ол ән айтуға ырғақ әкелетін метрономға ұқсайтын машинаның дыбысына ақырын ғана күңкілдеп отырды. Әкем, оның жұмыс ырғағын метроном емес, машинаның жұмысын реттейтін, жүрек ырғағы екенін түсінді. Ол бағанағы қылқаламмен салатын суретшіге ақылмен оралып ойланды: «Ол қазір жоқ, және ол бұл әйелдің жұмысын көрмегені өкінішті». Әйел өз жұмысынан шынымен ләззат алып отырды.

Менің ойымша, біз жұмыстан тек оған инвестиция салатын нәрсені аламыз, және егер біз бірдеңе алғымыз келсе, біз жұмысты қызығушылықпен орындауымыз керек, әсіресе егер біз жақсы және пайдалы нәрсеге қол жеткізгіміз келсе. Жақсы және пайдалы істер ынта мен қызығушылықпен жасалуы керек.

Егер жұмыс құлдық ретінде жасалса, онда оның жемісін пайдаланатын адамдар біздің жойқын салқындығымызды сезінеді. Мен бұл суретші туралы ойладым, ол әйелі мен балаларын тамақтандыру үшін жұмыс істеген шығар, дегенмен оның өмір сүру салты – амал жоқ, ақша үшін ғана жұмыс істеп, жұмыстан тезірек үйге қарай «құтылу» болса, бұндай өмір оның отбасына теріс әсер ететініне сенімдімін.

Көптеген адамдар, әсіресе шіркеулерде, мешіттерде көп уақыт пен ақшаны ұйымдастырылған қайырымдылыққа жұмсайды, ақшаны кесте бойынша береді немесе жинайды, осылайша олар іштей өздігінен пайда болатын махаббат пен жақсылық әрекетіне мүмкіндік береді.

Сіз не істесеңіз де, оны құлшыныспен, ұқыптылықпен және сүйіспеншілікпен жасаңыз – тіпті күміс ыдыстарды жылтыратсаңыз да. Күмісіңізді патшаларға сай етіп жылтыратыңыз. Күнделікті жұмысыңызды қуанышпен, көңіл толумен және ризашылықпен жасаңыз.

Сыйлық бергенде оны махаббатпен беріңіз. Дұға еткенде мағынасы әлдеқашан жоғалған сөздерді қолданбаңыз. Шын жүректен және құлшыныспен дұға етіңіз. Сіздің дұғаларыңыз өмір мен динамизмге (әрекетпен дәлелдеу) толы болуы керек. Бұл сіздің бір бөлшегіңіз болуы керек.

Біз өзімізден тыс бар ақиқатқа оралмайынша, біз болмысымыздың шұңқырынан ешқашан шықпаймыз. Менің ойымша, бүгінгі біздің әлемді шарлаған үмітсіздік сезімі біздің әлсіздігіміз бен өмірімізден «құтылу» үшін пайда болған тұманға ұқсайды.

Сіз «құтылғым келеді» деп өмір сүресіз бе, әлде ішкі қуаныш пен бақытқа толы өмірді сүресіз бе – бұл сізге ғана байланысты. Сіз өзіңіздің таңдауыңызды жасап көріп, өміріңіздің болашағында не болатынын нақты анықтауыңыз керек.

Жеңіс пен жеңіліс арасы

Сіз микрометрді бір рет болса да көргеніңізге сенімдімін. Бұл өте қарапайым құралдың өте әуезді атауы. Микрометр – дюймнің (2,54 см) мыңнан бір бөлігін, дәлдікпен, өте аз қашықтықты өлшей алатын құрылғы. Микрометрді алғаш көргенде мен өзіме сұрақ қойдым: «Неліктен жер бетінде мұндай кішкентай қашықтықты өлшеу керек?» Бірақ содан кейін мен құлаған ғимарат туралы оқыдым, онда көптеген адамдар қаза тауып, жүздеген мың доллар шығын шығарылған. Қайғылы оқиғаны тергеу, оның дюймнің мыңнан бір бөлігінің есептік қателігінен болғанын анықтады. Температураның ауытқуы мен дюймнің мыңнан бір бөлігінің қателігі нәтижесінде ғимарат құлап, көптеген адамдар қаза тапты.

Мұндай өте тар шекара, тұрақтылық пен апат арасындағы шағын қашықтық! Мен ойлаймын, бұл біздің өмірімізге қалай ұқсайды. Кейде жеңіс пен жеңіліс арасында өте тар шекара бар. Біз барлығымыз өз мақсатымызға жету үшін жылдар бойы жұмыс істеген адамдар туралы білеміз, олар мақсатқа жетуге жақын қалғанда, олар сенімінен, үмітінен, күшінен айырылып, бәрін тоқтатады, «Мен жеңілдім» дейді.

Генри бұл ойларды әдемі түсіндіретін керемет өлең жазған:

Жеңіліс пен жеңістің арасы соншалық кішкентай, адамдар оны қалай қабылдауын өкінішке орай білмейді-ай…

Бас тарту – жеңіліске ұшырауды білдірмейді. Жеңіліс пен жеңіс арасында тек бір ғана қадам бар, тек біздің табандылығымыз мыңыншы дюймнің арасынан оңай және жеңіл өтіп кетуге мүмкіндік береді. Тағы бір әрекет – айқын жеңіліс нағыз сәттілікке айналады.

Иә, бауырластар, микрометр дюймнің мыңнан бір бөлігінің қашықтықтарын өлшейді, мүмкін сіз дәл осы сәтте мың дюймнің ең үлкен табысына жететін шығарсыз. Ол үшін тағы көп ізденіс пен еңбек қажет. Жеңіс пен Жеңіліс арасы Екінті мен Ақшамның арасындай.

Қадамдармен өлшенген өмір

Анар (гранат) – менің сүйікті жемістерімнің бірі. Оны басқаша «үнді алмасы» деп атайды. Менің бала кезімдегі сүйікті ісімнің бірі – азық-түлік дүкеніне барып, анар сатып алу, оны өте пайдалы деп санайтынмын.

Бұл керемет жемістің бір қызықты ерекшелігі бар. Дәндері дәмді, шырынды және тәтті болғанымен, олардың дәмі өте ащы, жұқа сары еті бар шағын кластерлерге бөлінеді. Егер сіз анарды тістеуге тырыссаңыз, сіз рахаттың орнына ащының бір бөлігін аласыз.

Алайда, егер сіз өзіңіздің анарыңызды бір дәннен жесеңіз, бұл нағыз деликатес. Бұл өмірде дәл солай. Сіз өмірді бір серпіліспен өмір сүре алмайсыз – сіз оны күн сайын өмір сүре аласыз. Егер сіз бір жеріңізді тіліп алсаңыз, тілінген жер бір секундта емделмейді. Сіздің қалпына келуіңіз сіз өзіңізді тіліп алған сәттен басталады және күн сайын, минут сайын жалғасады. Сіз бірден білім ала алмайсыз – бір оқу күнінен кейін екінші оқу күні.

Бір күнде жақын адамынан айырылуды жеңу мүмкін емес. Жоғалтуды жеңу – ұзақ мерзімді процесс, және егер сіз күн сайын жаңаша өмір сүруді үйренсеңіз, сіз жоғалтудан аман қаласыз және жаңа өмір бастайсыз.

Сондықтан қарапайым ақиқат – өмірді бір сәтте өмір сүру мүмкін емес. Сіз күн сайын өмір сүресіз, бұл сізге өмірді құруда шыдамдылық пен еңбекқорлықтың қажет екенін білдіреді. Егер сіздің қолыңыз сынған болса, бүгін оны аздап қозғалтуға тырысыңыз. Егер сіз ауырып қалсаңыз, бүгін өзіңізді сәл жақсы сезінуге тырысыңыз. Өзіңізге айтыңыз, бұл күні сіз сәл алға жылжыдыңыз, және бірте-бірте сіздің өміріңізде қалағанның бәрі орындалады және ешқашан аяқталмайды (қайта тірілу).

Егер сіз бүгін үлкен проблемаға тап болсаңыз, оны бір күнде шешуге тырыспаңыз. Бүгін оның негізгі себебін табуға тырысыңыз, сонда сіз жалпы проблеманы шешуге әлдеқайда жақын боласыз. Егер де сіз, барлық проблемаларыңызға бірден қарасаңыз, онда өмір сізге өте қиын болып көрінуі мүмкін. Егер сізде қамқорлыққа мұқтаж науқас балалар немесе қарт/ауру әке-шешеңіз және жауапкершілікті талап ететін тағы да басқа міндеттер болса, онда өмірде өзіңізді тозақта жүрген сияқты сезінуіңіз мүмкін. Негізінде бәрі керісінше. Сіз қазір өмірдің жұмағында жүрсіз, олай сезілмесе де.

Бірақ өмірдің барлық проблемаларымен бірден айналысудың қажеті жоқ. Сіз тек бүгінгі күннің проблемаларымен күресуіңіз керек. Мен сізге көмектесу үшін бір қарапайым ойды қалдыра аламын: «Жүгіріп өмір сүру – бұл жаза, ал жүріп өмір сүру – бұл бақыт». Өмірдің барлық проблемаларын бірден шешудің қажеті жоқ, тек бүгінгі күннің проблемаларын шешу қажет. Сіз тек осы сәттегі сынаққа төтеп беруіңіз керек.

Yaş sınırı:
12+
Litres'teki yayın tarihi:
13 eylül 2021
Yazıldığı tarih:
2021
Hacim:
100 s. 1 illüstrasyon
ISBN:
978-5-532-93740-6
Telif hakkı:
Автор
İndirme biçimi:

Bu kitabı okuyanlar şunları da okudu

Bu yazarın diğer kitapları