Kitabı oku: «Миғраж», sayfa 5

Yazı tipi:
 
Бар Құдай бақытымызды оңғармайды!, –
 
 
Солай деп шуласады тамам хорлар,
Пайғамбар тоқтап тұрып, сөзін тыңлар:
– Не арыз менде болған, немене – деп,
– Қанеки, хор қызлары, айтыңыздар!
 
 
– Кеттіңіз бірімізге назар салмай,
Жақсы деген үмбетлерің əлдеқандай?!
Бізлерді біреуіне бағышлаңыз,
Біздер де қуанайық наумит қалмай.
 
 
Пайғамбар бір сағатта Миғраж асқан,
Пырақ бар алты жылдық жолды басқан.
Сиратіл Мунтахада жүрген кезде
Бір дауыс қатты естілді тау мен тастан.
 
 
Көк күркіреп, жеті қаттың салды көп,
Аспаннан періштелер шулаған көп.
Бек қорықты пайғамбарым сол уақытта:
«Япырм-ау, заманақыр болды ма?! – деп.
 
 
«Көңілдің Алла деген қошы» – деген,
Жебірейіл жетіп келіп хабар берген:
– Құптанға азан айта Білəл келді,
Тықыры кебісінің осы! – деген.
 
 
Қадамды тақсыр Білəл басқан екен,
Басқадан шарапаты асқан екен.
Ізінің Мунтахаға дыбысы барып,
Жын-шайтан тықырынан қашқан екен.
 
 
Өзгеден ол Білəлді сүйіп алған,
Бұл сөзім кітапта бар, деме: «Жалған!»
– Сіздерді бағыштадым Білəлға! –  деп,
Ал сонда пайғамбарым айта салған.
 
 
Сонда хорлар не дейді бұ қорлыққа:
– Атар таң, шығар күн жоқ біз мұңдыққа!
Қазанның күйесіндей Білəліңіз,
Қой, тақсыр, онан басқа үмбет жоқ па?!
 
 
Пайғамбар бөгелмеді қыз сөзінен,
Əркімнің, жаман болса, кінə өзінен.
– Сыртынан оны билеп айта салдым,
Сұрайын мен Білəлдің, – депті, – өзінен.
 
 
Ашылды сегіз пейіш – жұмақ төрі,
Түсіпті пайғамбардың жерге нұры:
– Бір жұмыс саған орын таптым! –  дейді.
– Иа, Білəл, басың көтер, қара бері!
 
 
Алдайтын адамзатты қу тіл екен,
Болжалсыз көрмеген соң, су түбі екен.
Құптанның жаңа азанын айтып болып,
Ол Білəл бата қылып отыр екен.
 
 
Қарады жоғарыға көзін ашып:
– Ай, Білəл, хор қызлары саған ғашық.
Бұларды аласыз ба, алмайсыз ба?
Мен тұрмын сыртыңыздан саудаласып.
 
 
– Піскен жоқ, тақсыр, саудаң еркін, –  депті,
– Ол қыздар кімге керек, шіркін! –  депті.
– Сахарада: «Бір Алла!» – дегеніме
Алмаймын сегіз жұмақ мүлкін! – депті.
 
 
– Жаранлар, жақсы бар ма бүл қалыпты?!
Есітіп хор қызлары ұялыпты.
Қиямет қайымғаша ғашық болып,
Таласып хор қызлары сол қалыпты.
 
 
Адам жоқ тақуа болған Білəлға тең,
Құданың рахматы мол, құдіреті кең,
Тақсырдың бетіндегі сол қарасын
Бетіне хор қызлары қылады мең.
 
 
Балықшы, құс жаманы шағала-ды,
Бір тырна айдын көлді жағалады.
Қарасын хор қызлары алғаннан соң,
Сол кезде тақсыр Білəл ағарады.
 
 
Ғаламның он сегіз мың бəрін көрді,
Артық бақ Мұхаммедке Тəңірім берді.
«Қапалы кəріптердің көңілі өссін!» – деп,
Аз ғана Мəшһүр Жүсіп інжу терді.
 
 
Қанша орын, неше мақам жүріп барды,
Аз дəурен, екі ортада, сүріп барды.
Иіні екен Ғаушыл ағзам хазіретінің,
Əлгі иін сол мақамда тұрып қалды.
 
 
Баяғы Мұнтаhаға келді қайтып,
Нəрсенің көрген-білген бəрін айтып.
Құрулы жетпіс перде ар жағында,
Мақамы өзгелерден тіпті артық.
 
 
– Мұхаммед, бұл өзіңнің үмбетіңнен,
Аты – Ғұсыл: айрылмас сүннетіңнен.
Шығады біраздан соң жұрттан асып,
Осының келіп қалдың қызметінен.
 
 
– Олай болса, Құдайым сені сүйсін,
Сені дос-ты тұтпаған жанып күйсін!
Иінің айтты: – Аяғым Ғұсыл ағзам,
Басқаның аяғына иіні тисін!
 
 
Солай деп бата берген пайғамбарым,
Ондай ғып жаратпайды жанның бəрін.
Үйіне қайтып келіп, ол түн жатып,
Шақырды ертең ерте асхапларын.
 
 
– Аллаға періштелер жалшы, –  дейді,