Kitabı oku: «Миғраж», sayfa 4

Yazı tipi:
 
Жиылар үмбетлерің жасыл туда.
Табаны тиген жерден көпір қылам,
Үстінде тар сираттың жас пен қуға.
 
 
Қызырға берген болсам мəңгі суын,
Көтерер үмбетіңнің ол һəм туын.
Мұхаммед, үмбетіңе махшар күнде
Салсабил, ішкіземін ұжмақ суын.
 
 
Ғайсаға «Інжіл» берсем, – сенде жоқ па,
Інжілден сүре «Ықылас» кем болып па?!
Дəуітке «Забур» берсем, саған – «Ясин»,
Ясинге басқа кітап тең болып па?!
 
 
Бəрінен артық көріп бердім, əні!
Һəм артық ол қасымда көрдім, əні!
Кім оқыса, тамұқтан азат қылдым,
Атаса ол сүре – Фатиханы.
 
 
Не Інжілде, Забур мен Тауратта жоқ,
Жан бəрі Сүлейменге қараса көп.
Періште қызметіңде тұрмады ма?!
Солардан қалған-ақ па осал болып?!
 
 
– Иа, Раббы, ризамын, бердің бəрін,
Атың бар: Ғафу, Рақым жəне Кəрім.
Болмаса бір өзіңнен жарылқасын,
Болғандай күнəсы ауыр үмбетлерім.
 
 
Арамыз алыстамас, жақындасар,
Кем қалмас құдіретіме кəріп-қасер.
Тамаша қыл – Жаратқан ғаламымды,
«Болсын, – деп, – біраз ғана көңіл ашар!».
 
 
Сол жерде құдіретпен шын сөйлескен,
Құдайға онан басқа кім сөйлескен?!
Қайсыбірін айтайын мен бейшара,
Тоғыз жүз тоқсан тоғыз сөз сөйлескен.
 
 
Ал тамаша қылады Жаратқаның,
Оның екі қыла ма, сірə, айтқанын?!
Қайсыбірі қағазға сыя берер
Баян тағы қылайын бір айтқанын.
 
 
– Ғарышта аяқ басып жүргенімде,
Алладан пырақ келіп мінгенімде,
Келбетті сол жайларда бір үй көрдім,
Балқыды өне бойым көргенімде.
 
 
Сол үйдің іші де асыл, сырты да асыл,
Құбылып көрінеді қызыл-жасыл.
Құдіреттің əр мүлкінде кілт жоқ еді,
Бұл үйде болар ма еді мақсат хасыл?!
 
 
– Кілт болса, ішін ашып көрейін, –  деп,
– Бұл үйде не бар-жоқ, білейін, –  деп.
– «Ла-ила-Алла, хақ Мұхаммед!», –
– Ашылар бұл, калиманы айтсаңыз көп.
 
 
Есітіп бұ калламды ауызға алдым,
Ашылды есік, есіктен көзім салдым.
Қарасам, үйдің іші жойқын дария,
– Иа, раббы, бұл қалай? –  деп ғажаптандым.
 
 
Дүниеден үлкендігі – жетпіс есе,
Қанарсың ішсең сонан жалғыз кесе.
Құдайдың құдіретіне ғашық болып,
Күнəкар болып қалар пəлен десе.
 
 
Ішінде сол дарияның жалғыз ағаш,
Бұтағы, миуасы жоқ, жап-жалаңаш.
Басында сол ағаштың бір құс отыр,
Не торғай, не жарқанат, не қарлығаш.
 
 
Ол құстың аузында бар зəрре тозаң,
Шөп шықпас тақыр жерге ащы бозаң.
Дария үлкен бе, иа ағаш, иа құс зор ма,
Тозаң ба? – үлкендігін хатқа сызам.
 
 
– Мұхаммед, не тамаша көрдің мұнан?
Рахматым дария емес пе мынау тұрған?!
Дүние дүр: алды-арты жоқ жалғыз ағаш,
Барлығы үмбетіңнің бір құс болған.
 
 
Енді барлық күнəсы тозаңдай-ды,
Əр нəрсе бұйырғаннан оза алмайды,
Қайсысы көп: рақмет пе, иа күнə ма, –
Енді ақылшы бұл жерге сөз аңдайды.
 
 
– Дария рақмет болғанда, дүние – ағаш,
Үмбет бір құс мысалы – тұрған жанас,
Бір зəрредей болса күнə,
Көрген соң көп рақметті қарыным аш.
 
 
– Аңдағыл, иа, Мұхаммед, мұны, –  депті,
– Жаралған бар мүлкімнен рақмет көп-ті.
«Ла, илаһа, ила ила Алла!» – деген жанды
Махшарда жанған отқа салман» – депті.
 
 
– Бес намаз, ораза бар зекет пен қажы,
Оқырсың өзің үшін нəпіл намаз.
Кəлəм бар, неше түрлі аят ахпар,
Үмбетке мирас болсын, қағазға жаз!
 
 
Аралап сегіз ұжмақ бəрін көрген,
Біріне көзін салмай, жүре берген.
Хор қызы ғылман ұлан зейнетленіп,
Əрбірі əрбір түрлі түрге кірген.
 
 
Біріне тақсыр Расул көз салмайды,
Менсініп, сірə, тіпті ойға алмайды.
– Бір арыз, тақсыр, сізге айталық біз,