Kitabı oku: «Миғраж», sayfa 3

Yazı tipi:
 
Құданың құдіретіне таяп барды.
 
 
Ғаламның он сегіз мың бəрін басты,
Неше мың мақамлардан жоғары асты.
Мысалы жайдың екі тұтқасындай
Иаки (яки) жақынырақ жақындасты.
 
 
Аят бар: «Шама дана фатад Алла, –
Факана қаб Хусайын ауадна».
«Неміз бар біздің онан əрі барар?!», –
Кітаптың ұқтыр жырын айтып қана.
 
 
Сол жолда бір жолбарыс көрген екен,
Қорыққаннан сақинасын берген екен.
Жерлерге нахият жоқ қадам басып,
Құдайдың қонақ үйіне келген екен.
 
 
Ішінде қонақ үйдің шымылдық бар,
Жаюлы түрлі-түрлі дастарқандар.
«Алтат һиат да ила уал салауат уал тибат» – деп,
Хаққа сəлем берген ай, жаранлар.
 
 
Сəлемін алды Құдай сонда не деп:
– Ассалам ғалайік иа иассһата əл нəби – деп
Тағы да Рахматулла о берекет,
Бəрі де болсын саған есепсіз көп!
 
 
– Алланың бұл сəлемі қиын! –  депті,
– Алмаймын мұны жалғыз өзім! –  депті.
– Ассалам ғалиына иа, Раббым хақ,
Құлдарға ізгі болған болсын! – депті.
 
 
– Жалғыздық – жалғыз Алла, саған жарар,
Ізгі құл пайғамбарға қосақталар.
«Ат қосақсыз жүгірмес» – деген мақал,
Шаһазат берген соған періштелер.
 
 
– Же тағам саған қойған қахир (қаһар) арнап,
Отырған қолын созбай біраз барлап,
Ішінен шымылдықтың бір қол шығып,
Тағамды: «Бисмилла!» – деп, қойды жайлап.
 
 
Майсыз шам жарық болып жағулы тұр,
Табақта күміс қасық малулы тұр.
Манағы жолбарысқа берген жүзік, –
Қараса, əлгі қолда салулы тұр.
 
 
Пайғамбар мұны көріп, ғажапланған,
Əлгі қол тағам жеген дастарқаннан.
– Əмірімді пенделерің алды ма құп,
Деді ме, иа болмаса: «Сөзің жалған?!».
 
 
Сонда не деп пайғамбар жауап айтты:
– Келтірді пенделерің шаһадатты:
– Самиғна уа тағына – деді бəрі,
– Жарылқа күнəларын сен! –  деп айтты.
 
 
Раббана уа ла тахмил ғалайна асран,
Бұрынғы үмбетлерден қылмағыл сен!
Нəрсеге шама келмес сен күштеме,
Бір қажет дəрғаһыңнан сұрайын мен!
 
 
Ғапу қыл, жарылқағыр күнəһымды,
Қабыл қыл дəрғаһыңда бұл сөзімді.
Тозақтың отын сөндір үмбетіме,
Сақтадың оттан нешік Ибраһимді.
 
 
Топанда Нұх нəбиге бердің нажат,
Қыл қабыл, қылса үмбетім көп мінажат.
Үстінен қыл көпірдің кеме бергіл,
Өтегіл егер бізден болса қажет.
 
 
Көк қошқар Смағұлға құрбан бердің,
Жүністі үш зұлматтан қалас қылдың.
Жүсіпке құдық түбін бостан қылып,
Ғайсаға «Інжіл» атты (атлы) кітап бердің.
 
 
Мұсаға «Таурат» бердің, маған қайда,
Билеттің жел мен суды Сүлейменге.
Дəуітке «Забур» бердің – үлкен кітап,
Аюпқа саламатлық қылдың пайда.
 
 
Адамға ғылым, жаннат, аят бердің,
Қызырға өлмес абыхаят бердің.
Не бердің маған сондай, иа иллаһим,
Қарным аш, дəрғаһыңа тоймай келдім!
 
 
– Адамға жаннат берсем, шығардым тез,
Бір ауыз үмбетіңе демеймін сөз.
Үмбетің күнə қылса кең дүниеде,
Кешіріп біз ұжмаққа енгізерміз.
 
 
Жоқ қылсам Ибраһимге намард отын,
Үмбетіңе сөндіремін тозақ отын.
Смағүл өкшесінен шықса зəмзəм,
Үмбетке кəусар берген – құдіретім.
 
 
Көк қошқар Смағұлға берген болсам,
Бір қошқармен ажалдан мен құтқарсам,
Үмбетіңнің жолына пида қылып,
Жөйт пен насараны құрбан қылсам.
 
 
Жүністі мен сақтасам үш зұлматтан,
Балықта, иа қараңғы түнде жатқан.
Үш жерде үмбетіңді сақтайын да:
Қабірде, қияметте һəм сираттан.
 
 
Мұсаға мен сөйлессем Тұр тауында,
Сенімен мен сөйлестім Нұр тауында.
Таурат үшін Аятыл, Күрсі бердім,
Оқыса пайда болар көп қауымға.
 
 
Нұхқа кеме берсем топан суда,